Реферат тақырыбы: «Концептуалдық метафоралар»


Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі103 Kb.
#18218
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
5fan ru Концептуалдық метафоралар

1.3 Концептуалды метафоралардың тілдік табиғаты

Концептуалды метафора – адам танымында ұқсату заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы, жаңа лексикалық мағына. Метафораның когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормак: «Метафораны танымдық үрдіс ретінде суреттеуді тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек» (22,56),-дейді. Ғалым когнитивтік лингвистикада метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастырылуына көңіл бөледі. Метафораның когнитивтік бағыттағы танымдық құралы екендігі турасында зерттеушілер мынадай қызметтеріне тоқталады:

- болмыстағы бар заттармен теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру;

- абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастыру. Мұндай метафоралар ғылымда концептуалды метафора деп аталып жүр. Қазіргі тіл білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның бағалауыштық, біртұтастық, эмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады;

- метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі. Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы тілдік дәстүр жалғастығы мен ондағы құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері адами құндылықтарды тану (ар, иман, мінез, жақсылық, махаббат, тағдыр т.б.) нәтижесінде көрінеді;

- метафораның индивидуальды - авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркем сөз атрибуты екендігін Абай мен Шәкәрім шығармалары негізінде де дәлелдеуге болады. Мәселен, қос ақынның шығармаларындағы ызалы жүрек долы қол; бес нәрсеге асық болу; үйренуге болма намыс, үйретуге болма кер; сынды метафоралар авторлық қолданыстан туған концептуалды метафоралар.

Поэтикалық көркем шығарма тіліне когнитивтік талдау жасау негізінде сол ұлттың сонымен қатар жекелеген тілдік тұлғалардың санасындағы дүниенің бейнесін, айнала қоршаған ортаның болмыс-бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын, оның ішкі иірімдерін, толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын адаммен біртұтастықта қарау керек.

Дж. Лакофф пен М.Джонсон «Метафоры, которыми мы живем» атты еңбектерінде «Концептуальные метафоры могут образовывать согласованные концептуалльные структуры более глобального уровня – «когнитивные модели», которые являются уже чисто психологическими и когнитивными категориями, напоминающими по свойствам гештальты когнитивной психологии»- деп жазған.[3,15]

Қазіргі лингвистикалық зерттеулер объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ойы, санасы ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады. Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі тандағы дамуы лингвистикалық зертгеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады, тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз кұрамы және грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.

Қазіргі лингвистика тілді адаммен, объективтік шыңдықты идеалды түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ой, санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге бағытталады.

Метафораны тілдің құрылымдық элементі ретінде (сөзжасамдық, атаужасамдық, тілдің көркемдегіш құралдары тұрғысынан) қарастыратын еңбектер қазақ тіл білімінде жетерлік. Соңғы кезде метафораларды когнитивті тіл білімі тұрғысынан зерттеуге бетбұрыс жасалумен байланысты қазақ тіл білімінде когнитивті, концептуалдық метафораларға арналған зерттеу еңбектер пайда бола бастады(Зайсанбаева Г.Ж «Метафоралы аталымдардың когнитивті аспектісі», Сыбанбаева А.С «Қазақ тіліндегі концептуалдық метафоралардың қызметі» т.б.).

Тілді антропоцнтристік парадигмада зерттеумен байланысты сөз семантикасы формалық, мазмұндық жақтан ғана емес, заттық болмысқа көзқарас тұрғысынан қарала бастады. Осы ілімніі негізін салған В.Гумбольдт сөз мағынасын (тілді) «үнемі дамып, өзгеріп отыратын рухани қалыптасу күші» ретінде тануд ұсынды. Сөздің мазмұндық жағы жеке лексикалық бірліктердің мағынасы емес, ұғымына бағытталуы тиіс. Лингвистикалық талдаудың межесі – сөздің лексикалық құрамы емес, ұғымдық аясы болуы қажет.

Сөз семантикасын зерттеудегі жаңа әдіс метафоралау процесінің табиғатын зерттеумен тығыз байланысты. Себебі, метафора сөз мағынасының өзгеруі, құбылуы, бір мағына мен екінші мағынаның астасуы, тілдің экспрессивті, эмотивті сипаты, бағалауыштық қызметімен байланысты, сөздің денотативті, конотативті мағыналарының ара-қатынасынан туындайтын семантикалық процестермен байланысты құбылыс болып табылады.

Метафоралардың табиғаты сөз болғанда олардың ең басты белгісі ретінде мынандай құбылыстар талданады:



  1. Екі түрлі нысанның (өзара іргелес, ұқсас немесе қарама-қарсы, кейде мүлде қатысы жоқ) қатар алынып, бір нүстеде ұштастырылуы. Мысалы,

Нәпсі – дұшпан, аш бөрі

Құлаштап қолын сермеген,-

деген өлең жолдарында нәпсінің «аш бөрі» ретінде метафоралануына аш бөрі (қасқыр) туралы адам баласының тұрмыс-тіршілігі негізінде қалыптасқан стереотип ұғым себеп болып тұр.


  1. Екі нысан салыстырылады, баламаланады, яғни метафоралық мағынаға салыстыру тән. Осыдан келіп, метафораның салыстыру, теңеу тәрізді троптың өзге түрлерімен іргелестігі де зерттеу нысаны болып жүр. Мәселен:

Дүние – бағлан, жас қозы

Нәпсі – дұшпан, аш бөрі.



  1. Абстрактілі ұғым нақты зат, құбылыс, іс-әрекет арқылы баламаланып беріледі. Айталық нәпсі, дүние абстракциялы ұғым болса, аш бөрі, бағлан – нақты зат атаулары, оларға нақты іс-әрекет тән.

  2. Метафоралық құрылымда окказиональдану процесі объективтеніп отырады:

Дүние – бағлан, жас қозы

Нәпсі – дұшпан, аш бөрі.

Құлаштап қолын сермеген.

Нәпсі «құлаштап қолын сермейді»;

Қалам алып, хат жаздым,

Өргізіп жауап ақылдан.

«Ақылдан жауапты өргізеді»

Сөзім – дария, тіл – шөміш,

Мен, жігіттер, алдында

Біразырақ сапырған.

Ақын (мен) сөзді (дария) тілмен (шөміш) сапырады. Ағызайын арнасын кеудемде асыл бұлақ бар.


  1. Метафора жасауда туатын жаңа мағынаға адамның немесе тілдік әлеуметтің «жадылық кодында» сақталған бұрыннан бар мәліметтер жинағы іске қосылады. Джордж А.Миллер метафора табиғатын түсіну үшін «апперцепция» идеясын ұсынады.[ Теория метафоры, 1990]. Оның мазмұны: мәтін арқылы берілген ақпаратты қабылдаумен байланысты түсіндіріледі.

Дж. Лакофф, М.Джонсон метафораны тілдік аяда қарастырып қоюдың аздық ететінін ескерте отырып, оны адамның ойлау жүйесімен байланысты зерттеуді ұсынады. Адамның ойлау, ұғымдық, танымдық жүйесінің өзі метафоралануға бейім. Метафораның тілдік құралы ретінде пайдаланылуының өзі біздің танымдық жүйеміздің метафоралы болуына байланысты.

В.Н.Телияның ұсынған ғылыми пайымдауларында метафора тілдегі адамдық факторлардың көрінісі ретінде сипатталады. Тілдің тарихи даму барысында тілдік ұжым қалыптастырған ұлттық мәдени, рухани байлық метафораларда сақталып, кейінгіге жалғасады. Сонымен бірге метафора сана арқылы қабылданатын шындық дүниенің ассоциациялануы, осы ассоциациялану арқылы гетерогенді мәндердің ұқсастықтары мен тұтасуы, шындық дүниені физикалық қабылдау, дүниенің абстрактілі бейнесінен нақты танымға өту болып саналады. [Телия, 1988].

Зерттеулерде метафораның екі түрі: тілдік және поэтикалық метафора сөз болып жүр. Жасалу уәжділігі бірдей екендігіне байланысты метафораларды бұлайша жіктеп қарастыру орынсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ, тілдік метафораның түпкі төркіні тілдің генезистік сипатында жатыр. Тілдік метафоралардың қалыпты сөйлеу құралына айналып кеткендігі соншалықты, кейде белгілі бір метафора арқылы беріліп тұрған нысандардың семантикалық байланысы мүлде күңгірттеніп кетеді.

Поэтикалық метафора – шешендік, ақындық қабілеттен туындайтын эстетикалық, эмоцианальдық, эмотивті тілдің құбылыс болып табылады. Оның қалыптасу уәжі – жалпы адамзаттық және ұлттық дүниетанымды суреткерлік талғам мен таным таразысынан өткізіп қалыптастырған индивидуалды, образды көркем құрылым.

Әрине, поэтикалық метафоралар қатарында поэтикалық тіл аясынан шығып, жалпы тілдік қолданысқа ауысқан метафоралар да жетерлік. Мысалы, асқазан, күнбағыс, балмұздақ т.б.

Жыраулар поэзиясының ең негізгі бөлігінен саналатын поэтикалық метафораларды жасалу уәжіне қарай топтастырады:



  1. Символ сөздерді семантикалық доминант етіп алып, қалыптасқан метафоралар;

  2. Абстрактілі ұғымдарды нақтылы заттармен ұқсату, баламалау негізінде жасалынған метафоралар;

  3. Абсрактілі ұғымдарды нақтылы заттармен ұқсату, баламалау негізінде жасалынған метафоралар;

  4. Белгілі бір діни, мифтік дүниетаным, халықтық, ұлттық салт-дәстүр негізінде қалыптасқан когнитивті метафоралар;

  5. Теңеу, салыстыру мәнді метафоралар.

Метафоралар қазақ халқының ұлттық танымы мен жыраулық интуиция тудырған дүниенің концептуалдық бейнесін көркем тілмен, күрделі қисынмен шебер үйлестіріп берген тілдегі ассоциациялану мен окказиолдану тәрізді семантикалық тәсілдердің ерекше үлгісі

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Оразалиева Э.Н, Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, АнАрыс, 2007;

2.Зайсанбаева Г.Н, Метафоралы аталымдардың когнитивтік аспектісі, монография. – Алматы, 2004;

3.Лакофф Джордж, Джонсон Марк, Метафоры, которыми мы живем: Пер. с англ. / Под ред. И с предисл. А.Н. Баранова. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 256 с;

4. Оқу құралы Әбікенова Г.Т. ф.ғ.к., «Когнитивті лингвистика» - Семей: М.О.Әуезов атындағы Семей университеті. 2008. - 118 бет;



5.Б.Нұрдәулетова, Когнитивтік лингвистика. – Алматы , 2011.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет