ҚОРЫТЫНДЫ
Мәшһүр Жүсіптің сол замандағы діни ахуалды өзінің публицистикалық еңбектерінде
талдауы және көзқарасын білдіруі бүгінгі біздің еліміздегі қалып- тасқан діни ахуалды
түсінуге жіне түсіндіруге байла- нысты өзінің өзектілігі мен маңыздылығын аңғартады.
Әдіснамалық негіз ретінде оның шығармашылығына жүгінуге болады.
Мәшһүр
Жүсіптің жан-жақты шығармашылығындағы
басым бағдар-діни-
ағартушылық екені белгілі. Ол туған халқы мен
елінің мешеулігі мен артта
қалушылығының себептерін айқындап, озық елдердің қатарына қосылуы үшін білім мен
ғылым үйреніп,
сауат ашуға,
адал еңбек етіп, кәсіп үйренуге,
сондай-ақ имандылық,
ізгілік, адамшылық қасиеттерді бойына сіңірген жастарды тәрбиелеуге шақырды. Өзінің
осы мұратында қазақтың басқа да діни-ағартушылық ойшылдарымен үндес болды.
Сөз соңында менің зерттеуіме өзек болған қазақтың біртуар ойшылының да «Ұлы
даланың ұлы есімдерінің» біріне жатқызуға
болатындығын алға тартып, Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың бастамасымен көтерілген еліміздегі «Рухани жаңғыру» үдерісіне орай,
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кейінгі ұрпаққа қалдырған мол
рухани мұрасын игерудің
зор маңыздылығын тұжырымдаймын.