Реферат тақырыбы: «Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сейдуалиқызы О


Жұмыс уақытының пайдалануды сыныптау



бет3/7
Дата27.07.2023
өлшемі50,26 Kb.
#104840
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
реферат

2. Жұмыс уақытының пайдалануды сыныптау
Жұмыс уақытын зерделеу кез келген жұмысты орындау үшін кеткен уақыт шығынын оңтайлы пайдалануға, еңбек нормаларының деңгейін тағайындауға және үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Жұмыс уақытының шығынын сыныптау және талдаудың негізгі мақсаты белгілі нысандарға байланысты. Сыныптау жұмыс уақыты шығынының дұрыстығын зерттеу мен талдау нәтижелерінің негізі болып есептеледі. Осының өзі еңбек өнімінің өсу резервтерін және еңбек мөлшерін анықтауға себептерін тигізеді.
Жұмысқа кеткен уақыт - өндірістік тапсырманы және өндірістік тапсырмаға байланыссыз әр түрлі жұмыстарды орындау үшін кеткен жұмыс күнінің бөлігі.
Жұмыссыз тұрыл қалу уақыты - әр түрлі себептермен еңбек процесінің орындалмауы және жұмысшы уақытының босқа кеткен жұмыс күнінің бөлігі.
Үзіліс уақыты - жұмысшыға, қызметкерге демалу және тамақтану үшін жұмыс беруші актілері және шарт бойынша берілетін уақыт.
Еңбекті мөлшерлеу жұмыс уақытының шығынын бір ауысымның ішінде оңтайлы, пайдалы қолданылуын және уақыттың босқа жіберілмеуін зерттен талдайды.
Талдаудың нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша техникалық нормаларды дұрыс пайдаланып, жұмыс уақытының босқа шығындалуын болдырмау жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы жұмыс уақытының шығындары былай топталады:
1) жұмыс уақытының шығыны;
2) машина, құрал-саймандар уақытының шығыны.
Жұмыс уақытының шығынын мөлшерлеу олардың нақтылы сыныпталуын талап етеді. Сыныпталу өндірістік процестердің үш элементіне байланысты орындалады. Олар: еңбек заты, қызметкерлер, жабдықтар. Сонымем қатар сыныпталу екі құрамнан тұрады: өндірістік процестердің жүзеге асырылу уақыты және үзіліс уақыты.
Жұмыс уақытының сыныпталуы 1-сызбанұсқада келтірілген.
Еңбек нормаларын белгілеуде жұмыс уақытының шығыны дайындау - қорытындылау, оперативті, жұмыс орнын күту уақыттары болып бөлінеді.
Дайындау-қорытындылау уақыты (Удк) дегеніміз - өндірістік тапсырманы орындау үшін жұмысқа әзірлік, яғни құрал-саймандар, шикі зат, тапсырма алу, болашақ жұмыспен, нұсқаулармен, сызбалармен танысу; жұмыс соңында құрал-саймандарды және т.б. тапсыру. Бұл уақыт тапсырманың көлеміне байланысты болмайды, жұмыс ауысымы ішінде бір рет немесе бір топ (бір партия) заттарға ғана шығарылады. Дайындау-қорытындылау уақытының үлесі өндірістің түріне байланысты, өйткені, өңделіп жатқан шикі заттардың түрлері өзгерсе, оның үлесі ұлғаяды және еңбекті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Оның деңгейі жабдықтарды, құрал-саймандарды жөндеу кәсіпорындарында, жеке заттарды өңдейтін және уақ сериялы өндірістерде жиі кездеседі. Мысалы, жеке заттарды өңдейтін, шағын кәсіпорындарда олардың үлесі 12-15%, ірі сериялыда -3-5%, ал жаппай көлемді өндірісте - 1-3% болады.
Оперативтік уақыт (Уоу) дегеніміз - заттардың түрін, нысанын, мөлшерін, қасиетін өзгертуге және соларды орындау үшін көмекші жұмыстарға шығарылған қажетті уақыт.
Оперативті уақыт негізгі (технологиялық) - Ун және көмекші - Уқ уақыттардан тұрады. Негізгі (технологиялық) уақыт еңбек заттарының нысанын, қасиетін, өлшемін, құрылымын, қалпын, тұрған орнын өзгертуге кеткен уақыт. Мысалы, жиһазды бояу, ағашты жону, жіпті орау, металды жондыру, құю, жүкті орнынан қозғалту және тағы сол сияқты. Көмекші уақыт негізгі (технологиялық) жұмыстардың тоқталмай орындалуын қамтамасыз ететін әрекеттерге кеткен уақыт. Мысалы, станокторды жүргізу-тоқтату, үзілген жіпті жалғау, дайын заттарды алу, аппараттарды басқару және т.б. Уоп = Ун + Ук.
Жұмыс орнын күту уақыты (Ужок) - жұмыс орнын тазалауға, күтуге, құрал-саймандарды жөндеуге, аспаптарды, жабдықтарды ауысым бойынша ұқыптап ұстауға кеткен уақыт. Жұмыс орнын күту уақыты келесі түрлерден тұрады: технологиялық, ұйымдастыру, ауысымдық жұмыс орнын күту уақыты. Технологиялық - бір операцияны орындау аралығындағы әрекетке немесе белгілі жұмысты атқаруға кеткен уақыт. Мысалы, құралдарды айырбастау, қайрау, жұмыс орнын қалдықтардан тазалау сияқты.
Ұйымдастыру - жұмыс орнын барлық уақыт ішінде күтуге шығарылған уақыт. Мысалы, жұмыс орнын қажетті құралдармен қамтамасыз ету, столдарды жарамсыз заттардан тазалау, жабдықтарға қажетті ұсақ жөндеу жұмыстарын атқару, құжаттарды, нұсқауларды даярлау.
Ауысымдық (сменалық) - егер өндірістік процесс үздіксіз орындалатын болса, ауысымның басында және аяғында орындалатын әрекетке шығарылған уақыт.
Көптеген өндірістерде жұмыс орнын күту уақыты бөлінбеуі де мүмкін, олар дайындау-қорытындылау уақытына қосылады немесе есептеледі (тамақ, көмір, мұнай, ауыр өнеркәсіп тармақтарында).
Жұмыс уақыты жұмысшының атқарын жатқан жұмысының күрделілігіне оныц сипатына байланысты болады. Сондықтан өндірістік операциялар: қолмен істелінетін жұмыс уақыты, машина-қолмен және жабдықтардың жұмысын бақылау уақыты; дайындау-қорытындылау уақыты - қолмен істелінетін; негізгі - қолмен, машина-қолмен, машинамен, автоматтандырылған жұмыс уақыты; көмекші-қолмен істелінетін, машина-қолмен, кейде автоматтандырылған жұмыс уақытты болып бөлінеді. Жұмыс орнын күту уақыты да қолмен және машина-қолмен істелінетін жұмыс уақыты болады.
Жұмыс уақытының шығынын талдау кезінде қолмен орындалатын жұмыс уақыты: жабдықтар жұмыс істеп тұрған кезде қолмен атқарылатын жұмыс уақыты және жабдықтар тоқтап тұрғанда қолмен атқарылатын жұмыс уақыты болып бөлінуі мүмкін. Немесе машина уақытымен жабылатын және жабылмайтын қолмен атқарылатын жабылмайтын-уақыты болады. Ецбекті мөлшерлеуде тек қана машина уақытымен жабылмайтын қол-мен атқарылатын жұмыс уақыты есептелсді.
Жабдықтардың, станоктардың жұмысын бақылауға кететін уақыт: активті және пассивті болып бөлінеді. Активті - жұмысшының тек қана технологиялық процестің үздіксіз жүріп тұруын бақылауға кеткен уақыты. Бұл кезде жұмысшы басқа жұмыстармен айналыспауы тиіс. Пассивті - жұмысшы технологтиялық процесті бақылаумен қатар басқа да қосымша жұмыстарды атқаруы мүмкін. Пассивті уақыт көп станокты жұмыстарда, автомат желістерінде, аппараттарды басқаруда болады.
Уақыт шығынын зерделеген кезде жұмыскерлерді жұмыспен қамту және үзіліс уақыты болып бөлінеді. Жұмыспен қамту уақытының өзі өндірістік тапсырманы орындауға кеткен уақыт және жұмысшының басқа жұмыстармен айналысу уақытынан тұрады. Соңғысына кездейсоқ жұмыстарға және өнімсіз жұмыстарды (жарамсыз заттарды қайта өңдеу, материалдар іздеу, құралдарға бару, т.б.) орындауға шыққан уақыттар жатады.
Үзіліс уақыты (Уу)- демалыс және жеке мүдде үшін уақыт; техникалы-ұйымдастыру үзіліс уақыты; еңбек тәртібін бұзу уақыты болады. Бұлардың үлесі еңбек жағдайларына, еңбек тәртібіне байланысты. Тек еңбек тәртібін бұзу (Уетб) жұмысшының өзіне байланысты. Сонымен қатар үзіліс уақыты реттелетін және реттелмейтін болуы мүмкін. Реттелетін үзіліс уақыты уақыт мөлшеріне қосылады, себебі, ол ұйымдастыру-техникалық себептерге байланысты үзіліс уақыттары. Ал реттелмейтіні - жабдықтар мен жұмысшының тұрып қалған уақыты. Ол өндірістің ұйымдастырылуына және қажетті техникамен, құрал-саймандармен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Еңбек нормаларын белгілеу және уақыт шығынын талдауда уақыт мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді. Мөлшерленетін уақыт дайындау-қорытындылау, оперативті, жұмыс орнын күту, демалыс және жеке мүдде, сонымен қатар ұйымдастыру-техникалық себептермен болған реттелетін үзіліс уақыттарынан тұрады. Мөлшерленбейтін уақытқа өндірістің нашар ұйымдастырылуына, жұмысшының өзіне байланысты, өндіріске қатыссыз тапсырмаларды орындауға кеткен уақыттар кіреді (2-сызбанұсқа).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет