Реферат тақырыбы: М. А. Даниловтың еңбектерінде "педагогикалық процесс"



бет1/4
Дата09.10.2024
өлшемі67,16 Kb.
#147291
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
РЕФЕРАТ БӨЖ 5 апта




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: М.А.Даниловтың еңбектерінде "педагогикалық процесс" туралы ұғымның дамуы. 
Өскемен, 2024

Жоспар

  1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.

  2. Педагогикалық үдерістің белгілері мен сапа-қасиеттері.

  3. Тұтас педагогикалық үдерістің қызметтері.

  4. Тұтас педагогикалық үдеріс құрылымы.

1. «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.«Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А.Данилов, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Оның барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік.
Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады
Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе. И.П. Подласыйдың пікірінше, педагогикалық
үдеріс — әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» — мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.Оның барлық құрамаларының бір мақстақа бағынатынын айқындайтын тұтастық, ортақтық, бірлік – педагогикалық үдерістің басты сипаттары.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет