Реферат Тақырыбы: Лайма ауруының қоздырғыштары. Сипаттамасы. Морфология және мәдени қасиеттері. Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары. Экология және эпидемиология. Патогенез және клиникалық көрініс



бет2/8
Дата28.03.2023
өлшемі90,9 Kb.
#76829
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8

Этиологиясы


Қоздырғышы – Borrelia burdozferi . Қазіргі күнде жер бетінде кене арқылы тарап, жануарлар мен адамдарда ауру тудыратын боррелиялардың саны 30-дан астам. Қазіргі клиникалық тәжірибе бойынша- боррелийлардың түріне байланысты адам организміндегі қабынулар әр түрлі болады. Мысалы: B darinii тудырған жағдайда-неврологиялық көріністер алға шығады; B. b.s.s-артриттер, B afzelii-созылмалы атрофиялық дерматит. Сондықтан, мүмкін Лайм ауруы бір топ дербес иксод кенелер тарататын боррелиоздар құрылымы. Боррелиялар-бұл спираль түрді қозғалмалы грамтеріс микроорганизмдер. Антигендік құрамы: сыртқы липопротендті антиген, талшықты, цитоплазмалық.

Ауыспалы сақина тәрізді эритема (қызару) Лайм ауруының бірінші белгісі және көбінесе, кененің шаққан жерінде пайда болады. Бұл – қызыл, жалпақ немесе терінің үстінен сәл шығып тұратын, ұлғаятын бөріткен, оның диаметрі 10-50 см-ге дейін болады. 

Лайм ауруының 3 сатысы бар:

  1. саты, ерте шоғырлану сатысы. 1- сатыда инфекция организмге таралмаған.

  2. 2- саты бактериялардың организмге таралуының басталуымен сипатталады.

  3. 3- саты, кеш (кейінгі) саты, бактериялардың организмге таралуымен және кейбір ағзалар мен жүйелерді зақымдауымен сипатталады.

Лайм ауруының пайда болуының қауіп факторларға жататындар:

  • Ашық ауада өткізілетін іс-шаралар (мысалы, бағбандық, аңшылық немесе жорықтар)

  • Үй жануарлары, олар кенелерді үйге әкелуі мүмкін

  • Биік шөпте серуендеу

Кенелердің шағуы және Лайм ауруы туралы маңызды ақпарат:

  • Көпшілік жағдайларда кене денеде 36 сағат барысында жабысып тұрғанда бактериялар қан ағымына таралады.

  • Кенелердің өлшемі аса шағын, көзге көрінбейтіндей. Лайм ауруына шалдыққан көптеген адамдар кененің шағуын байқамайды немесе сезбейді.

  • Кененің шағуына ұшыраған көптеген адамдар Лайм ауруына шалдыға бермейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет