Зияты бұзылған балаларың психологиялық ерекшеліктері
Бүгінгі таңда түзетуші педагогиканың және арнайы психологияның теориясы мен практикасы белсенді түрде дамып келе жатыр. Емдік-психологиялық-педагогикалық қызметтің алдында түзету-тәрбиелеу, дамытушылық және емдік-профилактикалық әсер ету шараларын бара-бар түрде анықтау мақсатында әрбір баланың психикалық даму ерекшеліктерін терең зерттеу міндеті тұр. Сондықтанда мақала мазмұнында зияты бұзылған балалардың психологиялық ерекшеліктері айқын түрде қарастырылады.
Интеллект - (парасат, зият), (лат. intellectus – ақыл, парасат, ес) – индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашқы рет, бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық үдерістер кіреді. Зият – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Зият – ақпаратты мақсатқа бағытталған қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Зият қызметтерінің бөлінуі: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі [1, 255].
Зият бұзылысы (ақыл естің кемдігі) отандық мамандар тарапынан бас миының ағзалық бұзылысының кері әсерінен пайда болатын (тұқым қуалаушылықтан немесе жүре пайда болған кесел) танымдық қызметтің тұрақты бұзылысы ретінде түсініледі.
Зият бұзылысының негізгі екі формасы бар: олигофрения және деменция.
Ақыл-ой кемістігі кезінде ерте, жатыр ішіндегі бас миы дамуындағы жетіспеушілік орын алады, бұл көбінесе тұқым қуалаушылық әсерінен немесе қоршаған ортадағы түрлі зиянды ықпалдардың әсерінен жатыр ішінде ұрықтың дамуына, босану кезінде және бала өмірінің бірінші жылында пайда болуымен сипатталады. Ақыл-ой кемістігі кезінде зияттағы ақаудың үдеуі болмайды. Себебі, зияттағы жетіспеушіліктің көрінуі бала дамуының жас ерекшелігіне тиесілі заңдылықтарға байланысты болады.
Ақыл-ой кемістігі кезіндегі зият бұзылысының үш деңгейі қарастырылады: дебилдік, имбецилдік, идиоттық.
Дебилдік (қауқарсыздық) – ақыл-ой кемістігінің ең жеңіл түрі. Зият коэффициенті – 50-69. Дегенмен олардың интеллектерінің, ерік-қуат сферасындағы ерекшеліктердің төмендігі жалпы білім беру мектептерінде оқуларына кедергі жасайды. Қарапайым математикалық білімдерді, жазу және оқу дағдыларының өзін меңгеру оларға қиынға соғады. Өйткені, абстрактілі ойлау функциясы оларда бұзылған. Жалпы дене әлсіздігі, моториканың бұзылуы, мінез-құлық ерекшеліктері олардың кәсіптік, еңбек іс-әрекетінің шеңберін шектейді.
Имбецилдік (жарыместік) – ақыл-ой кемістігінің идиотизмге қарағанда жеңілдеу түрі. Зият коэффициенті – 20-49. Имбецил балалар тілді, кейбір қиын емес еңбек дағдыларын белгілі мүмкіндіктерімен меңгереді. Алайда, қабылдау, ойлау, ес және ерік-қуат т.б. функциялардың терең, дөрекі кемістіктер мұндай балаларда жалпы білім беретін және қосымша мектептерде оқу мүмкіндігін жояды. Алайда,осы дәрежедегі балаларда арнайы мекемелерде білім алып тәрбиеленеді.
Идиоттық (Нақұрыстық) – ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түрі. Зият коэффициенті – 20. Идиот балалар өзін қоршаған орта туралы да ойлана алмайды, тіл қызметі өте баяу және шектелген түрде дамиды, кейбір жағдайларда дыбыстар тіпті айтылмайды. Мұндай балалардың қимыл үйлесімділігі жоқ, кеңістікте бағдарлана білмейді моторикасы дамымайды. Гигиеналақ, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары тіпті қалыптаспауы мүмкін. Идиот балалар арнайы көмек көрсетілетін және бақылау жүргізіліп отыратын мекемелерде тәрбиеленеді. 18-ге жеткен кезде олар хрониктерге арналған интернаттарға көшіріледі.
Дамуында ақауы бар балалар қоршаған ортаны тануда, атап айтқанда, ұғымдарды түсінуде және оны сөйлеуде ресімдеуде, жалпы байланыстар мен заңдылықтарды санада бекітуге қиындықтар сезінеді, ал білімнің төменгі деңгейіне келгенде, бала сөйлеуінің және ойлауының дамуында тежеулер болады. Бала өміріндегі сөйлеудің дамуын бағалау өте қиын, күрделі мәселе. Ол сөздің көмегімен айналасындағылармен сөйлеседі, дүниені таниды, оның тұлғасы қалыптасады, ойлауы, әрекеті дамиды.
Көп жылғы зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, сөйлеуі дұрыс дамымыған бала мектеп бағдарламасын қиындықпен меңгереді және ұзақ уақытқа дейін оқып, жазып үйрене алмайды. Арнайы оқытудың әсерімен баланың жалпы дамуындағы алға жылжу байқалады. Алайда, зияты бұзылған балалардың сөйлеуіндегі және әрекеттеріндегі кемшіліктер жоғары сыныптарда да байқалады.
Зият бұзылысы – бас миының ағзалық зақымдануынан болған танымдық әрекеттің кері дамымайтын тұрақты бұзылысы. Дәл осы белгілер, яғни тұрақтылық мен ақаудың кері дамымауы және оның ағзалық тегі ең алдымен бала диагностикасында ескерілуі керек. Сонымен қатар зият бұзылысының жетекші нышаны бас миы қыртысының диффузиялық (сандық) зақымдануы болып табылады. Алайда, жекелеген (локальды) зақымданулар да психикалық дамудағы түрлі бұзылыстарға, әсіресе жоғарғы танымдық үдерістердегі (қабылдау, жады, ауызша-логикалық ойлау, сөйлеу және т.б.) және олардың эмоцианалдық бөліктеріндегі (жоғарғы қозғыштық немесе, керісінше, селқостық, әлсіздік) бұзылыстарға алып келеді.
Зият бұзылған жағдайдағы негізгі жағымсыз фактор білім деңгейініңтөмендігі, құмарлықтың әлсіздігі және баланың оқуындағы бәсеңдік, яғни жаңаны қабылдаудың нашарлығы болып табылады. Аталған алғашқы бұзылыстар бала дамуына өмірінің бірінші күнінен әсер ете бастайды. Олардың көпшілігінде даму мерзімі тек бірінші жылда ғана емес, екінші жылда да бөгеледі. Қоршаған ортаға қатысты қызығушылығының және сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының болмауы немесе кеш пайда болуы, бәсеңдіктің басым болуы және ұйқышылдық, сондай-ақ қатты айқайлау, мазасыздық байқалады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы. –Москва, 1982
2.Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
3.Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
4.Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
5.Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
6.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
7.Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,
2008
Достарыңызбен бөлісу: |