лабораторлы: микроскопиялық әдіс (әр түрлі биологиялық бөлінділерін тексереді, бірақта концентарциясы төмен болғандығынан – жиі теріс нәтижелері)
серологиялық әдістер (РИФ, РСК, РНГА)- ИФА, иммуноблот (ИФР, КБР, ТЕГАР)
Антиденелер сырқаттың 3-6 аптасында айқындалады.
Лайм ауруының қоздырғыштарына антиденелерді анықтау үшін қанның талдау өткізіледі. Көбінесе, иммундық-ферменттік (ELISA) талдау (ИФТ) қолданылады. ИФТ нәтижелерін растау үшін «иммуноблоттинг» аталатын зерттеу әдісі қолданылады. Аурудың ерте сатысында қанның талдауы қалыпты болуы мүмкін. Лайм ауруы кең таралған географиялық өңірлерде дәрігер ауруды таралу сатысында (2- саты) зертханалық зерттеулерді жүргізбей-ақ анықтайды. Аурудың таралу сатысындағы зерттеу әдістеріне жататындар:
Электрокардиограмма
Эхокардиограмма
Мидың МРТ
Жұлынның пункциясы (жұлынның сарысуын зерттеу үшін белден алынатын пункция)
Кене шаққан адамды бөріткен немесе басқа симптомдарды анықтау үшін, кемінде, 30 күн бойы мұқият бақылау қажет. Келесі шарттардың болуына сәйкес доксициклиннің (антибиотик) бір реттік мөлшерлемесі тағайындалуы мүмкін:
Адамның денесінде Лайм ауруының тасымалдағышы болатын кене табылса. Әдетте, науқасты қарау үстінде кенені дәрігер немесе медбикелер анықтайды.
Кене адамның денесінде, кемінде, 36 сағат бойы жабысып тұрса. Науқас кенені алып тастағаннан кейін 72 сағаттан кейін антибиотиктер қабылдай бастауына болады.
Науқас 8 жастан асқан болуы, жүкті емес немесе бала емізбейтін болуы тиіс. Кенелердің 20 % B. Burgdorferi тасымалдағыштары.
Антибиотикпен емдеудің 4 аптасының 10 күні антибиотикті дұрыс таңдауға кететіндігін айту қажет:
Антибиотикті таңдау аурудың сатысына және симптомдарына тәуелді
Негізгі препараттарға жататындар: доксициклин, амоксициллин, азитромицин, цефуроксим және цефтриаксон.
Буынның қозғалуының қиындауында ибупрофен секілді ауырсынуды басатын препарат тағайындалады