Реферат тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды талдау


Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдар



бет3/7
Дата06.03.2023
өлшемі423,67 Kb.
#71845
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Жерді қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдар
Жерді пайдалану корғауға мемлекеттік бақылауды жер ресурстарын баскару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен олардың аумақтық органдары, сондай-ак өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
ЖПМКМБ жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар
болып табылады:
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органі;
- жергілікті атқарушы органдар;
- санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган.
Бұл органдар келесі функцияларды аткарады:

  1. өз құзыретіне сәйкес жерді корғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау;

  2. жердің сапалық жай-күйінің өзгеруінің тексеруді ұйымдастырады;

3) жер заңнамасының бұзылуын тексереді:
4) нормативтік актілерді дайындауға.
5) ЖКмПМБ мемлекеттік органдар релі
Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты ҚР. Жер ресурстарын
баскару жөніндегі агенттігі жүзеге асырады.
Осы органдар мынадай жұмыстар атқарады:
- өз қызметіне сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бакылауды жүзеге асырады;
- жердін сапалы жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптауды
ұйымдастыруды;
- жерді мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жер зандарының бұзғаны үшін жоюға шаралар колданады;
- жерлердің бүлінуіне байланысты сақтап кою ұсыныстарын енгізеді;
- қала құрылысы және жерді қорғау мақсатында салынған объектілерді
қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.
ЖПМҚМБ жүзеге асыру тәртібін ҚР-нің Үкіметі белгілейді.
Ведометвалық және өндірістік бақылау органдары:
Жер пайдаланушылар болып табылатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жатады. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы заңында» көзделіп өткен.
Бақылаудың бұл түрлері ортаның уәкілетті органдарынын немесе ұйымдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілеттілікке және мемлекеттік органдармен келісуі нәтижесінде бекіткен осы бақылаулар жөнінде ережелердің негізінде жүзеге асырылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындагы өндірістік бақылау ережесі ҚР Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 11 наурызындағы № 50 - 6 бұйрығымен бекітілген.
Қоғамдык орган: ҚР-нің Сауда және индустрия министірлігі өнеркәсіпті, сауданы, кұрлысты, стандарттауды, қорғаныс тапсырыстарын орланастыру және орындау, сонымен қатар оларды жүзеге асырады бақылау санасындағы мемлкеттік саясатты жүзеге асыруды жетекшілікті жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
ЖҚМПМБ төмендегі мемлекеттік органдармен жүргізіледі:
1) Әкімшілік:
2) Соттык;
3) Прокуратура;
4) Ведомстволық және арнайы.
Әкімшілік органдарға: арнайы органдар және заңды жүйелерді жүзеге асыратын өкілді органдар жатады.
Ал Үкімет заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік меншікті, оның ішінде табиғи ресурстарын да басқаруды ұйымдастырады, сондай ақ, министрліктердін, мемкомитеттердің және басқа да орталық және жергілікті органдардын қызметіне жетекшілік етеді.
Жергілікті мемлекеттік басқару тиісті аумақтағы жағдайға жауапты болатын жергілікті өкілді және атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Жергілікті өкілді органдар - облыстардын, аудандардың, қалалардың және т.б. Әкімдері басқарады. Олар тиісті облыстардың, аудандардың, калалардын және мұқтаждықтарымен бірге жалпы мемлекеттік атқарушы өкіметтің жургізілуін қамтамасыз етеді.
Сот өкіметі сот өндірісінің азаматтық, қылмыстық және өзге де занды нысандары арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттің сот жүйесіне: Қазақстан Республикасының Жоғарға соты және жергілікті соттар (облыстық, аудандык, калалык) кіреді.(ҚР Конституциясы 75- бап). Өрт өкіметі Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады және оның өз кұзіреті шегінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және занды мүдделерін қорғауға Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік халықаралық келісім - шарттардың орындалыуын камтамасыз етуге құқығы бар.(ҚР Конституциясы 76-бап) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ең жоғарғы соторганы болып табылады.
Прокуратура мемлекет атынан Республика аймағында зандарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және өзге де нормативті құқықтық актілерді нақты және бірыңғай қоданылуына, жедел іздестіру кызметінің, әкімшілік және атқару өндірісінің заңдылығына жоғары кадағалау жүргізеді.
Жерлерді пайдалану мен қорғаудын мемлекеттік бақылауын жүзеге асыратын ведомстволық және арнаулы органдарға табиғатты қорғау женіндегі органдар және жерге орналастыру қызметі жатады.
Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау жөніндегі органдардың жүйесі Экология және биоресурстар министрлігімен, экология биоресурстардын облыстық және аудандық басқармаларымен ұсынылған.
Бұл органдар бүкіл табиғи ресурстарға және олардың пайдаланылуына зерттеу жүргізіп, бақылау жасайды. Айыптыларды жауапкершілікке тартады. Табиғатты қорғау мақсатындағы әртүрлі қоғамдық ұйымдар оларға үлкен көмек көрсетеді.
Қазакстан Республикасының Су ресурстары комитеті және оның бөлемшелері орындарда:

  • ұйымдармен суды қорғау және суды қорғау аумақтары мен

алаптарында жерлерді тиімді пайдалану іс - шараларын, сондай ақ судың (су тасқыны, судың жағадан жайылуы, жағалаудың бұзылуы және баска құбылыстар) зиянды ықпалына қарсы күрес жөніндегі іс шараларды орындау;

  • суды қорғау аймактары мен алаптарының жерлерін пайдалану режимін, сондай ак су жинағыштарда суды қорғау режимін сақтау;

  • гидротехникалық жұмыстарды өз бетімен өңдеуге, кәсіпорындарды, ғимараттарды және су объектілерінің, суды қорғау аймақтарының жағдайына ықпал тигізетін басқа да объектілерді салуға жол бермеу саласында мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Сонымен бірге министрліктердің және ведомстволардын, олардың ведомстволық қарауындағы кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен белгіленген тәртіптегі жер пайдаланудың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершілік алынбайды.
Жерге орналастыру қызметіне олардың заңнамалық, атқарушы органдарымен бірге:
- жер учаскелерінің меншік құқығына, барлық жер пайдаланушылары мен жердің меншік иелерінде тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығына кужаттардың болуын тексеру;
- жерлерге, оларды пайдаланудың нақты жағдайын анықтау үшін, зерттеу жүргізу;
-жерлерді беру және қайта бөлу бойынша төмен тұрған мемлекеттік органдардын кызметін тексеру және бағыттау;
- жерлерді пайдалану ережесінін және жер заңнамасының бұзушылықтарын айқындау және жою;
- жер заңнамасын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту құқығы берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет