Реферат Тақырыбы: Көру қабілеті бұзылған және зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі38,86 Kb.
#70148
түріРеферат
1   2   3
Қылилық — көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен нашар көретін балаларға, сонымен қатар 2-3 жастан 5 жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу, көрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.
Педагогикалық жұмыс көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық және физикалық дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық, қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, көру қабілеттерін сақтау арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған балабақшаларда көру қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарымен қатар, балалар үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, көру қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Мектеп жанындағы балабақшаларда көру өткірлігі 0,05-0,6-ға тең нашар көретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық дағдыларды, көзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда көру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және жақыннан көруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды игереді. Көру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.
Ресейдегі ең алғашқы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп 1807 жылы Петербургте Александр І патшаның шақыртуымен келген француз тифлопедагогы В.Гаюидің басшылығымен ашылды. Ресейдегі тифлопедагогиканың және соқырларға арнайы білім беру жүйесінің дамуы К.К. Грота мен А.И. Скребицкийдің есімдерімен байланыстыі. Революцияға дейінгі кезеңде Ресей мемлекеті бойынша соқыр балалардың 4-5%-ы 3-4 класс көлемінде қол өнерге баулу арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Кеңес дәуірі кезінде соқырларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Халыққа білім берудің жалпы мемлекеттік жүйесіне біріктірілді. 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Отандық тифлопедагогика мен тифлопсихологияның дамуына өз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.Земцова, Б.И.Коваленко, А.С.Ганджий, Н.Г.Крачковская, Л.И.Плаксина, Л.И.Солнцева, А.Г.Литвак, В.П.Ермаков, А.Б.Гордин, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, т.б. соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін мекемелердің қатарына енізілуіне негіз жасады.
Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:

  • баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу, сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру, саралау; 

  • оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын өзгерту, оқу жүктемесінің көлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге арналған оқулықтар мен көрнекі құралдарды, оптикалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалану;

  • оқу кабинеттері мен кластарды жабдықтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жұмыстарын күшейту.

Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады: бірінші деңгей — бастауыш мектеп, екінші деңгей — негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші деңгей — орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.
Бірінші деңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.
Екінші деңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:

  • дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);

  • нашар кӛретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда кӛру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың кӛрнекі образы мен сӛз арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;

  • соқырларға арналған Брайльдік жүйе бойынша оқыту;

  • рельефті дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Көру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:

  • соқырлар үшін рельефті-нүктелі шрифтімен (Брайльдік жүйе бойынша) берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;


  • нашар көретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар; үлкейтілген шрифтімен жазылған арнайы оқулықтар.

ІІІ және IV түрдегі арнайы мектептерде көру функциясын компенсациялау мақсатында тифлотехникалық құралдар, оптикалық құралдар (лупа, көзілдірік, үлкейткіш аппараттар), жарық бергіш құралдар қолданылады. Брайльдік жүйе бойынша жазу құралдары, «сөйлетін оқулықтар» есту және тактильді сезу мүшелерінің жұмысын арттыруда арнайы құралдар қолданылады. Арнаулы мектептерде емдік-профилактикалау шараларын ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылған. Көрсетілетін емдік жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері көз ауруларын емдеу, көру қабілетінің кемшіліктерін диагностикалау, көзілдіріктерді таңдау, офтальмологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет