Реферат тақырыбы: Үйсін тайпаларының жерлеу ескерткіштері


Ежелгі үйсіндердің шығу тегі



бет2/4
Дата18.06.2022
өлшемі159,22 Kb.
#37009
түріРеферат
1   2   3   4
1 Ежелгі үйсіндердің шығу тегі
Үйсін ұлы жүз тайпаларының жалпы аты. Бұлар ежелгі заманнан бері осы өңірді мекендеген. Іле аймағындағы албан, суан, жалайыр тайпалары осы үйсін ұлысының тармақтары.
Байырғы қазақ шежірелерінің деректері мен тарихи жазба деректер, үйсін елінің тарихта тым ерте заманда әйгілі болғандығын және қазақ қауымының негізгі тұлғасы мен ұйтқысы боландығын дәлелдейді. Үйсіндер туралы деректер осыдан екі мың. жыл бұрынғы ханзу тіліндегі жылнамаларда кездеседі. Қазақ шежіресі бойынша: қазақтың ұл баласының бірі Бекарыс (кейбірінде Ақарыс), одан үйсін туған делінеді. Қазақтың тегі туралы аңызда: Қотанбайдың үлкен ұлы Үйсін (ұлы жүз), ортаншы ұлы Болат (орта жүз), кіші ұлы Алшын (кіші жүз) делінеді.
19-ғасырдағы орыс ғалымы Н.Аристовтың (ұлы жүз ботбай руынан шыққан шежіреші Диқанбайдан жазып алған) шежірелік деректері бойынша: «Ұлы жүз қазақтарының атасы Майқы би. Майқыдан: қаңлы, бақтияр, қырық жүз, мың жүз; бақтиярдан: үйсін мен ойсыл; үйсіннен: ақсақал, (абақ), жансақал (тарақ); абақтан қараша; қарашадан байдібек; байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты тайпалары тарайды».
Шоқан Уәлихановтың қазақ арасынан жинап зерттеген шежірелік деректерінде, Үйсін ұлы жүз қазақтарының түп атасы болып келеді. Онда: «Төбей, Төбейден үйсін, үйсіннен қойылдыр (қатаған шанышқылы), мекірейлі (жалайыр), майқы (абақ), қоғам (қаңлы) тайпалары өрбиді». Бұдан құлдағанда баққараша — байдібек. Байдібектен: албан, дулат, суан, шапырашты, сары үйсін, ошақты, ысты рулары тарайды. Кейбір зерттеушілер: қазақ шежіресіндегі үйсіннің түп атасы Төбей (Туби яки Дуби) ерте замандағы ханзуша деректердегі үйсін елінің Нән Ду би болуы ықтимал, деп топшылайды.
Қазіргі қазақ ішіндегі үйсіндердің тайпасының таңбалары ту және ағын су формасында келеді. Қазақ арасында үйсін ұлысының арғы тегі мен өсіп-өрбу жағдайын баяндайтын шежіре деректері сақталған. Үйсіндер — қазақтың ұлы жүзін құрайтын үлкен ұлыс. Еліміздің қазақтары ішінде албан, суан, жалайыр, шанышқылы тағы басқа тайпалар осы ұлы жүз – үйсіннен тарайды.
«Үйсін деген ат ұрын үйсіндер мекендеген өңірлердегі жер-су аттары да да сақталып отыр. Мысалы: ежелгі үйсіндіктің атамекенінің орталығы болған Іле аймағының Шапжал ауданы мен Маңғолкүре ауданының аралығында «Үйсін тауы» деп аталатын тау бар. Ежелгі ханзуша жазба деректерде үйсінді «усұн» деп жазған. Қазақтар мен маңғолдар бұрын Шиху ауданын «Қару-сұн» деп атаған.
Қазіргі Манас-сауан аудандарының аралығындағы «Алу-сұн» деген өзен бар. Толы ауданында «Сарығусұн» деген өзен бару Демек, «Қар сұн»—қара усұн- (қара үйсін), «алусұн» — алусун (алғы үйсін), сарығусун — сарығусұн (сары үйсін) деген тайпа аттарының жер-су атында сақталған түрі болуы мүмкін. Ерте заманда бұл жерлерді үйсін тайпалары мекендеген.
Әйгілі ғалым Е. С.Малов: үйсін деген ел атының 8-ғасырдағы Орхон-Енисей ескерткіштерінде барлығын дәлелдейді. Осыған сүйенген орыс ғалымдары үйсіндердің исондармен (сақ тайпасы ) туыс екенін айтады.
Үйсіндер еліміздің тарихындағы ежелгі ұлыстардың бірі. Олар заманымыздан бұрынғы 1 – 2-ғасырлардан бастап еліміздің батыс солтүстік өңірінде өкімет билігін орнатып, батыс өңірдің отанымыздың ішкі өлкелермен байланысын және бірлігін күшейтуде, «ұлы жібек жолын» ашуда және қорғауда маңызды рөл атқарған, еліміздің шекара аймақтарын ашып көркейтуде елеулі үлес қосқан. Ғұндар сияқты үйсіндер де рулар одағы болды сонымен қатар үлкен және кіші екі орда болып бөлінді. Жоғарғы билеуші «кунь-би», «ғуньмо» деп аталды. Гуньмоға бағыныштылар ру ақсақалдары мен әскербасылар болды. Үйсін одағының қоғамдық құрылысының негізінде әскери көсемдердің рөлі сараланатын әскери демократия бастамалары болды. Мәселелердің бәрі ру өкілдерінің қатысуымен бірлесіп шешілетін. Үйсін одағының қауіпсіздігі тайпаның біріккен күшімен қамтамасыз етілді. Әрбір отбасы жауға мінер атымен және қару-жарағымен кемінде бір жауынгерден шығаруға тиіс болды. Қытай деректемелері үйсіндердің сан қарасы 120 000 отбасы, яғни 630 000 адам деп шамалады. Соғыс уақытында олар 200 000 жауынгер шығара алатын.
Үйсіндер б.з.д. II ғасырдың ортасына дейін тәуелсіздігін сақтады, бірақ ғұн одағының күш-қуаты нығаюына орай өздерінің бұрынғы мән-маңызынан біртіндеп айырыла бастады. Б.з.д. II ғасырдың ортасында үйсіндердің тәуелсіздігін соғыс бұзып кетті. Шайқастардың бірінде үйсіндер ғұндардан жеңіліп, гуньмолары өлтірілді. Жеңілгеннен кейін үйсіндер ғұндардың өздеріне үстем билігін мойындады. Бағыныштылық белгісі ретінде гуньмо ғүн тәңірі құтының ордасына баруға тиіс болды. Үйсіндер ғұн тайпалар одағына кіріп, батыс-ғұн қанатының негізін құрады. Үйсіндердің ғұн одағына енуі тек атаулық сипатта ғана болды. Іс жүзінде олар гуньмосы басқарған дербес басқарылуын сақтап қалды. Ғұндар олардың ішкі істеріне араласқан жоқ, үйсіндерді жауларға қарсы күресте өз одақтасы ретінде ғана пайдаланды. Б.з.д. II ғасырдың ортасында ғұндар үйсіндердің көмегімен юечжилерді Шығыс Түркістаннан қуып шығарды. Үйсіндер өздерінің ерлігі мен батылдығы арқасында ғұндардың бұларға ілтипатты қамқорлықпен қарауына жетті, сөйтіп бұдан ілгері уақытта да дербестігін сақтап қала алды. Б.з.д. II ғасырдың аяғында үйсіндер ғұндарға ендігі жерде бағынбайтын болды. Легяо-би билік жүргізген уақытта олар ғұндар мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынаста елеулі рол атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет