Реферат тақырыбы: Материялық нүктенің іргерімелі қозғалысы. Тексерген: Үргенішбеков А. Т. Орындаған: Исаев Б. Қызылорда



бет1/4
Дата15.08.2023
өлшемі137,87 Kb.
#105310
түріРеферат
  1   2   3   4

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ


ИНЖЕНЕРЛІ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ


ИНЖИНИРИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Материялық нүктенің іргерімелі қозғалысы.

Тексерген: Үргенішбеков А.Т.


Орындаған: Исаев Б.

Қызылорда






Мазмұны

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а.Толқындық функция


ә.Шредингер теңдеуін шешу мысалдары
б. Туннельдік эффект.
в.Дирак теңдеуі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бұған дейін айтып кеткеніміздей, XX ғасырдың басында ашылған бірқатар құбылыстар мен тәжірибелік айғақтар классикалық физиканың негізгі тұжырымдарыменқайшылыққа келіп, оларды зерделеу нәтижесінде жаңа, кванттық көзқарас дами бастады. Микробөлшектердің корпускулалық-бөлшектік қасиеттерінің анықталуы, атомдық физика саласындағы зерттеулер классикалық физика заңдарын микробөлшектерге қолдануға қойылатын шектеулерді айқындады. Мұның өзі микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу заңдарын сипаттайтын кванттық механиканың туындап, дамуына себепкер болды.
Релятивтік емес (баяу бөлшектерге арналған) кванттық механиканың негізгі теңдеуін 1926 жылы Э . Шредингер тұжырымдап жазды. Бұл теңдеуді біз қарастырмаймыз, тек оның негізгі сипаттамасы мен салдарларын талдау жеткілікті.
Бұл — толқындық теңдеу және одан тәжірибелерде бақыланатын бөлшектердің толкындық қасиеттері шығады. Кванттық механикада бөлшектің күйін толқындық функциямен сипаттайды. Толқындық функция — координаталар мен уақыттың комплекстік функциясы, оның айқын түрі Шредингер теңдеуінің шешуінен шығады да, соңында бөлшекке әрекет ететін күштердің сипатымен анықталады.
Кеңістіктің берілген нүктесіндегі де Бройль толқындарының интенсивтігі (амплитудасының квадраты) осы нүктеге түсетін бөлшектердің санын анықтайтыны туралы жоғарыда айтқанбыз. Ал, егер жеке бөлшек қарастырылса, оған сәйкес де Бройль толқынының интенсивтігі бөлшектің осы нүктенің маңына түсу ықтималдығынбілдіреді. Кванттық механиканың ең маңызды ерекшелігі — микробөлшектің күйін ықтималдылық тұрғысынан сипаттау. 1926 жылы М. Борн ықптималдық амплитпудасыдеп аталатын шама толкындық заңдылықпен өзгереді деген болжам айтты, бұл шаманы толқындың функция немесе ψ(пси)- функциясы деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет