Реферат тақырыбы: Үйсін тайпаларының жерлеу ескерткіштері



бет3/4
Дата18.06.2022
өлшемі159,22 Kb.
#37009
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Документ 70

Үйсін шаруашылығы
Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б 105 жылы үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүт тағамдарымен қоректенетінін айтып өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы. Жетісудың табиғаты үйсіндерге көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Бұл аймақта қыстау мен жайлаудың ара қашықтығы 30 – 100 шақырым аралығында болды. Сол себепті үйсіндер қыстау мен жайлауда, сонымен қатар тау бөктеріндегі жайылымдарда ұзақ уақыт отыра алатын.Үйсін алысқа көшіп-қонуға және тебіндеуге ыңғайлы жылқы мен қойды көп өсірді.Соны мен катар сиыр, ешкі, қос өркешті түйе, есек ұстады. Үйсіндер жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болды. Үйсіндерде байлықтың негізгі өлшемі – жылқы санымен анықталды. Үйсіндердің Шығыс Жетісудағы Теңлік қорғанынан табылған алтын тоғада құйрық-жалы өрілген ат үстінде отырған адам бейнесі бар. Теңлік қорғанынан табылған ат пен Ахеменид астанасы Персепол сарайы қабырғасына бедерленген сақ жылқыларын салыстырғанда, олардың ұқсас екендігі байқалды.Үйсіндер шаруашылығының ерекшелігі мал шаруашылығының егіншілікпен ұштастыра жүргізілуінде. Олар көбіне тары мен арпа еккен. Елдің көп бөлігі жайлауға шығып кеткенде, қалған тұрғындар егінді күтіп, оны күзде жинап алып, туыстарын астықпен қамтамасыз етті. Бірте-бірте жиі болып тұратын жұт, малдың індеті, үздіксіз соғыс салдарынан малдан айырылған халықтың бір бөлігі тұрақты отырықшылыққа көшуге мәжбүр болды. Үйсіндердің отырықшы болып, егін шаруашылығымен айналысқандығын олардың мекен-жайларынан көруге болады. Мәселен, Жетісудағы Ақтас қонысының төңірегінде қарапайым суармалы егіншіліктің болғанын дәлелдейтін аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген шағын егіс танабының орны анықталды. Бұл жерден сол уақытта пайдаланылған егіншілік құралдары: шоттар, орақтар, дән үккіштер көптеп табылды. Дәнүккіштер ұзақ пайдаланғаннан әбден жұқарып, тозған. Сонымен қатар Іле, Шу, Талас алқабында үйсіндерден қалған суландыру жүйелері сақталған.Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тəлімді егіншілікпен де айналысқан. Дəнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Олардың егіншілікпен айналысқандығын қазба жұмысы кезінде тас кетпендер, орақтар мен дəнүккіштер табылуы дəлелдей түседі. Үйсіндер егіс алқабын өзен бойларына салған. Егісті суаруға арық суларын да қолданған. Ертедегі деректердің мəлімдеуінше, үйсіндер «ағаш егіп», «қалалар мен елді мекендер салған». Суармалы егістіктер, суландыру жүйесі, бау-бақшалар үйсіндердің астанасы Чигу қаласының айналасында орналасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет