Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
– мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір тұтастығын іске асырады;
– денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;
– организмді сыртқы ортамен байланыстырады;
– сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;
-денедегі барлық клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тіршілігін қамтамасыз етеді.
1.1.Жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы. Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. нейрология; нейрон — жүйке, жүйке жасушасы; логос — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесінің негізгі қызметі – тітіркендіргіштерді анықтап, оған жауап қайтаруды үйлестіру. Тітіркендіргіштер шу немесе иіс сияқты сыртқы және дене температурасы секілді ішкі болып бөлінеді. Жүйке жүйесіне ми кіретіндіктен, ол жауапты үйлестіруге көмектесу үшін бұған дейін жиналған білім мен тәжірибені қолданады. Тек жануарлардың ғана жүйке жүйесі болады, бұл оларға қауіп-қатерге және мүмкіндіктерге тез жауап беруге мүмкіндік береді.Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) және перифериялық жүйке жүйесі (ПЖЖ) болып бөлінеді. ОЖЖ мидан және арқадан тұрады. Орталық жүйке жүйесінің ішкі және сыртқы жүйкелері ПЖЖ-ні құрайды. Миға кіретін және шығатын жүйкелер бас сүйегі жүйкелері деп, ал арқаға келетін жүйкелерді жұлын деп атайды. Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасушасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.Осы тұста тағы бір айтылып кететін нейрон түрі бар.Ол- эффекторлық нейрон. Эффекторлық нейрон - нейрондардың өзі. Ашық эффекторлық доғамен қатар ағзаларды орталықпен кері байланыстыратын тұйық шеңберлі рефлекс тізбектері болып саналады.