III Қорытынды Мемлекеттік инспектор жер заңдарының бұзушылығын жойылғанын тексереді және жерге орналастыру қызметінің адамдарымен істелген нұскауларды азаматтармен, кәсіпорындармен, ұйымдармен орындалғанын тексереді.
Жер заңын орындалуы туралы тексеру кітабын мемлекеттік инспектор жүргізеді. Бұл кітапта әкімшілік аудандар, калалар, облыстар, республикада тексеру жүргізілген территориялардың жұмыстары тіркеледі.
Бұл тіркелген тізімдер айлық және кварталдық соңынан қатар желтоқсан айындагы курылатын жылдык есептерді (отчет) кұру кезінде кажет.
Жерді пайдалану және қорғау мемлекеттік бақылаудың барлық мәліметттері (жер заңын бұзғаны үшін акт, хаттам, айыппұл салу туралы қаулы, сот органдарына жауапқа тарту туралы мәліметтер) арнайы іске тігіледі, содан кейін 10 жыл бойы сақталады.
Жер заңын орындалуы туралы тексеру кітабының жазуларынын негізі бойынша, ауданның мемлекеттік инспекторы жылына 1 рет келесі жылдың 1 қаңтарына қарай отчет құрастырады, ол отчет 15 қаңтардан кешіктірмей облыстык инспекторына беріледі.
Мемлекеттік бақылаудың нeriзгi мақсаты — жер пайдаланудың және меншік құқықтарының барлық субъектілерінің жерді қорғауына және тиімді пайдалануына қол жеткізу.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерде ЖҚПМБ-ның жүргізілетін мемлекеттік органдар және жер заңдарын бұзу түрлері туралы айтылып кетті және де іске асыру шаралары туралы да айтылған. Тағыда қосалқы Жер кодексындағы баптарына сәкес ЖҚПМБ-ны іске асыратын адамдарды, жәнеде мемлекеттік бақылауды жүргізетін органдардың функциялары туралы білдім. Міне осы мәліметтерді қорта келе ойда сұрақ туады «мемлекеттік бақылау не үшін керек,неліктен ол маңызды?». Әрине ол не үшін керек екен деген сұраққа жауап табылған,бірақ неліктен ол маңызды?
Өзіміз білетіндей кәзіргі уақытта біз әрқайсымыз жер пайдаланушымыз немесе болашақ жер пайдаланушымыз. Мысалыға егер мен жер пайдаланушы болып өзіме жерді үй салуға алып бірақ,ол жерді қоқыс немесе өндіріс қалдықтарын тастайтын болсам мен тек жер кодексін емес сонымен қоса ҚР-ның Экологиялық кодексін бұзушы болып шығамын,кейіннен әкімшілік жауапқа тартылу мүмкін болады. Өйткені мен бұл ісіммен мен тек топыраққа емес,яғни жерге, сонымен қоса экологияга зардап тигізіп отырмын.
Міне сол себептен мемлекеттік бақылау керек осындай жағдайларды шектеу үшін. Әрине МБ тек жерді ластаушы адамдармен шектеліп қоймайды. Өзімізге де мәлім жер пайдаланушылар өз еріктерімен белгіленген жерден тыс жерлерді өз меншігі қылып алатындығын. Міне осындай мәселерді болдырмауда мемлекеттік бақылаудың маңызы зор.
IV Пайдаланған әдебиеттер Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
Қ.Бекішевтің Жасыл желекті тиімді пайдаланайық атты мақаласы
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж.
Қ.Жұманазаров, Ә.Кенжебаев. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау: Оқу құралы – астана, 2008ж – 164б.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР-ның кодексі- Алматы: ЮРИСТ, 2011