Реферат тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды талдау



бет6/7
Дата06.03.2023
өлшемі423,67 Kb.
#71845
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
1.5 Жер заңдарын бұзу түрлері
Қолданыстағы жер заңнамасын бұзғаны үшін айыпты лауазымды тұлғалар және азаматтар жауакершіліктің мынадай түрлеріне тартылуы мүмкін:
- тәртіптік,
- материалдык (азаматтық - құқықтық);
- жер-құқықтық;
- әкімшілік;
- қылмыстық.
Тәртіптік жауапкершілік белгілі бір тұлғамен жерді ұтымды пайдаланумен және корғаумен байланысты еңбекті міндеттерді орындамау үшін түседі.
Зиян обьективті болатын факт, ол тұлға үшін қолайсыз, теріс салдарларда байқалады. Зиянды ақшалай көрсету шығын болып табылады.
Құқық бұзушы жер пайдаланушыға немесе жердін меншік иесіне
келтірілген барлық шығындарды өтеуге міндетті.
Жер-құқықтық жауапкершілік спецификалық түрі болып табылады, ол құқығынан айырудан, яғни, заңсыз іс-әрекеттерді жасаумен байланысты азаматтың немесе заңды тұлғаның жер учаскесін еріксіз алып коюдан тұрады. Мәселен, жерді пайдалану ережесін жүйелі түрде бұзған жағдайда, жер пайдаушыдан дұрыс пайдаланылмайтын жер учаскелері алып койылуы мүмкін.
Жерді ұтымды және нысаналы пайдалану ережесін бұза отырып пайдаланылатын жер учаскесін алып қою туралы талап (ауыл шаруашылық өндіріс пен тұрғын үй және өзге құрылыстан басқа) талап қоюға дейін кем дегенде үш айдан бұрын жасалған жер заңнамасының бұзушылықтарын жою қажеттілігі туралы жер пайдаланушының жазбаша ескертуінен кейін және осы мерзімде жер пайдаланушы учаскені пайдаланған кезде бұзушылықтарды жоймаған жағдайда ғана қойылуы мүмкін.
Учаскені алып қойған кезде сот шешімімен жер пайдалану құқығы ашық сауда-саттықта сатылады, ал саудадан түскен акша, учаскені алып кою бойынша шығындарды алып тастаумен бұрынғы жер пайдаланушыға теленеді.
Жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жазалардың шаралары: ескерту, айыппұл, жер учаскеін алып кою немесе жер құқығынан айыру, кызметтін белгілі бір түріне лицензиясынан айыру, әкімшілік тыйыс салу болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін азаматтарға салынатын айыппұл, әдеттегідей, 20 айлық есептік көрсеткіштен, ал лауазымды тұлғаларға -осындайдың 50 көрсеткіштен аспауы керек.
Әкімшілік құқық зушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін жағдайларға: айыптының шын көңілден өкінуі, айыптымен құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болдырмау, зиянды өз еркімен өтеу немесе келтірілген зиянды жою, кәмелеттік жасқа толғандармен немесе екі қабат әйелдермен және т.б. құқық бұзушылықты жасау жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән - жайларға мыналар жатады: уәкілетті тұлғалардың оны токтату талабына қарамастан, заңсыз мінез -құлықты жалғастыру; әкімшілік жазаға ұшыраған бір жыл ішінде қайтадан біркелкі құқық бұзушылықты жасау; бұрын қылмыс жасаған тұлғамен құқық бұзушылық жасау; тұлғалар тобымен құқық бұзушылық жасау; дүлей апат немесе төтенше жағдайларда, немесе масандык күйінде құқық бұзушылық жасау.
Қылмыстық жаза жіберілген салақтық үшін, яғни, лауазымды тұлғаларға ұқыпсыз немесе жосықсыз болу салдарынан, егер де осы кезде біруге манызды зиян келтірсе, олармен өз міндеттерін тиісті орындамау немесе орындамау үшін қолданылуы мүмкін.
Жерді өз бетімен басып алу (немесе өз бетімен алып қою) жағдайы болса, халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіріледі. Бұл ретте мемлекет меншігі мен мүддесі құқығына қол сұғушылық пайда болады және жер байлығының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етілуіне іріткі салынады, жер пайдаланудың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасалынады.
Қылмыстық жазалардың түрлері 25 мыңнан 20 мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегіні айыппұл;
Қоғамдық жұмыстарға қатыстыру;
Белгілі лауазымды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыру;
Бас бостандығынан шегу;
Бас бостандығынан айыру болып бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет