Реферат тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды талдау


Жерді пайдалану мен қорғау жөнінде нормативті актілер



бет4/7
Дата06.03.2023
өлшемі423,67 Kb.
#71845
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
1.3 Жерді пайдалану мен қорғау жөнінде нормативті актілер

Біздің мемлекетте жер қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен халық шаруашылығында жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жерлерді тозудан және бүлінуден қорғау мақсатында жер-құқықтық режимімен мемлекет пен қоғамның мүдделерін қамтамасыз ететін белгілі жер құқық тәртібі белгіленген.


Осы актілер мемлекеттік еріктің жеткізушілері болып табылады, нормативтік сипаты бар,бірнеше рет қодануға көзделген, және барлык жеке және занды тұлғалармен орындалуға міндетті болып табылады.
Олардын орындалуы мемлекеттік органдармен бақыланады, мемлекет
тарапынан ұйымдастыру және материалдық жағынан, онын ішінде мәжбүрлеумен де қамтамасыз етіледі.
Алайда жер қатынастарын еттейтін құқықтық нормалар және жерді пайдалануды мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы тек жер туралы нормативтік актілерді емес, құқықтың басқа салаларының көздерінде де бар. Жерді пайдалануды мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы қайнардың екі тобымен, зандармен және заңға тәуелді актілермен жүргізіледі.
Тиісті әкімшілік – аумақтык бірліктердің маслихаттары өз кұзіретінің мәселелері бойынша шешімдерді қабылдайды, ал тиісті әкімшіліктердің (әкімдердің) әкімдері - тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің аумағында орындалу міндетті шешімдер мен өкімдерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасына сәйкес келмейтін маслихат шешімдерінің сот тәртібімен күші жойылуы мүмкін. Әкімдер шешімдері мен өкімдерінің күші Қазақстан Республикасының Президентімен, Үкіметімен немесе Жоғары тұрған Әкіммен, сондай ақ, сот тәртібімен жойылуы мүмкін (ҚР Конституциясы, 38-бап).
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері тиісті аумақта барлық жер пайдаланушылармен және жердің меншік иелерімен -занды және жеке тұлғалармен - орындалуға міндетті болады.
Нормативтік маңызы бар ведомстволық актілерге бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, нұсқаулық хаттар, әдістемелік нұсқаулар, ұсынымдар және баска актілер жатады. Олар заңның негізінде және заңды орындау үшін шығарылады. Заң күші бойынша ведомстволық актілер тиісті министрліктің (ведомствоның) жүйесі ішіндегі міндетті және басқа ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер және азаматтар үшін құқықтық қықтық міндеттерді жасайтын болып екіге бөлінеді.
Министрліктің және ведомстволардың нормативтік актілері зандар мен үкімет қаулыларына қатысты бағынысты орын алады, оларда құқықтық нормаларды нақтылайтын және оларды іске асырудың әс жүргізу тәртібін белгілейтін ережелер жасалады.
Жер пайдаланушылармен және жердің меншік иелерімен өздерінің негізгі міндетін - оларға берілген жерді ұтымды және нысаналы пайдалану орныдауда жерге орналастыру маңызды аткарады. Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау жүргізгенде көп колданатын заң актілерінін негізгілері болып:

  1. ҚР Жер кодексі

  2. Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау жүргізу жайлы ережелері

  3. Жер учаскесін берген кезде толтырылған іс-қағаздар

  4. Базалық ставкалар жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет