2.1 Жерді пайдаланудың және қорғауды мемлекеттік бақылау Мемлекеттік бақылау бұл жерді ұтымды пайдалану мен жерді қорғау
мақсатындағы жер заңнамасын орындауға бағытталаған шаралар жүйесі.
Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз - топырақты сақтауды, өсімдік пен
жануарлар дүниесін ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді, қоршаған ортаға әсер ететін кері процестерді шектеуді көздейтін жүйе.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау, ҚР-ның Конституциясында, Жер кодексінде және нормативтік актілерде белгілеген ережелерге сәйкес мемлекеттік органдардын, жеке, занды және лауазымды тұлғалардың ҚР жер заңнамасын орындаулы ҚР заңнамасың бұзышуларын табуды және жоюды азаматтар мен занды тұлғалардың бұзылған құқындарына калпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерін сақтауды, жер кадастрын жүргізу мен жерге орналастырудың дұрыстығы және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауды камтамасыз ету мақсатынды жүзеге асырылады.
Жерді қорғау міндеттері - меншік иесі және жер пайдаланушылары жердің құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, кұрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялык, радиоактивті және басқа да зиянды затттармен ластанудан, а/ш-ғы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан қорғауға, жерді
сақтау мен пайдалануға бағытталған іс шаралар жүргізу жүйесі.
Мемлекеттік бақылау объектісі - ҚР-ның барлық жер қоры болып табылады.
Мемлекеттік бақылау жерді қорға ұтымды пайдалануға ғана бағытталмай, сонымен қатар өндіріс орындар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын жерді ұтымсызпайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартады, және жеке тұлғаларға берілген жер учаскелерді пайдалану тәртібін бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартады.
Бақылауды жүргізетін органдарға байланысты бақылау екі түрге бөлінеді:
Мемлекеттік
Қоғамдық
Мемлекеттік бақылау өкіметпен басқарудың мемлекеттік атқарушы
органдарымен, заңдардың орындалуын бақылайтын арнаулы бақылау
органдарымен, және арнайы ведомстволық қызметтердің органдарымен
жүргізіледі.
Қоғамдық бақылау, әдеттегідей, қоғамдық бастамада белгілі тұлғалардың олардың негізгі жұмыс міндеттерін орындаудан тыс қосымша жүктемесі ретінде жүргізіледі. Бұл ретте құқықтық салдарлар екі жағдайда да бірдей орындалуға міндетті.
Бақылау келесі кезендерден тұрады:
- Камералдык дайындық жұмыстары,
- далалық жұмыстары,
-далалык зерттеулер,
- бакылау нәтижелерін безендіру.
Камералдык дайындык кезінде: жердің құқықтық шаруашылық жай-күйі
туралы, оның сапасы мақсатты тағайындалуы және т.б, барлык керекті
құжаттар мен материалдарды жинақтайды.
Жұмыс мазмұнына байланысты, сонымен қатар қойылып отырған
мақсаттарға байланысты бақылаудың 3 түрі бар:
1) алдын-ала жүргізілетін бақылау
2) ағымды
3) кейінгі
1)алдын-ала жүргізілетін бақылаудың мысалы ретінде жобалардың
сараптамасын алуға болады, мұндай бақылау түрі кезінде жобалық шешімдердің ғылыми негізделген ұсыныстарға, нормаларға сәйкестігі
каралады.
2)Ағымдағы бақылаудың іс-әрекеттерінің бірі жобаны жүзеге асыруды автоврлық қадағалау және бақылау болып табылады. Жоба қаншалықты сапалы салса да, оны жүзеге асырмау немесе айналадағы табиғи ресурстар үшін де зиянды жағымсыз өзгерістермен іске асыру кезінде, теріс салдардын залалы байқалады. Жобаның жүзеге асырылуын ағымды бақылауға жатқызуға болады.
3) кейінгі бақылауға мынадай іс-әрекеттерді жатқызуға болады:
- жерді пайдалануды талдау:
- кейінгі бақылау берілгендері келесі нәтижелерді жасауга болады.
- Пайдалануылының денгейін;
- Болашақта жерді тиімдірек пайдалануды жоспарлау.
Бакылаудың жүргізу процесінде оларға заңмен берілген құқықтар мен міндеттер шегінде бақылаудың әртүрлі әдістерін қолдана алады. Оларға мыналар жатады:
жер туралы заңнама нормаларынын танаптарын сақтауды тексеру;
ұйымдастырушылық, экономикалық техникалық және құқықтық шаралардын - экологиялық сараптама жүргізудің орындауын тексеру;
зан нормаларын орындамағаны және тиісіниге орындалмағаны туралы ескерту;
мемлекеттік бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды және жүзеге асыруды тексеру;
жерді пайдалануды шектеу, тоқтата туру және тоқтату:
жауаптылыққа тарту және жауапкершілікке тарту үшін және сот органдарына жерге және коршаған ортаға келтірген зиянды отеу туралы талап-арыз беру үшін материалдарды рәсімдеу:
жер заңдарымен және өзге де заңдармен көзделген баска да қызмет турлерін жүзеге асыру.