Реферат Тақырыбы: Көру қабілеті бұзылған және зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы



бет1/3
Дата27.02.2023
өлшемі38,86 Kb.
#70148
түріРеферат
  1   2   3

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы


Реферат


Тақырыбы: Көру қабілеті бұзылған және зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Орындаған: Исгендер Пернеш


Тексерген: Жубатырова Б.Т.

Ақтөбе, 2023ж.
Көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы

Көру қабілеті зақымдалған балалардың психолого-педагогикалық мінездемесі Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру мәселесінің қалыптасуы мен дамуына көз салсақ, көз жанарынан айырылған балаларға арналған мектептер мен мекемелердің ашылуына себепкер болған Валентин Гаюидің еңбегіне назар аударамыз. 39 жасар педагог Валентин Гаюи 1784 жылы Париж қаласында өз қаражаты есебінен көз жанарынан айырылған балаларға арнап мектеп ашады. Ашылған мектепті «Еңбек етуші зағиптардың шеберханасы» деп атайды. Мектепке ең алғашқылардың бірі болып 12 бала қабылданады. Валентин Гаюи оларға арнап ӛзінің оқу әдістемелік құралын жазады. Мектептің материалдық жағынан қамтамасыз етілудегі қиындықтарға қарамастан мектеп жанынан баспахана ашады. Баспахананың көмегімен көз жанарынан айырылған балаларға бедерлі қаріптермен (шрифт) жазылған кітап басып шығарады. Көз жанарынан айырылған балаларға арналған кітаптың баспадан шығарылуы адамзат тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналды. Арнаулы қаріптермен басылған кӛз жанарынан айырылған балалардың сауатын ашу жұмыстары 1829 жылы Луи Брайльдің алты нүктелі қарпі шыққанға дейін жалғасты.


1803 жылы патшалық Ресейдің императоры болған Александр І Валентин Гаюиге сол кездегі империяның астанасы болған Санкт-Петербург қаласында қаласында көз жанарынан айырылған жандарға арнап мектеп ашып беруін өтінеді. Өтінішті қабылдаған мейірімді Валентин 1807 жылы Санкт-Петербург қаласында Александр І патшаның демеушілігімен Ресей тарихындағы алғаш көз жанарынан айырылған тұлғаларға арнап мектеп ашады. Мектепте көз жанарынан айырылған жандарға білім беру мен тәрбиелеу ісі, қол өнер жұмыстарына үйрету жұмыстары қолға алынды. Ресей империясының ағарту саласына қосқан орасан үлесі үшін император Александр І Валентинді төртінші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапаттайды. В.Гаюи 1745 жылғы 13 қарашада Францияның Сен-Жюст ауылында кедей тоқымашының отбасында дүниеге келген. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының шешімімен В. Гаюи дүниеге келген күн, яғни 13 қараша Халықаралық зағиптар күні деп белгіленді. Зағип жандардың, нашар көретіндердің санының күрт өсуі ДДСҰ алаңдатып, 1967 жыл соқырлыққа қарсы күрес жылы деп жарияланды.
Көз жанарынан айырылған балаларды ауызша, жазбаша сөйлеуге үйретудегі компенсаторлық мүмкіндіктер оқушының ұсақ қол-қимыл моторикасына байланысты, денесінің қимыл-қозғалысына байланысты қалыптасады. Осы пікірлердің дәлдігіне көз жеткізуде тарихи зерттеулер мен жазба жұмыстарының қалыптасу кезеңіне шолу жасауымызға болады. Олай болса, жазудың қандай және қай кездегі түрін алсақ та, ол адам баласының зор мәдени табысы екені даусыз. Алайда, қайсі бір жазуды оқу үшін алдымен көзбен көру керек. Ал көз жанарынан айырылғандар қалай оқып, жазуы мүмкін? Бұл сұраққа сонау Гомер заманынан бері жауап іздеушілер аз болмаған. Ағашқа немесе металға ойылған бедерлі жазулар ертеден мәлім. 1784 жылы Парижде Валентин Гаюидің қаріпті жазуы, 1821 жылдан бастап Францияда Ш.Брабьенің бедерлі жазуын айта аламыз. Бірақ бұл жазулардың қай қайсысы да жанарсыз жандарға хат тану проблемасын түбегейлі шешіп бере алмады. Осыдан 2 ғасырға жуық бұрын, яғни 1825 жылы Париждегі соқыр балалар институтының зағип оқытушысы Луи Брайль инемен шаншып жазылатын бедерлі нүктелі жазу жүйесін ойлап тапты. Ресейде бедерлі әріппен кітап бастырып шығаруды тұңғыш қолға алған А.Адлер болды. Ол 1885 жылы өз қаржысына балаларға әңгімелер жинағын бастырып шығарды. Бар жоғы алты нүктенің орналасу тәртібін өзгерте отырып әр түрлі әріптер, цифрлар, математикалық белгілер мен нота сызықтарына дейін айна қатесіз қағаз бетіне түсіре алатын бедерлі жазу жүйесі екі ғасырға жуық уақыт бойы сан мыңдаған жанарсыз жандардың рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеп келеді. Ал көзітірісінде еңбегінің жанғанын көре алмаған Брайль есімі бұл күнде И.Гуттенбергтің, М.Федоровтай ұлы ағартушылардың есімімен қатар аталады
Көрудің бұзылуы туа пайда болуы мүмкін немесе жүре пайда болуы мүмкін. Туа пайда болған соқырлықтың себебі катаракта, глаукома, көз торшасының патологиясы, көру нервтерінің атрофиясының тұқымқуалаушылық жолмен таралуы болып табылады. Тағы бір себебі -ананың жүктілік кезіндегі түрлі инфекциялық аурулармен ауруы. Жүре пайда болған көрудің бұзылу себептері, көру органдарының ауруы, орталық нерв жүйесінің аурулары (менингит, ми ісігі, менингоэнцефалит), бас миының немесе көздің соққы алуы болып табылады. Балалар арасындағы көрудің бұзылуындағы негізгі клиникалық формалары нерв жолдарының, көру анализаторының қабықтық зоналарының зақымдануы, көз хрусталінің (катаракта) бұзылуымен түсіндіріледі. Балалар арасында кездесетін көру қабілетінің бұзылуларына қылилық, амблиопия, астигматизм т.б. жатады. Аталған кемшіліктердің әсерінен бала бойында анықталатын жағымсыз жағдайлар:

  • қимылдық сфераның шектелуі;

  • әлеуметтік тәжірибе мазмұнының толық болмауы;

  • эмоциядағы, мінездегі ерекшеліктер;

  • ойын, оқу, еңбек әрекетін игерудегі қиындықтар;

  • өз-ӛзіне деген сенімсіздік, пассивтіліктің байқалуы;

  • шектен тыс қозғыштық, ашуланшақтық, агрессия.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет