Лайм ауруының ерте сатысының симптомдары (1- саты) жұқпаланғаннан кейін бірнеше күн немесе апта өткенде пайда болады. Ол тұмаудың симптомдарына ұқсайды, мысалы:
мойын бұлшық етінің сіресуі Кененің шаққан жерінде пішіні жағынан «Бұқаның көзі» секілді көрінетін, және жалпақ немесе сәл шығып тұратын бөріткен пайда болуы мүмкін. Көбінесе, бөріткеннің ортасында айқын шектелген аумақ болады. Бұл бөріткенді «жылжымалы эритема» деп атайды. Емделмеген жағдайда 4 апта немесе одан көп уақыт бойы орын алады.
Симптомдар пайда болып, жойылып кетуі мүмкін. Уақытылы емдеу болмаған жағдайда Лайм ауруы миды, жүректі, буындарды зақымдауы мүмкін. Бактериялардың организмге таралу сатысының симптомдары (2-саты) кене шақаннан кейін бірнеше апталар немесе айлар өткенде пайда болуы мүмкін, оған жататындар:
Лаймның кеш (кейінгі) сатысының симптомдары жұқпаланғаннан кейін айлар мен жылдар өткенде пайда болуы мүмкін. Аса жиі симптомы бұлшық ет пен буындағы ауырсыну. Басқа симптомдарына жататындар:
Бұлшық еттің әдеттегідей емес қимылы
Буындардың ісінуі
Бұлшық ет әлсіздігі
Ұйып қалу, шаншу сезімі
Сөйлеудегі мәселелер
Ойлаудағымәселелер
Болжамы
Ұзақ өтіп, әр түрлі жүйе-мүше зақымдалуымен өтсе де, болжамы қолайлы. Иммунитет стерильды емес болғандығынан-деинфекция кездесуде.
Лайм ауруы ерте анықталса, антибиотиктермен тиімді емделеді. Емделмеген жағдайда буындардың, жүректің және жүйке жүйесінің жағынан асқынулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен, асқынуларды да емдеуге болады.
Сирек жағдайда антибиотиктермен емделгеннен кейін де күнделікті өмірге кедергі келтіретін симптомдар қалуы мүмкін. Бұл Лайм ауруының пост-синдромы ретінде белгілі. Бұл синдромның себебі белгісіз.