Реферат тақырыбы: Жер мониторингі Орындаған: Хабдалхан Шолпан бждк-214 тобының студенті Қабылдаған: Толықбаева Айжан



бет2/4
Дата28.01.2022
өлшемі28,82 Kb.
#24475
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат Жер мониторингі

2.1. Жер мониторингі туралы мәлімет
Жер мониторингі - жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау, болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және теріс процестер салдарларының алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында жер қорының сапалық және сандық жай-күйіне базалық, жедел, кезеңдік байқаулар, оның ішінде жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізілетін байқаулар жүйесі.
Жер мониторингінің құрылымы жердің негізгі нысаналы мақсатымен және аумақтық ауқымымен айқындалады.
Мониторинг жердің нысаналы мақсатының ерекшелігі ескеріле отырып жүргізіледі және жердің санаттарына сәйкес келетін мынадай кіші жүйелерге бөлінеді:

      ~ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мониторингі;

      ~ елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елдi мекендер) жерлері мониторингі;

      ~ өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер мониторингі;

      ~ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер мониторингі;

      ~ орман қоры жерлері мониторингі;

      ~ су қоры жерлері мониторингі;

      ~ босалқы жерлері мониторингі.

Жер мониторингі жер ресурстарын басқарудың жалпы жүйесіне кіреді. Бұл жүйе келесі бір-бірімен байланысты блоктарды қамтиды: жерге орналастыру, жер кадастры, ізденістер, мониторинг, геоақпараттық-техникалық блогы.
Ал жер мониторингі болса үш өзара байланысты блоктардан тұрады:

Биосфералық (жаһанды)

Биологиялық (санитарлық)

Геоэкологиялық (табиғи шаруашылық)


Жер мониторингі:

* жүйелі байқауларды, іздестірулерді, суретке түсірулерді, тексерулерді (қайта тексерулерді және түзетулерді) орындау;

* жердің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізу;

* жердің құнарлылығына антропогенді әсер етуді реттеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

* белгілі бір уақыт кезеңінде жердің сапалық жай-күйін болжауды әзірлеу;

* жер туралы деректер банкін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды қамтиды.

Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады. Жер мониторингін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының барлық аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.

Жердің жай-күйін бағалау жүргізілетін байқауларды (кезеңдік, маусымдық, тәуліктік) талдау, алынған көрсеткіштерді нормативтермен салыстырғандағы өзгерістердің бағыттылығы мен қарқындылығын зерделеу арқылы орындалады. Жердің жай-күйін бағалаудың нәтижелері бойынша оларға өзгерістердің дамуының, ерекше жағдайда жағымсыз сипаты бар серпінін, бағытталуын және қарқындылығын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса беріле отырып, жедел мәліметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады. Жер мониторингін жүргізу республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жер мониторингінің нәтижелері қағаз жеткізгіштермен де, ақпаратты электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерін пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрінде ресімделеді.

Жер мониторингі жөніндегі құжаттамалар базалық және есептік құжаттарды қамтиды.

      Базалық құжаттарда өңірлік объектінің немесе жер учаскесінің бастапқы (аялық) жай-күйі тіркеледі. Базалық құжаттарға жердің жай-күйінің бастапқы тақырыптық карталары, картографиялық материалдар және жердің сапалық жай-күйі туралы жиналған мәліметтер жатады. Бірізділендірілген нысандар, оларда жердің жай-күйінің тіркелген өзгерісі көрсетілген кестелер есептік құжаттар болып табылады.

Жер мониторингі жөніндегі деректерді пайдаланушылар:



  • аумақтардың дамуын жоспарлау, жерді аймаққа бөлу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, қала құрылысы кадастры мәселелері, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттік, жергілікті атқарушы және өкілді органдар;

  • қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу, табиғи ресурстардың пайдаланылуына және қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізу мәселелері, мемлекеттік органдар арасында табиғат қорғау іс-шараларын әзірлеу бойынша жиынтық деректер банкін жүргізу үшін - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық орган;

      өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет