Реферат тақырыбы: «Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сейдуалиқызы О


Жұмыс уақыты және оны ұйымдастыру



бет2/7
Дата27.07.2023
өлшемі50,26 Kb.
#104840
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат

1. Жұмыс уақыты және оны ұйымдастыру
Жұмыс уақыты деп адамның өндірістік қызметіне байланысты міндеттерін атқару үшін ұйымдастырылған еңбек процестеріне қатысу ұзақтығын айтады. Жұмыс уақыты жұмыстың орындалу ұзақтығымен, жұмыс аптасы, жұмыс айы, жұмыс жылымен өлшенеді де, мемлекеттік заңдылықпен реттеледі.
Жұмыс уақытының анықтамасын Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы» Заңында берілген ұғымды негізге алсақ: «жұмыс уақыты қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт», делінген (10.12.99, №494 РК-3). Осы заңға сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Аталған шарт барлық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады, тек жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша азырақ көзделуі мүмкін.
Қызметкерлердің кейбір жекелеген санаттары үшін жұмыс уақыты қысқартылады. Мысалы, 14 жастап 16 жасқа дейінгі жастар үшін - 24 сағат, ал 16 жастан 18 жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс. Ауыр және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда аптасына 36 сағаттық жұмыс уақыты бекітілген. Сонымен қатар екі демалыс күні бар бес күндік және бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленген. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауға, айталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс.
Түнгі уақыттағы жұмыстар 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейін болады. Түнгі жұмысқа екі қабат, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жіберілмейді.
Өндірістегі қолданылатын уақыт жиынтығы күнтізбелік жұмыс уақыты қорын құрайды. Оның шамасы қызметкерлердің орташа тізім санын күнтізбелік күннің санына көбейту арқылы анықтайды. Сонымен қатар, келу уақыты қоры және пайдалы уақыт қоры болады.
Келу уақыты қорына пайдалы уақыт қоры, ішкі күні бойы ғұрып қалған уақыт және келмей қалған уақыттары қосылады (ауырып қалуына байланысты, оқуға кетуі, жұмысқа себепсіз келмеуі). Пайдалы уақыт ол қорына нақты жұмыс істелінген уақыт, ішкі ауысымдық тоқтап тұрған уақыт және уақыт ысырабы кіреді. Содан соң уақыт кезеңін қолдану деңгейі мен уақыт кезеңінің бекітілген ұзақтығы анықталады. Уақыт кезенін қолдану деңгейі барлық жұмыс істелінген адам-күн санын қызметкерлердің орта тізім санына болу арқылы есептейді.
Уақыт кезеңінің бекітілген ұзақтығы жұмыс уақытының ең жоғары ықтимал қорын қызметкерлердің орташа санына болу арқылы есептейді.
Жұмыс күнінің орташа нақты ұзақтығы толық уақыт түрінде анықталады. Толық уақытты есептеу үшін барлық адам-сағат санын жұмыс істелінген адам-күн санына бөледі. Толық уақыт - бір адам күніне неше сағат жұмыс істегенін көрсетеді.
Жұмыс уақытын талдау нәтижесінде жұмыс уақытының балансы құрылады (1-кесте)

Жұмыс уақытының балансы



Ресурстар

Нақты істелінген және істелінбеген уақыт

Қолданылуы

Адам-
сағат

%

Күн тізбелік уақыт қоры, демалыс және мейрам күндер, кезекті демалыс

Істелінген қор







Әр түрлі себептермен істелінбеген күндер, барлық демалыс күндер

Соның ішінде:

- екіқабат және босануға байланысты демалыс;

- оқуға байланысты демалыс;

- ауырын қалуына байланысты шықпау;
- мемлекеттік және қоғамдық тапсырманы орындауға байланысты келмеу;
- заңға байланысты шықпау;
- басқа да шықпау.
Әр түрлі себептермен қолданылмаған адам-сағат, барлығы:
- ауырын қалу;
- балаларды тамақтандыру;
- мемлекеттік тапсырмаларды орындау;
Ысыраптар, барлығы:
- әкімшіліктің рұқсатымен шықпау;
- ішкі ауысымдық тұрып қалу;
- ауысым бойы тұрыл қалу;
- жұмысқа себепсіз шықпау;
- кешігіп келу;
- ерте кетіп қалу;










- еңбек тәртібін бұзу.




Жұмыс уақытының ең жоғары ықтимал қоры











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет