Реферат тақырыбы: Жер мониторингі Орындаған: Хабдалхан Шолпан бждк-214 тобының студенті Қабылдаған: Толықбаева Айжан



бет3/4
Дата28.01.2022
өлшемі28,82 Kb.
#24475
түріРеферат
1   2   3   4
2.2. Жер мониторингін жүргізу

Қоршаған ортаның барлық компоненттерінің ластануын, сонымен қатар биосфера күйі жайлы ақпараттың қажеттілігі қоршаған ортадағы ластаушы заттардың концентрацияларын үздіксіз бақылауды, яғни мониторингі, оның ішінде жер мониторингін талап етеді. Шешім қабылдау үшін жер қорының күйі жайлы дәл және жаңартылып отыратын мәліметтерге талдау жасалынуы қажет, яғни қоршаған ортаны, алдымен оның басты объекті жерді жүйелік кешенді бақылау жүргізу керек.

Жер мониторингін жүргізудің мерзімдері мен кезеңділігіне қарай жердің жай-күйін бақылаудың мынадай:

      • базалық (бастапқы жер мониторингін жүргізуді бастау сәтіндегі бақылау объектілерінің жай-күйін тіркейтін);

      • жедел (ағымдағы өзгерістерді тіркейтін);

      • кезеңдік (бір және одан көп жылдан кейін) түрлері жүзеге асырылады.


Мониторингті жүргізу уақытында келесі мәселелер шешіледі:
- жер күйінің өзгеруін уақытында анықтау, оларды бағалау, болжау және қатерлі процестердің салдарын алдын алу жйне жою жайлы ұсыныстарды әзірлеу;

- мемлекеттік жер кадастрын, жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізуді, жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласындағы басқа да функцияларды, жерге орналастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; азаматтарды жер күйі жайлы ақпаратпен қамтамасыз ету.


Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингін үздіксіз жүргізу принципінің маңызы жер қатынастарында, кейбір категориялардың саны мен сапасында, жер қорын таратуы мен құрамында болып жатқан өзгерістерге байланысты мониторинг ақпаратты жүйелік немесе мерзімдік жаңарту арқылы жүргізуде. Жер мониторингін жүргізу кезінде қажетті ақпарат алу үшін алдын ала тексеру, жер бетіндегі байқаулар мен түсірулер, сондай-ақ қор материалдары қолданылады.

Жер мониторингіне арналған ақпарат көздері қызметін жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау материалдары, жүйелі бақылау, түсіру, зерттеу, түгендеу (инвентаризациялау) нәтижелері, мұрағат деректері мен басқа мәліметтер атқарады.


Жер мониторингін жүргізудің негізгі бағыттары

Мониторинг бойынша жұмыстар келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі.


а) ғылыми-әдістемелік

ә) әдістемелік-қолданбалы

б) қолданбалы

в) ақпараттық-техникалық.

Ғылыми-әдістемелік бағытқа стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық алаңдарда топырақ және азықтық алқаптардығы өсімдіктер карталарын жасау және топырақты бонитерлеу үшін методикалық-қолданбалы, қолданбалы, ақпараттық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз ететін топырақ пен өсімдіктерді зерттеу кіреді.
Әдістемелік-қолданбалы бағыт мыналарды қамтиды:
1)топырақ және геоботаникалық зерттеу мен ізденістердің алғашқы 2)материалдарын талдап қорытындылау және жүйеге келтіру;

3)азық алқаптарының топырақтары мен өсімдіктерін топтастыруды әзірлеу;

4)азық алқаптары мен басқа да жерлерді сапалық, экономикалық, экологиялық т.б. бағалау түрлерінің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу;

Қолданбалы бағытқа мыналар кіреді:


• картографиялық материалдарды қайта тексеру мен дұрыстау және жер пайдаланушыларға жердің сапасын, ауданын күйін көрсетіп тиісті карталарды беру;

• геоботаникалық және топырақ зерттеулері мен ізденістердің материалдарын талдау;

• әрі қарай бақылау үшін аймақтық және облыстық карталарды құрастыру;

жер қорын тиімді пайдалану жайлы ұсыныстар беру үшін жердің күйі мен сапасының өзгеруін бақылау нәтижелері бойынша жер кадастрын нақты мәліметтермен ақпараттық қамтамасыздандыру;

• жерді орынсыз пайдаланғаны үшін жазалау шараларын қолдану бойынша түрлі органдарға ұсыныстарды әзірлеу және беру;
Ақпараттық-техникалық бағыты:

~ мониторингтің автоматтандырылған базасын құру;

~ бағдарламаларды әзірлеу;

~ ақпаратты қабылдау, талдау және оны сақтау мақсатында ҚР-ғы жер мониторингі бойынша мәліметтерді өңдеу және жүйеге келтіру.


Жер мониторингін жүргізу кезінде ақпаратты алу жолдары:

дистанциондық зондтау;

– жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар;

– мәліметтер қорын пайдалану.


Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингін жүргізу мақсаты – табиғатты қорғау іс-әрекеті және экологиялық қауіпсіздікті басқару ақпаратты қамтамасыз ету. Жер мониторингін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді. Жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
Жер мониторингі:
1) топырақ құнарлылығының өзгеруіне (шөлейттену, су және жел эрозиясының дамуы, топырақтың қарашіріксізденуі, қоректендіру элементтерінің төмендеуі, тұздану, батпақтану, артық ылғалдану және су басу);
2) табиғи азықтық алқаптардың өсімдік қабаты жай-күйінің өзгеруіне байланысты процестер байқалған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде басым тәртіппен жүзеге асырылады.
Жер мониторингі:
- жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді (қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;

- жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу;

- жердің құнарлылығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

- белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай-күйін болжауды әзірлеу;

- жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.
Жер мониторингінің деректерін пайдалану қағаз немесе магниттік жеткізгіштермен стандартты ресімделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды алу, сондай-ақ техникалық телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы деректер банкіне тікелей рұқсат етілген кіру нысанында жүзеге асырылады.
Жер мониторингінің мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын деректері жалпыға қол жетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі.
Жер мониторингінің деректерін мемлекеттік органдарға беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет