Реферат Тақырыбы: Лайма ауруының қоздырғыштары. Сипаттамасы. Морфология және мәдени қасиеттері. Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары. Экология және эпидемиология. Патогенез және клиникалық көрініс



бет7/8
Дата28.03.2023
өлшемі90,9 Kb.
#76829
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Мүмкін асқынулар
Аурудың 3-сатысы немесе таралу сатысы буындардың созылмалы қабыну ауруын (Лайм артриті) және жүрек ырғағының бұзылысын туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, мидың және нерв жүйесінің зақымдануы мүмкін, келесідей түрде: Назарды шоғырландырудың төмендеуі
Есте сақтаудың бұзылысы
Нервтердің зақымдануы
Ұйып қалу
Ауырсыну
Беттің бұлшық еттерінің салдануы
Ұйқының бұзылысы
Көрудегі мәселелер
Дәрігерге қашан көріну қажет
Келесі жағдайларда медициналық көмекке жүгіну қажет:
Үлкен, ұлғаятын, қызыл, түрі «бұқаның көзіне» ұқсайтын бөріткеннің болуы Кене шаққанда, одан кейін әлсіздік, ұйып қалу, шаншу сезімі немесе жүрек мәселелері пайда болғанда. Лайм ауруының симптомдарының болуы, әсіресе, кене шаққан болса.
Алдын алу
Кененің шағуының алдын алу үшін сақтық шараларын қабылдаңыз. Әсіресе, жылдың жылы уақытында абай болыңыз. Мүмкіндігінше, орманға жорыққа барудан және биік шөпте серуендеуден алшақ болу қажет.
Жорықтарда және жаяу қауіпті саналатын жерде серуендеуде кененің шағуының алдын алу шараларын қабылдаңыз:

  • Ашық түсті киім кию қажет, сонда кенені байқау оңай болады.

  • Жеңі ұзын киім кию қажет, шалбардың шетін шұлыққа салған жөн.

  • Дененің ашық бөліктеріне жәндіктерге қарсы спрейді себу қажет.

  • Үйге келгеннен кейін денеңізды мұқият қараңыз, оның ішінде, бастың терісін де. Байқалмаған кене болса, шайып тастау үшін тезірек душ астында шомылыңыз.

Денеңізге кене жабысса, оны алып тастау үшін келесі шараларды қабылдау қажет:

  • Кенені қысқышпен басына немесе құйрықшасына қарай ұстаңыз. Жалаңаш қолмен ұстамаңыз, мата немесе қағаз сүлгіні қолданыңыз.

  • Баяу түрде айналдыра отырып, кенені мұқият шығарып алыңыз. Оны қыспаңыз және жармаңыз.Теріде кененің басын немесе құйрықшасын қалдырмаңыз. Зақымданған тұсты сабынды сумен жуыңыз. Қолыңызды да мұқият жуыңыз. Кенені банкеге салыңыз.

  • Келесі бірнеше апта бойы Лайм ауруының симптомдарының пайда болуын бақылау қажет.

  • Кененің барлық бөліктерін алып тастмаған жағдайда, дәрігерге көрініңіз. Емдеуші дәрігерге кене салынған банкені беріңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет