Реферат Тақырыбы: Көз бойынша емдік жаттығулар Дайындаған: Сагидуллаева Махаббат Тексерген: Муса А. Т



бет3/3
Дата21.12.2023
өлшемі116,62 Kb.
#142147
түріРеферат
1   2   3
2.2 Көз аурулары

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қараңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін.

8
Қорытынды:
Қорытындылай келе күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуда жеке бас гигенасын сақтау секілді, адамның негізі мүшелерінің бірі - көзді де қорғай білу қажет. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргеніңіз жөн.
Ең алдымен көзге бөгде заттардың түсуінен сақтану керек. Міндетті түрде жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру маңызды. Жарық тым көмескі, әлсіз немесе тым жарық болса, көздің нашарлауына әкеліп соғады. Жұмыс үстеліндегі шамның жарығы сол жақтан түскені абзал. Кітап, газет-журнал оқығанда, іс тіккенде 30-35 см, теледидарды 2,5-3 метр қашықтықта көру маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, әрбір адам ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыруы керек. Ішімдік пен темекі тарту да сіздің денсаулығыңызға, әсіресе, көзіңіздің көру деңгейіне әсерін тигізеді.
адамныи мандайдагы жулдызы болгандыктан, оны
коргай білу абзал.
• 1. Көзді бөгде заттардын тусуінен қорғай білу;
• 2. Жұмыс орнындағы жарыкты реттеп отыру; ол тым шаңқыған жарык немесе тым комескі, әлсіз болмауы керек.
• 3. Устелге коятын шамнын жарығын сол жактан тусіру.
• 4. Кітапты окыганда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтыкта устау.
• 5. Теледидарды ұзақ карамау, 2,5-3 м кашыктыктан көру.
• 6. Витаминді (әсіресе«А») тамак ішу.
• 7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
• 8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
• 9. Кітапты көлікте, жатып окымау.
• 10. Серуендегенде, орман-тогай аралаганда көзді бұтақ тиюден сактау.
• 11. Көзге бөгде заттардын тиюі оте зиян, мундайда козге ак туседі. Көз закымданганда корсетілетін алгашкы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылган жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу; көзге кышкыл, сілті сиякты сұйықтықтар тисе, суды ағызып койып жуу; көзді еш уакытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.

9
Пайдаланған әдебиеттер:



  • Қазақ Энциклопедиясы,7 том

  • Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х


10



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет