Реферат тақырыбы: Үйсін тайпаларының жерлеу ескерткіштері


Үйсін тайпасының жерлеу ескерткіштері



бет4/4
Дата18.06.2022
өлшемі159,22 Kb.
#37009
түріРеферат
1   2   3   4
Үйсін тайпасының жерлеу ескерткіштері
Жалпы алғанда, Сақтар, Ғұндар, Үйсіндер, Лопнорлықтар адамды негізінен жерге жерлеген, яғни сүйекті қабір қазып көмген. Ал Түркілер, Қырғыздар, Қияндар тағы басқалар сүйекті өртеп жібереді екен. Әрбір дәуірдегі Үйсін қабірлерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Үйсіндер алғашқы дәуірде мал шаруашылығымен, соңғы мезгілдерде қосымша егін шаруашылығымен шұғылданған. Соған байланысты болса керек, алғашқы дәуірдегі үйсін молалары солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле жерленген. Қабірдің айналасын таспен қоршап, төбесіне тастан белгі салған. Мүрдені шығыстан батысқа қарай қазып, аузына айқастыра жұмыр ағаш қойып, оның үстіне тас жатқызған. Үйсіндердің ыдыстарының түбі көбінде дөңгелек келеді. Құлақтылары аз кездеседі. Сақтар тұсындағылармен салыстырғанда, мұнда көбінесе темір бұйымдар бірге көмілген. Қабір ішінен қойдың қаңқалары кездесіп отырады.Үйсіндердің орта дәуірдегі зираттары үш-төрттен қаз-қатар топтастырыла, тізбектеле қазылған. Үймесінің тең жартысы тастан қаланған. Қабірдің қола бұйымдарынан гөрі темір бұйымдар көп шыққан. Тұтқа құлақтары бар ыдыстардың бүйірі мен түбі жұқа келеді. Бұл ыдыстар алғашқы мезгілдегіден гөрі мәнерлі жасалған.Үйсіндердің соңғы дәуірдегі қабірлерінде үйінді тас жоқ, сүйек терең қазылған. Қабірден көбінесе темір бұйымдар шыққан. Ал, ыдыс-аяқтарының бүйірі жұқа, түбі жайпақ, өңі қызыл немесе күрең түсті болып келеді. Үйсіндердің қабірлерінің сыртқы бейнесі сақтардың қабірінен онша ерекшеленбейді. Алайда үйсін қабірінде адаммен бірге көмілген бұйымдар өте аз. Оның көбі темір бұйымдар, ал, қару-жарақ мүлде аз көмілген. Үйсін қабірлері шығыстан батысқа қарай бағытталып, сүйектің басын құбылаға қаратып, шалқасынан түзу жатқызған. Сол білегі мен оң білегі сәл бүгілген немесе екі қолы жамбасының үстіне не астына қаратылған. Сүйекпен бірге көмілген ыдыс басының оң жағына қойылған. Қойдың омыртқасы бірге көмілген. Қабірге тағы пышақ, біз, сырға, жақұт, моншақ, айна, сүйек бұйымдар, фарфор ыдыстар, шақ (тоқыма ұршығы) сияқты нәрселер бірге көмілген. Ерлердің қабірінен, көбінесе қолабіз, темірбіз, жақұт-моншақ, алқа, ыдыс сияқты бұйымдар шыққан. Сүйектің көбінің беті солтүстікке қаратылып қойылған. Бетін жоғары қаратып түзу жатқызылғандары өте аз. Ал бетін оңтүстікке қаратып қойылғандары жоқтың қасы. Көп жылдық қазба жұмыстарының көрсеткеніндей, бүл ескерткіштердің сыртқы түріндегі айырмашылық олардың этникалық және мәдени тегіндегі айырмашылықты білдірмейді. Керісінше, жерлеу ғұрпы мен қоса салынған саймандар жөнінен олардың бір-бірінен ешбір айырмашылығы жоқ. Үйіндісіз қоршаулар неғұрлым ертедегі дәуірлердің сарқыншақтарымен байланыстырылады, сондыктан олардағы хронологиялық белгілер айқын ажыратылады. Алайда біздің байқауларымызда ондай тұжырымдарды дұрыс деуге салмақты дәлелдер жоқ. Сонымен, үйінді обалардан тұратын қорымдар үйсіндердің жерлеу құрылыстарын сипаттайтын ескерткіштердің негізгі үлгілері болып табылады. Обалар зираттың төңірегіндегі жергілікті материалдан үйілген. Обалар жазық далаларда — топырақтан, өзен аңғарларында — сары топырақтан немесе өзеннің малтатастарынан, тау етектерінде тас араластырылған топырақтан, қиыршақтастан, тастардан тұрғызылған. Үйінділердің көлемі мейлінше әр түрлі: диаметрі 80 метрден 100 метрге, биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін жер бетінен сәл көтеріліп жатқан үйіндісіз шағын обаларға дейін кездеседі. Үйсіндердің белгілі обаларының бәрін көлемі және жерлеу жабдықтарының байлығы жөнінен үш топқа: үлкен, орташа және кіші топтарға белуге болады. Белгілі қорымдардың басым көпшілігіндегі оба құрылысында үйсіндердің қабірге орнатқан ескерткіштері кұрылысының екі үлгісі — үйінді мен қоршау ұштасып отырады. Әр түрлі нұсқалары кездеседі, бірақ ең жиі кездесетіндері: 1) «үйінді астындағы» қоршаулы обалар; 2) «үйінді сыртындағы» қоршаулы обалар, яғни қоршау негізгі үйіндіні айналдыра белгілі бір қашықтыққа орналасады; 3) «үйінді үстіндегі» қоршаулы обалар. Соңғыларының нұсқалары: үйіндіні түбінен қоршап туратын қоршау, жиегіндегі қоршау және биік басындағы қоршау. Оба үйіндісіне екі-үш қоршау салынған реттер де мәлім, олар концентрикалық жиегі бойынша орналастырылған (Сарытай-3, Ақшоқы-4), бірақ үйінді астында бірнеше қоршауы бар обалар әлдеқайда жиі кездеседі (Қалқан-1). Дербес топ ретінде немесе үйіндімен бірге кездесетін қоршаулар үлгісіндегі қабір құрылыстары көпшілік жағдайда — дөңгелек, кейде төрт бұрыш (шаршы, тік бұрыш), сирек болса да сопақша түрде болып келеді. Жер бетіне немесе үйінді үстіне үлкен-үлкен қойтастарды бір қатар немесе бір қабат етіп жай ғана қалай салу жолымен қоршауларға алдын ала ойлас- тырылған түр беріліп отырған. Егер тастың көлемі неғұрлым ұсақ сынықтары пайдаланылса, олардың биіктігі мен ені бірнеше қабат етіп қаланған. Өзен аңғарларында қоршауларды қалауға өзеннің үлкен малтатастары қолданылған. Қоршаулардың биіктігі мен ені орта есеппен алғанда тиісінше 0,5—0,6 м және 0,2—0,3 м. Өсек қорымында (Өсек өзенінің сол жағалауы, Жоңғар Алатауының оңтүстік етегі) ірі жентек тастар қырынан көміліп тік бұрышты және дөңгелек қоршаулар тұрғызьшған. Ертедегі үйсін қорымдары тек қана қыстау-қоныстардың маңына, тау етектеріне, шатқалдардан жазыққа шығар жерлерге орналасқан.Үйсіндер қоныстануды ұнататын жер бедері қорымдарды олардың мәдениетіне тән меридиандық «тізбекте» жоспарлауды анықтап берді. Қыстау-қоныстар тау шатқалдарының түбіне орналасқандықтан, зираттар тау өзендері мен жылғаларының жарқабақтарына салынған. Мұның өзі қабір құрылыстарының өзара орналасуы судың солтүстіктен оңтүстікке және керісінше ағу бағытына катаң сәйкес келіп отырды. Алайда ертедегі үйсін қорымдарының ерекше жоспарлануын жер бедері туғызған деген тұжырым бір қорым құрамындағы обалардың әрбір тізбегінің бір руға немесе үлкен әулетке жататындығы туралы әдебиетте бар қағиданың дұрыстығын әсте де теріске шығармайды. Ол былай тұрсын, біздегі жаңа материалдар, әсіресе Кетпентау етегіндегі Ақтасты қорымдарының тобы рудың немесе үлкен әулеттің ыдырауына қарай қорымдардың жоспарлануы қалай өзгеретіндігін айқын дәлелдейді: ұсақтізбектер үзіледі; шағын әулетке тиесілі әрбір кыстау-қоныстың жанынан өз зираты пайда болады; жүйесіз орналасқан үйінділерден тұратын көлемді қорымдар кездеседі, оларды, енді қандас туыстық байланыстары бойынша емес, қайта аумактық-шаруашылық мүдделері бойынша біріккен ұжымдар тастап кеткен .
Кейінгі жылдарда археологиялық әдебиет беттерінде дұрыс баяндалмай келе жатқан бір жайға тоқталып өту қажет. Ол қорымдарды жоспарлаудағы және үйінділер қоршауларының орналасуындағы өзгеріс- терді обаның мерзімін анықтайтын белгілер деп қарастыруға әрекет жасау.Жетісудың ертедегі кезі жөніндегі біліміміздің казіргі сатысында А. Н. Бернштамның пікірін даусыз дұрыс деп санауға болады; оның пікірінше, белгілі бір қорымдарды қазып, мерзімін белгілейтін материал алғанға дейін сақ-үйсін мәдениетіне жататындығын анықтаушы белгі оларда обалардың тізбек бойынша орналасуы және қабір құрылыстарының құрылымында үйінділер мен қоршаулардың үштасуы болып табылады. Біз сақтар мен үйсіндердің кезіндегі мәдениет туралы жалпы сөз еткен кезде осы көзқарастың дұрыс екенін атап көрсетеміз. Бірақ олар ескерткіштерді кезең-кезең бойынша хронологиялық топтаудың өлшемі, мәдениеттің сатылық эволюциясын анықтаушы емес. Үйсіндердің белгілі қорымдарының бәріндегі қабір құрылыстарының құрылымдарын салыстыру қоршаулардың үйінділерге қарай орналасуының әр түрлі нұсқалары үйсін мәдениеті дамуының барлық кезеңцеріне тән екенін көрсетеді. Әр түрлі нұсқаларды ертедегі үйсіндердің діни көзқарасы болып табылатын әлдебір рәсімдік-магиялық ұғымдар туғызған болса керек. Қорымдардың жоспарлануындағы өзгерістер де мерзімін дәл анықтайтын белгі бола алмайды. Біріншіден, обалардың ерекше орналасуын жер бедері қалыптастырған. Екіншіден, үйінділердің «тізбектеле» орналасуы үйсін мәдениетінің неғұрлым алдыңғы кезеңіне, рулық байланыстар әлі де күшті болған кезге тән болған; ал олардың ыдырауына байланысты, яғни неғұрлым соңғы кезенде үйінділері жүйесіз орналасқан қорымдар пайда болады.Сондықтан біз қорымдардың топографиясы мен қабір құрылыстарының құрылымы олардың мерзімін белгілеудің қосалқы өлшемі ғана бола алады, ал соларға ғана негізделген тұжырымдар мен топтаудың қандайы болса да қатерлерге ұрындырмай қоймайды және олар жасанды құрылымдар деп саналуға тиіс деген тұжырымға тоқталамыз. Мұндай қателерге мысалдар аз емес. Беғазының (Орталық Қазақстан) тақтатас қоршауларын Байкал сыртындағы тақтатасты молалармен немесе Ноин-Ула қималарын Пазырық обаларының қималарымен және т.б. салыстыру сәтсіз болғанын еске сала кетейік. Бүкіл халық үшін ортақ жерлеу ғұрпы компоненттерінің бірі ретінде ертедегі үйсіндердің табыну құрылыстары олардың діни дүниетанымының тікелей көрінісі болып табылады. Біртіндеп күрделілене түскенімен, діни түсініктер негізінен алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады және жерлеу ғұрпы мен табыну құрылыстарының да құрылымы өзгерген жоқ. Үйсін ескерткіштерін археологиялық зерттеу мәдени дамудың хронологиялық үш кезеңін бөліп керсетуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысына қорымдардың жоспарлану ерекшеліктері, қабір құрылыстарының өзгешелігі және құрал-саймандардың, қару-жарақтың, тұрмыс заттарының, әшекейлердің өзіндік түрлері мен үлгілері тән. Ескерткіштердің неғұрлым ертедегі тобы б. з. б. Ill—I ғасырларға, орта кезендегілері — б. з. I—III ғасырларына, кейінгі кезендегі ескерткіштер б. з. Ill—V ғасырларына қатысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет