Реферат тақырыбы: Жерге орналастыру түрлері Орындаған: Сартай Асылзат Тобы: 21-13 Тексерген : Жантуева Ш



Дата17.11.2022
өлшемі34,88 Kb.
#50892
түріРеферат
Байланысты:
жантуева ш


"Қазақ Ұлттық Аграрлық зерттеу университеті "

«Жер,су және орман ресурстары» кафедрасы


Пән: Жерге орналастрыуды жобалау

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жерге орналастыру түрлері

Орындаған:Сартай Асылзат


Тобы:21-13
Тексерген :Жантуева Ш


Жерге орналастыру түрлері
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру – мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады
Өткен онжылдықтағы жерге орналастыру, көпжылдық экономиканың негізі ретінде жерге шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылып келді.
Қоғамның құрылысты түбегейлі өзгерту жөніндегі қайта құру процестері, халық шаруашылығының бүкіл салаларында, соның ішінде аграрлық экономикада, жер қатынастарында кең орын алды. Олар бірнеше кезеңде өрбіді. Бірінші кезеңге 90-жылдардың басында Ркспубликаның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 17 қарашасында қабылданған Жер Кодексі негізінде орын алған өзгерістер жатады. Аталған құжатта алғашқы рет жаңа шаруашылық құрылымдардың ШФҚ дың, кооперативтердің, ЖМШ–ның даму және басқа да жаңашылдықтар назарға алынады.
Екінші кезең, 1994 жылы ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеу және жетілдіру туралы екі жарлығымен, жер пайдалану құқығы жөніндегі келісім – шарттарды жасасуды заңдастырумен баланысты.
Жерге орналастырудың үшінші кезеңі, жер жеке меншігі танылған жаңа Конституция (30.08.1995ж.) мен заң күші бар Президент Жарлығының қабуылдануынан кейін басталады. Қазіргі жерге орналастырудың төртінші кезеңі жаңа жер заңдарына негізделеді, бірақ, 24.01.2001 жылғы жер заңы уақыт талаптарына сай болмай шықты. Сондықтан жақын болашақта жерге орналастырудың дамуын жаңа Жер Кодексімен байланыстырған жөн. Соңғысы Ел басының Жолдауында (2002ж.) көрсетілген міндеттерге сәйкес дайындалған.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс шаралар көрсетілген. Бұл бағыттар жерге орналастырудың басты міндетін –ғылыми тұрғыдан негізделеген , экологиялық –экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер падалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсартуға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер− жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру өкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік− экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырылғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.
Өндірістің , әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру− жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылщаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.
Ауылшаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсаттына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдылықтарымен себептеледі және мынандайларға саяды:

  • Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;

  • Жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;

  • Жердің ұтымды пайдалануын және қорғалауын ұйымдастыру;

  • Топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны және сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;

  • Жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.

Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс−қимылдарын қамтиды:

    1. Республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын(жобалау), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу:

    2. Жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;

    3. Елді мекендердің шекараларын( шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер пайдаланушылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;

    4. Әкімшілік− территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және де басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін  жер бетінде көрсету;

    5. Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;

    6. Жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

    7. Топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, гео−ботаникалық және басқа зеттеулер−іздестіру жұмыстарын орындау:

    8. Жер кадастры мен мониторингін жүргізу:

    9. Жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;

    10. Жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру−техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарын мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес мақсаттағы жаңа және бұрыннан бар жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелеген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс−қимылдар да жерге орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.
Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың және шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялық пайдалану тиімділігін жоғарылатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.
Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.
Заң бойынша жерге орналастыру іс−қимылдарына әкімшілік–территориялық құрылымдардың(облыстардың, аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демокрациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі шараушылық жерге орналастыру және ауыл шаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады.Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылудың нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі.
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барсында жекеіс−қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен инвентаризация(жерді түгендеужүргізіледі.Бұның нәтижесінде арнайы 
жер қорын қалыптастыру қажетті жер учаскелері де анықталып отырады. Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа аптропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау(қалпына келтіру) жобалары жасалады.
Жерге орналастыру іс−қимылдарына осылармен бірге топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады.
Жерге орналастырудың негізгі міндеті−ғылыми−техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштердің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «0 земле» Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 22 декабря 1995г., №2718. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов//. – Алматы: Жети жаргы,1998.-С.7-77.


2. Архипов И. Г. Земельное право Республики Казахстан. – Алматы,Борки, 1997.
3. ҚР жер кодексі, 2003.
4. Волков С.Н., Хлыстун В.Н., Улюкаев В.Х. Основы землепользования. Уч. Пособие. – М., Колос, 1992.
5. Дегтярев И.В. Земельный кадастр. – М.: Колос, 1979.
6. 3емельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов (с комментариями)// - Алматы: Жети жаргы,1998.
7. Землеустройство и земельные отношение. //СБ. Нормативныхактов// – Алматы: Каржы-каражат, 1996. – С. 3.
8. Николенко Г.С. Экономическая оценка земли. – А-Ата., Кайнар, 1968.
9. Порядок ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан. . //Сб. нормативно-правовых актов. – Алматы: Жети жаргы, 1998. – С. 139-152.
10. Порядок залога земельных участков и прав землепользования в обеспечение ипотечных кредитов. Земельное законодательство Республики Казахстан. //Сб. нормативно-правовых актов. – Жети жаргы, 1998. – С. 153-156.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет