Реферат Тақырыбы: Лайма ауруының қоздырғыштары. Сипаттамасы. Морфология және мәдени қасиеттері. Антигендік құрылымы. Патогенділік факторлары. Экология және эпидемиология. Патогенез және клиникалық көрініс



бет3/8
Дата28.03.2023
өлшемі90,9 Kb.
#76829
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Микрош реферат Қарақат

Эпидемиологиясы


Лайм ауруы-табиғи-ошақты инфекция. Көбінесе иксод тұқымдас кенелер тарайтын орманды жерлерде тарайды. Ресейде кең жайылған инфекция. Балтикадан-Тұнық мұхитқа дейін. Ауру сырқаулық көрсеткіші 1000000 халыққа 5-6 оқиға. Табиғи ошақтарында кенелер жануарлардың 330 түрлерінде, құстардың 100 түрінде тіршілік етеді. Көбінесе боррелиялар тасымалдаушылар әр түрлі жабайы кемірушілер. Кенелер боррелияларды жануарлар арасында және адамға жұқтырады. Адам баласының осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі жоғары болып есептеледі, бірақта адамнан адамға Лайм аруы жұқпайды. Кенелердің ішінде-боррелийларды тарататын көбінесе Zxodes ricinus, Z.persuleafus . Табиғи ошақтарында инфекцияланған кенелердің үлес салмағы 10/70% арасында. Эндемиялық ошақтарда иксод кенелері бірнеше қоздырғышпен инфекцияланған болуы мүмкін (кенелік энцефалит). Инфекция тарау мерзімі-көктем-жаз айлары (мамыр-тамыз). Эндемиялық ошақтарда серопозитивты адамдардың саны 40%-ке дейін жетеді.

Патогенезi


Сырқаттың дамуы 3 сатыдан өтеді: І-ІІ сатылары-инфекциялық процестің ерте фазаларына сәйкес. ІІІ сатысы-кеш фазасы. Кене шаққан орнында-біріншілік аффект қалыптасады-терінің аллергиялық қабыну өзгерістері. Сырқаттың бірінші сатысында-баяу дамитын иммунды реакция туады. Бұл кезеңде организмде боррелияларда сенсибилизация қалыптасады. Клиникалық көрінісі-жайылған эритема, интоксикация белгілері тән емес. Егерде сырқат генерализденсе, яғни боррелиялар енген орнынан қан немесе лимфа тамырлары арқылы таралса-терінің басқа жерлерінде балалық эритемалар және әр түрлі жүйе-мүшелер процеске ілінуі тиісті. Бұл жағдайда иммунды жауап қалыптасып, иммунопатологиялық реакциялар туады, соның ішінде аутоиммунды механизмдерде үлкен роль атқарады. 2 сатыда (сырқаттың 4-6 аптасы) қызба мен эритема белгілері қайтып әр түрлі жүйе-мүшелер жағынан көріністер алға шығады:

  • ерте неврологиялық өзгерістер

  • жүрек жағынан-миокардит, перикардит, панкардит

  • лимфоцитома, жайылған эритематозды өзгерістер

  • коньюнктивит, ирит, панофтальлит

  • артралгиялар, миалгиялар, миозиттер

  • лимфаденопатия, гепатит, гематурия т.б.

3-ші сатыда (инфекцияланған кезеңнен бірнеше айлар, жылдардан кейін)- әр түрлі созылмалы процесстер:

  • созылмалы атрофиялық акродерматит

  • созылмалы Лайм нейроборрелиозы

  • церебральды васкулит

  • полинейропатия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет