1-міндет. Ядроны итеру техникасымен таныстыру. Ядроны итеру техникасы түсіндіру және көрсету әдістерімен іске асады. Сонымен бірге жарыстың ережелері және снарядтың салмағы, формасы туралы мәліметтермен қоса қозғалыстардың реті қысқаша түсіндіріледі. Техниканың көрсетілімі оқытушымен немесе техникамен шұғылданушымен, оны жақсы меңгерген тұлғамен жүзеге асырылады. Одан басқа көрнекі құралдар, кинограммалар, плакаттар мен бейнефильмдер қолданылады.
2-міндет. Ядроны ұстауға және итеруге үйрету. Ядроны тікелей итеруге оқытуды оны ұстаудан және қорытынды күштен–итеруден бастаған жөн. Ядроны ұстауды көрсетіп түсіндіргеннен кейін үйренушілердің оны орындау дұрыстығы тексеріледі. Ядро иық алдында вертикальді күйде саусақтардың арасына орналастырады. Осы тапсырманы шешу үшін келесі жаттығуларды ұсынамыз:
- қолдан қолға ядроны лақтыру;
- ядроны кішігірім биіктікке жоғарыға лақтырып,қағып алу;
- ядроны алға — жоғарыға және алға – төменге итеру;
- ядроны түрлі құралдар арқылы итеру.
Осы жаттығуларда ядроны итеру жартылай қырындап тұру күйінен итеру бағытына қарай орындалады. Сонымен бірге, қолдар мен денені бір уақытта тіктеп, аяқтарды бүгіп ядроны дұрыс ұстауды қадағалау керек.
3-міндет. Орында тұрып ядроны итеру техникасына оқыту. Орында тұрып ядроны итеруді игеру үшін лақтырудың бағытына бетпе-бет, содан кейін қырымен тұрып, бірақ иықпен белдің алдын ала оңға бұрылып бастауға болады. Осы жаттығулар лақтырудың бағытына арқасын беріп тұрып, бастапқы күйден итеруге ауысу болып табылады. Сонымен бірге аяқтар сәл бүгілген, сол аяқ алда, дене салмағы сәйкесінше тізеде бүгілген оң аяқта. Сол аяқтың табаны сәл ғана ішке бұрылған. Итеру сол аяқты құмға қоюдан басталады. Орында тұрып ядроны итеру техникасын игеру үшін қосымша жаттығулар болып түрлі бастапқы күйден бір және екі қолмен толтырылған доптарды итеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |