Реферат тақырыбы: Махмуд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат-түрік»


ІІІ ТАРАУ ДИУАНИ ЛҰҒАТ - АТ ТУРК АУЫЗ ӘДЕБИЕТЕГІ РӨЛІ



бет8/11
Дата18.12.2023
өлшемі94,04 Kb.
#140545
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат тақырыбы Махмуд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат-түрі-emirsaba.org

ІІІ ТАРАУ ДИУАНИ ЛҰҒАТ - АТ ТУРК АУЫЗ ӘДЕБИЕТЕГІ РӨЛІ

3.1 Сөздіктегі ауыз әдебиеті үлгілерінің көне дәуірдегі әдебиетпен сабақтастығы.
Сөздіктегі көркем туындыларды зерттеу үстінде біз бұл шығармаларды өзінше бөлек дара нәрселер емес өзіне дейінгі және кейінгі шығармалар мен сюжеттерге, өлең өрнектеріне іштей байланысты екенін байқадық.
Сөздіктегі көптеген жырлар Қашқари заманында көшпенділер жатқа айтып жүрген ерлік жырларының жұрнағы. Бұл жырлардың Орхон-Енесей, Талас ескерткіштерімен үндесіп жатуы осы жырлардың бір елдің мүлкі екендігін дәлелдесе керек. Орхон ескерткіштеріндегі сияқты «Дуани лұғат ит-түрктегі» жырдың қаһармандары да түн жүріп, жауына ойда жоқта тұтқиылдан шабуыл жасайды. Олардың қаны тасқын судай немесе нөсердей ағады, жеңілген жауына тізе бүктіреді, мойны мен басын игізеді, жау өздерінің жанын қалдыруын сұрап аласұрады.
Көне түркілер соғыста ерлікпен қаза тапқан батырларына арнап жоқтау, жыр шығаруды өте ерте заманнан бастап дәстүрге айналдырған. «Мұның себебі,-дейді академик Ә.Марғұлан –көне түркілер үшін таспен қашап мүсін жасаудан гөрі поэзиямен ескерткіш жасау, әлдеқайда жеңілдірек көрінген».
«Көптеген көне рулар мен тайпалардың осы елдер құрамына енуі, олардың ерте заманнан бері қарай айтып келе жатқан ауыз екі сөздері мен аңыздарының ұмыт болмай жалғастық тауып, дамып отыруы айқындайды» [13.189].
Бұған Орхон-Енесей ескерткіштеріндегі Күлтегін сынды батырдың таңғұттармен күресуі «сөздіктегі» таңғұттармен, ұйғұрлармен күресінің ұқсастықтарын айтпақпыз.
Қатынсыны жылады,
Таңғұт бегін жаулады.
Қаны ағып зулады,
Мойнынан қызыл қан зулады,-деген сияқты өлең жолдары Орхон жазба ескерткіштерінде де кездесіп отыруы кездейсоқ емес, онда:
Түнде ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Қызыл қанымды ағыздым,
Қара терімді төктім.
Еліміз қайта ел болды,
Халқымыз қайта халық болды,-дейді.
Тағы да бір айтып кететін мәселе –Махмұд Қашқари жинап, өз еңбегіне енгізген жырлардың басым көпшілігі қарапайым еңбек адамдарының көркем туындылары болып, солардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаса, енді бірқатар өлеңдер қанаушы шонжарларға қатысты, солардың сойылын соғатын шығармалар болып келеді.
Жинақтағы ерлікті мадақтайтын өлеңдер түрік каһармандық жырларымен үндесіп жатады.
Қиқулап атпен шабатын
Семсермен қалқан алайық
Дұшпанға айран салайық
Аш жанынан түңілсің
Қоршайың жаудың қамалын,
Қиратын жау-жарығын
Қалжырап жерге бүгілсін….
Батырлардың жекпе-жегін бейнелейтін тұстар да түрік эпосында тұрақты жалғастық тапқан:
Әлжеткенше алысты,
Урандасып табысты,
Қос батырдай қарысты.
Бізден ошін алмаққа…
Қазіргі түрлі халықтарын фольклорында орын алған жанрлардың көбі ежелден желі тартып келе жатқанына да мысал осы жинақтан табылады. «Алып Ер Тоңаны жоқтау» бұған көз жеткізеді.
Шеңгелек ажал салды ма?
Ер Тоңаны алды ма?
Сум дүние артта қалды ма?
Қайғылы жүрек жыртылды-ау
Сум ажал бүгін жылатты
Құрығын салып құлатты
Бектердің бегін сулатты
Қыршын да ғумыр қырқылды-ау…
Көне түрік өлеңдерінде адамзат бізге аңшылыққа қатыстылары да жоқ емес.
Төрт аяғын билетіп,
Құр атқа басын үйретіп,
Қырық кез қырық сүйретіп
Киікке тазы қосайық….[14]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет