Реферат тақырыбы: «Концептуалдық метафоралар»



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі103 Kb.
#18218
түріРеферат
1   2   3   4
ІІ. Негізгі бөлім

1.2 Метафораны зерттеудегі когнитивтік бағыт

Метафораны тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың әр бағытта жазылғаны анық. Бұл құбылыстың адам ойын қалыптастырушылық қызметі ғалымдардың терең қызығушылығын тудырғанын байқаймыз. Тілі біліміндегі метафора семасиологиялық, ономосиологиялық, гносеологиялық, лингвистикалық тұрғыда зерделенуімен қатар, когнитивтік бағытта да қарастырылды.

Соңғы кезде тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселеге мүлде өзге қырынан келуді алға тартады. Когниттану саласы ғылымының философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, жасанды интеллект сияқты бірнеше салаларының басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Тілдік бірліктерін когнитивтік тұрғыда қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты. Адамның ойлау әрекеті тәжірибе арқылы жинақталған білім қорынан әртүрлі операциялар жүргізумен іске асырылады. Жинақталған білім таңбалар арқылы белгіленеді. Метафора өзге тәсілдер сияқты тілдің дамуына қызмет етеді. Тілдің эволюциясы адамның танымдық тұрғыда дамуы, яғни қоршаған әлем туралы білім қорының толығуымен астасып жатады. М.Минский, Ч.Филлмор, А.Н.Баранов басқа да ғалымдар ұсынған фреймдер мен сценарийлер туралы ойлар метафоралардың жасалуының танымдық қырын түсінуге баспалдақ болды. Фрейм сөзі құрылым деген мағынаны білдіреді. «Адам өзіне жаңа жағдайды тану барысында немесе таныс нәрсеге жаңаша қарауда өз санасындағы дайын құрылымды таңдайды. Біз фреймдер деп аталған бұл құрылымның кейбір бөлшектерін өзгерту арқылы адам құбылыстар мен процестерді түсіндіре алады»- дейді осы ұғымды енгізген М.Минский [4,49]. Метафоралы аталымдарда нысандар ұқсастығы екі фрейм арасында ақпарат алмасуына әкеледі.

Тіл бірліктерін осы бағытта қарастыру олардың мағынасын құраушы бірліктермен байланысын және сол байланыстардың сипатын ашуда маңызды болып табылады. Адам ойлау әрекетінің ерекше көрінісі ретінде метафоралар табиғатын дәл осы бағытта зерделенуі қажет екені туралы көптеген ғалымдар пікірі бір жерден шығады. Когнитивтік көзқарас шеңберінде метафоралау әрекеті адамның білім қорына жасаған операциялары деп түсіндіріледі. А.Ричардс, М.Блэк тұжырымдамаларынан басталған интеракционистік идеялар метафораның жасалуын екі субъект арасындағы байланыс арқылы түсіндіруге талпыныс жасайды. Сол тұжырымдарда адамның білім қорын құрылымдық үлгі ретінде қарастырады.

Тілдік бірліктер шындық болмыстың заттары мен құбылыстарының тілдік таңбасы болғандықтан, олар стандартты ситуцияларды, яғни нысандарды, олардың беретін барлық ақпаратын еске түсіреді. Нақты заттар немесе құбылыстардың анықтамасы, сол заттың тәжірибе арқылы танылған ақпаратынан, эңциклопедиялық білімінен тұрады. Метафорада бұл ұқсастық арқылы танылып, ақпараттар алмасуы жүргізіледі. Аталымдардың жасалуын когнитивтік тұрғыда қаратыруда қолданылатын фреймдерді қолдану нысандар туралы ақпараттар алмасуын түсіндіруде тиімді әдіс болып табылады. Фреймдер – ақпарат алмасуды түсіндіруші шартты құрылымдар. Ол адамның санасының құрылымдық жүйесіне негізделе отырып жасалады. Яғни әр нысанның беретін білім қоры адам жадында белгілі бір құрылым түзе отырып сақталуы басты назарға ілігеді.

Фрейм тілі метафоралану процесін суреттеуде лингвистикалық, экстралингвистикалық мәліметтерді бөле жара қарастырмауымен тиімді.

Когнитивті тұрғыда метафора екі фрейм арасында жүргізілетін шартты әрекет ретінде танылады. Негіз-фрейм метафоралық үлгіге қажет таңбаны ұсынады. Басқаша айтар болсақ, негіз-фреймде аталымға қажет бейне таңдалынады. Тілде бұл дайын таңба ретінде ұқсастық нәтижесінде мақсат-фреймге ауысады. Мақсат-фрейм – аталынуы қажет жаңа нысан немесе құбылыс. Когнитвитік феномен ретінде метафора біздің әлем туралы білімімізді, көзқарасымызды кеңейтеді. Тілде бұл дайын таңбалардың мағыналық дамуына әкеледі. Мысалға, «Кіші жүздің көп рулары кей жылдары бас қосып қалған қанжайлауларда Байтабын мен Ақбөкен үш-төрт рет ұшырасқан» (І.Есенберлин) үзіндісінде қанжайлау аталымның жасалуына метафора қатынасқан. Қанжайлау – жайлаудың нағыз, қызған шағы. Осы бірлікте қан лексемасы жек фрейм ретінде өзінің қалыпты ақпараттарымен толығымен аталымға қатынасып тұрған жоқ. Мақсат-фреймге жайлауға қанмен байланысты санадағы нысанның буырқанған, қайнаған бейнесі ақпаратты жайлаудың қасиетін белгілеу үшін ауысады.

Когнитивтік метафоралар – дерексіз ұғымдарды қалыптастырушы және атаушы метафоралар. Бұларда таңбалардың берер ассоциациялы бейнелері маңызды болады да, атауларда нақты ұқсастық болмайды, ол жалпы белгілерге байланысты танылады.

Когнитивтік метафоралардың ғылыми терминдердің қалыптасуындағы белсенділігі дерексіз заттар мен құбылыстардың атауларын түзуінен байқалады. Сөзқосым бірліктердің ішінде жансарай (ішкі дүние), жанайқай (қарсылық), жанталас (агония), жаназық (рухани байлық), текетірес (айтыс-тартыс), жаманат (жайсыз хабар) аталымдарын жасалуы жағынан когнитивтік деп тануымызға болады. Метафораның когнитивтігі олардың жаңа, белгісіз ұғымды бұрыннан таныс нысандар білім қорын пайдалана отырып қалыптастыруында.

Тілдік метафоралардың түрлеріне тоқталғанда В.Н.Телия бейнелі метафоралардың бағалауыштық сипатының басымдылығын ескере отырып, бейнелі-эстетикалық, бағалауыштық, бағалауыштық-экспрессиялық деп жіктейді.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жасалуындағы метафоралардың қызметіне қарай Б.Қасым ұсынған жіктемені негізге алуға болады: 1. Атауыштық метафоралар. Бұнда күрделі сөздерді жасауда ұқсату, салыстыру құбылыстың түрлі белгілері қолданылады (ботакөз, бөріқарақат, бізқұйрық, егеуқұйрық, бізтұмсық, жұлынқұрт). 2. Танымдық метафоралар (ғаламшар, бойтұмар, беташар, тұсаукесер, атамекен, атажұрт). 3. Экспрессивті-бағалауыштық метафора (жексұрын, оқжылан, жолбике, көртышқан).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет