Көздің құрылысы мен қызметі
Көз « объективі » — фотоаппарат тәрізді көз торында нәрселерді шын, кішірейтілген және төңкерілген кескінін береді. Тордың жүйке талшықтарымен тітіркенуі- көру жүйкесі арқылы миға беріліп адамға көру әсерін туғызады, соның нәтижесінде адам нәрселерді көреді. Көру процесі мида түзетіледі , сондықтан біз нәрсені тікелей қабылдаймыз. Көз торламасында нәрсе кескінінің пайда болуынан көру сезімі басталады.Адам көру анализаторы аркылы Қоршаған дүниеден 90%-дан көп ақпарат алады. Көру арқылы дар жазуға, оқуға үйренеді. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, кескіндеме, балет, кинодағы әдемілікті көре білу тәрбиелі адамды ерекше көрсетеді.Көздің кұрылысы. Көз косымша мүшелерді: қас, қабақ, кірпік, көз жасы бездері, жас өзекшесі, көзді қимылдататын бұлшық еттер, көз шарасын қорғайды. Адам көз алмасын жас сұйықтығымен ылғалдау үшін қабағын ашып- жабады.
6
Негізгі бөлім
2.1 Көз гигиенасы
Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргеніңіз жөн.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.Сабақта әрбір 40 минут сайын үзіліс жасау қажет, ал алыстан әлсіз көрмесе – әр 30 минут сайын, ал нашар көрсе – 10-15 минут сайын үзіліс жасау керек. Компьютерде күніне 15-20 минуттан аз отыру керек. Егер осы уақытта жұмысты орындап біте алмаса, оны бірнеше бөлікке бөліп, әр 15 минут сайын көзге үзіліс жасап отыру қажет. Күніне 1,5-3,0 сағатқа дейін теледидар көруге болады, бірақ үзіліссіз 1,5 сағат (бір фильм) көру қажет.
Жарықтандыру да рөлі жоғары. Жұмыс үстелі терезеге жақын жерде, жарық кітапқа кедергісіз түсетіндей орналасуы қажет. Жарықты жұмыс істеп отырған қолға қарсы жақтан түсуі, яғни оң қолмен жазатындарға сол жақтан, сол қолмен жазатындарға оң жақтан түскені дұрыс. Жұмыс орынын жасанды жарықтандыру бірдей және жарықтың күшіне қарай жеткілікті болуы қажет.
7
Достарыңызбен бөлісу: |