Жалпы жер заңнамасының барлық бұзушылықтары шартты түрде үш топка бөлуге болады:
заңсыз жер иелену;
жер учаскелерін өз бетімен алып кою;
жерді ұтымды пайдаланудың заң талаптарын бұзу.
Бұзушылықтың бірінші тобына жерге катысты барлық заңсыз жасалған мәмілелер, құзіретті органдармен жерге құқығын тапсырудың және ауысудың тиісті рәсімделмеуі, жер мәселелерін және т.б. шешуде өзінің
кызмет өкілеттіктерін асыра қолдану жатады.
Бұзушылықтық екінші тобына жерге тиісті құқықтарды рәсімдеусіз жер
пайдалану, егер бұл қолданыстағы заңнамасында көзделсе, жатады.
Жер заңамасы бұзушылықтарының үшінші тобына жерлердің құнарлылығын нашарлататын заңсыз іс- әрекеттердің көпшілік саны, олардың нысаналы пайдаланылуы, жобалау пысықтауды сақтамау, жер пайдаланушылар немесе жердің меншік иелері ретінде өздерінің міндеттерін тиісті орындамау жатады.
Жер пайдалану ережесінің бұзушылары лауазымды тұлғалар (кәсіпорындар, ұйымдардың, мекемелердің немесе олардың құрылымдық
Бөлімшелерінің басшылары) да, жеке азаматтар да бола алады.
Азаматтар жер учаскелерін өз бетімен алып кою, арамшөпке қарсы күрес бойынша шара колданбау, егісті таптау және т.б. сиякты бұзулардың субьектілері бола алады. Лауазымды тұлғалар жерлерді бұзу және ластану, шаруашылықта пайдаланбау, су және жел эрозиясына карсы күрес бойынша шара қолданбау, жерлердің қалпына келтірілуін жүргізбеу және т.б. сияқты
бұзулардың субьектілері болып жиі бола алады.
Жер заңамасының ең жиі кездесетін бұзушылықтарын кейбіреулеріне
сипаттама береміз.
Жерді нысаналы пайдаланбау – пайдалануға берілген немесе тапсырылған барлық жер учаскелері қатаң мақсатты пайдаланылуға тиісті. Бұл тек жер пайдаланушыларға катысты болмай, жер жеке меншікке берілгендерге де қатысты болып отыр. Нақты жер учаскесінің нысаналы максаты жер учаскесін берген кезде құзіретті органның шешімінде белгіленген және жерге құқықты куәландыратын құжатта бектілген. Нысаналы максатты жерді берген орган өзгертуі мүмкін. Нысаналы мақсатта өз бетімен өзгерту - заңмен рұқсат берілмеген.
Жерді ұтымсыз пайдалану - яғни, атты жерді дұрыс пайдаланбау, бұл жер құнарлылығын төмендетеді және одан алған өнімді азайтады. Жерді ұтымсыз пайдалануға топырактың жоғарғы құнарлы қабатын алу және оның сапасын нашарлату, жерді кейін калпына келтіру үшін қажетті жағдайда оны тиісті сақтамау жатады.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын сақтамау - белгіленген тәртіпте бектілген тиісті рұқсатсыз ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының болмауы.
Бұл құқық бұзушылықтың субъектілері әрқашан да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары болып табылады. Егер бас агрономның кінәсімен жобаланған ауыспалы егістер сақталмаса, топыракта белгілі қоректік заттар қорының тозуы, дақылдар өнімділігінің азаюы және- жер құнарлылығының төмендетілуі байқалады.
Зандык жауапкершілікке тартудың негізгі құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың құрамы болып табылады: заңға қарсы мінез- құлық іс-әрекет жасау немесе іс-әрекет жасамау), бұл іс-әрекеттің зиянды-нәтижесі, осы іс- әрекетпен пайда болған зиян арасындағы себепті байланыс және бұзушының тікелей кінәсі.
Жерге орналастырушы жер заңнамасының орындалуын бақылай отырып, өзінін байқаулары мен қорытындылары туралы жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға хабарлайды және байқалған құқық бұзушылықтардың мәні, олардың өзге де билік шешімдерді дайындауына қатысады. Құқықтық қорғауға құқық бұзушылықтарды болдырмау, оларды жою, бұзылған құқықты қалпына келтіру бойынша шаралар, сондай ак, заңдық жауапкершілік шаралары енгізіледі.
Ескерту- құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша мемлекеттік
құқық қорғау органдарының іс-әрекеті.
Жолын кесу - бұл құқық бұзушылықты болдырмауға және онын одан әрі жағымсыз дамуын тоқтатуға бағытталған іс- әрекет.
Жер пайдаланудың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру -бұзушылықтардың жағымсыз салдарын жоюға бағытталған іс-әрекет.