Қорытынды
Қорыта келгенде, жер мониторингі деп болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу максатында жургізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық (бастапқы), жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.
Жер мониторингiнiң мiндеттерi: жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы. Астана, Ақорда, 2013 жылғы мамырдың 30-ы. No 577 (2013). Retrieved from http://astanasolar.kz/sites/default/files/koncepciya_po_perehodu_respubliki_kaza hstan_k_zelenoy_ekonomike.pdf
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010148
https://stud.kz/referat/show/16244
https://topreferat.com.kz/ondiris/11664-zher-monitoringi.html
https://official.satbayev.university/download/document/10310/%D0%90%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%B1%D0%B5%D0%BA%20%D0%A2%D0%BE%D0%BB%D0%B5c%D1%96%D0%BD.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |