Лимфоциттер, плазмалық клеткалар, эозинофилдерден қалыптасқан клеткалық инфильтраттар, тамыр тромбоздары, периваскулярлы лимфоидты инфильтраттар клеткалар арасында жатқан боррелиялар анықталды.
Клиникасы
Инкубациялық мерзім 3-32 күн. Клиникалық көріністер полиморфты. Клиникалық жіктелуі (Лобзин Ю.Д., Антонов В.С., 1996) Аурудың түрлері: латентты, манифестты Аурудың ағымы: жедел (3 айға дейін), жеделдеу (3-6 ай), созылмалы (6 айдан кейін) Клиникалық көріністері бойынша:
Жедел және жеделдеу ағымы:
эритемды түрі
эритемасыз, көбінесе жүйке жүйе, жүрек, буын зақымымен өтетін түрі
Созылмалы ағым:
үздіксіз
рецидивті (көбінесе жүйке жүйе, жүрек, буын зақымымен)
Ауырлығы бойынша: ауыр, орташа, жеңіл (жедел және жеделдеу ағымдарында). Инфекциялану бойынша: серонегативті, серопозитивті. Сырқаттың 1-ші аптасында (ұзақтығы 4-5 апта) – 70% науқастарда – кене шаққан орнында (көбінесе мойын, дене, жамбас аймақтарында) эритема қалыптасады. Эритеманың сипаты:
көлемі 3-50 см-ге дейін
маңайы қабыну валикпен қоршалған
ортасы бозғылт-көкшіл түсті
кейде ауырсыну, қышумен өтеді.
маңайындағы лимфаденит болуына тиісті
лимфангоит болмайды емдеусіз эритема 2-3 аптаға дейін сақталып, одан кейін өзінен өзі тарап кетеді.
Жалпы клиникалық белгілері ішінде: қызба (2-7 тәулікке дейін), енжарлық, миалгия, гепатомегалия (25% ауруларда). Егерде ауырған адамның иммунды жауапты жеткілікті болса, сырқат осымен шектеліп, науқас адам жазылып кетеді. Ал егерде иммунды реакциялар жеткіліксіз болып, қоздырғыштың әсері күшті болса-инфекциялық процесс 2-ші сатысына өтеді. ІІ-ші кезең сырқаттың 4-5-ші аптасынан басталады. Боррелиялар енген жерінен қан арқылы ішкі ағзаларға тарады: лимфа түйіндеріне, бауырға, көк бауырға, жүрекке, бұлшық еттерге, буындарға, бүйреке, ОЖЖ. Сондықтан, бұл кезеңдегі клиникалық көрістері әр түрлі болып, көбінесе зақымдалған ағзаларға байланысты болады. Жиі қалыптасатын синдромдар:
менингиальды
невритті
кардиальді
Бұл кезең 1 айдан бірнеше айға дейін созылады. Лайм ауруындағы неврологиялық көріністер:
серозды менингит (ерекшелігі-менингиальды белгілер айқын болмайды, ұзақ сақталынатын лимфоцитарлы плеоцитоз және белок көрсеткіші жоғары болу).
энцефалит, энцефаломиелит (пара және тетрапарездермит өтеді)
бет, көзқозғалтқыш және басқа 12 жұп бас-ми жүйке түпшіктерінің зақымдануы
невралгиялар, полирадикулоневриттер
нейропатиялар
перифериялық жүйке талшықтарының зақымы омыртқа жүйе бойы сезімталдық бұзылыстарымен және радикулоневриттермен, поли-моневриттермен, плекситтермен.
Баннварт синдромы: жүйке түпшікті ауырсынулар, перифериялық парез (У, УІІ), серозды менингит. Жүрек зақымы – кардиальды синдром сырқаттың 5-6 аптасында пайда болады. Науқастар – жүрек маңайында ауырсынулар, жүрек қағу, бас айналу, демікпе, әлсіздік деген шағым айтады. Обьективті: брадикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, жүрек көлемінің ұлғаюы, экстрасистолалар, ЭКГ-де өзгерістер Кейбіреуінде – миокардит, миоперикардит қалыптасады. Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы көбінесе артралгия, миалгия, остеоалгия түрінде байқалады, әсіресе ерте кезеңдерінде (3 айға дейін) кездеседі. 1/3 оқиғаларда – реактивті артриттер кездеседі, көбінесе ірі буындар, кейбір науқастарда қосымша тендимиттер, тендоваминттер, миозиттер. Бірен-саран науқастарда буындардың қабыну өзгерістері созылмалы түріне айналып, аутоиммунды ревматоидты артритке ұқсас өтеді. Кейбір науқастарда 2-ші сатысының белгілері эритемасыз өтеді. 3-ші кезеңде-теріжде, буындарда, ОНЖ қалыптасқан қабынулар созылмалы түріне айналып-осы ағзаларда атрофиялық және дегенративті өзгерістер тудырады. Өту бағыты үздіксіз немесе рецидивті болады. Әсіресе айқын түрінде неврологиялық өзгерістер сақталынады: астеновегетативті синдромнан психикалық өзгерістеріне дейін. Энцефалопатия – созылмалы боррелиоздың ең жиі кездесетін белгісі. Созылмалы радикулоневропатия-перифериялық жүйке жүйесінің созылмалы зақымдалуы. Терінің зақымдалуы 3-ші кезеңде келесі өзгерістермен байқалды:
лимфоцитома (Беферштедттері лимфаденозы)
созылмалы атрофиялық акродерматит
склеродермды өзгерістер
Лимфоцитома (бірен-саран және жайылған түрлері болады)-бетте, құлақ маңайында, омырау ұшында қызғылт-көкшіл түсті жұмсақ ауырсынатын түйіршіктер шығып; кейде регионарлы лимфаденитпен өтеді. Бір неше айға дейін сақталынады. Склеродермальды өзгерістер 1-3 жыл ішінде қалыптасады. Басында бір қолында не аяғында жайылған қызғылт дақтар түсіп, эритемаға өтеді де, нәтижесінде атрофиялық өзгерістер туып, тері бозарып жұқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |