Жоспар І. Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім 1.Мәдени мұра бағдарламасы.
2.Ботай, Сарайшық, Бозоқ, Бекет-ата мәдени объектісі.
3.Ақсу-Жабағлы, Қорғалжың қорықтары.
ІІІ.Қорытынды ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Мәдени мұра - орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім мен мәдениеттің де қайнар көзі. Бұл, табиғи байлықтарымен қатар, ұлттық өзін-өзі сыйлауы мен әлемдік қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады. 2009-2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасының Тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 13 маусымда өткен "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысында берілген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Бұл Тұжырымдамада 2004 - 2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) іске асырудың негізгі аспектілері және 2007 - 2009 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының (бұдан әрі - салалық бағдарлама) екі жылдық нәтижелері талданып, оны алдағы жылдары іске асырудың басым бағыттары көрсетілген. Тұжырымдаманың өзектілігі Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отырумен айқындалады. Өткен кезеңдердегі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді қайта зерделеу мен бағалау процесі барынша күшейіп келе жатқан қазіргі уақытта ақиқатқа объективті, нақпа-нақ және сындарлы тұрғыдан қарап, мәдени мұраны сақтау мен тиімді пайдалану перспективаларын терең бағамдау қажеттілігі туындап отыр. Осы Тұжырымдама халықтың әлеуеті мен ізгілік бағытын паш етіп, оның тарихи тәжірибесін байытқан және ұрпақтар жалғастығының сенімді тірегіне айналған стратегиялық ұлттық жобаны одан әрі іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған "Мәдени мұра" салалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын жасауға негіз болады. Осы Тұжырымдаманың мақсаты - рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу. Қойған мақсаттарға жету үшін күш-жігерді мынадай негізгі міндеттерге жұмылдыру қажет: тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; мемлекеттік және салалық бағдарламалар іс-шаралар жоспарын іске асырудың тиімді тетіктері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау; мемлекеттік және салалық бағдарламаларын іске асыру барысында жинақталған жаңа және жүйеленген білімді ғылыми айналымға енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; тарихи-мәдени мұраны туризмді дамыту үшін белсенді пайдалану, тарих және мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі ретінде қарастыру; тарихи-мәдени мұраны халыққа кеңінен тарату мақсатында қоғамдық білім және бұқаралық ақпарат салаларына аудару жолдарын іздестіру; Түркістан қаласы мен Отырар қалашығындағы бірқатар маңызды ескерткіштерді, Есік пен Берел қорғандары және басқа да тарихи-мәдени кешендерді заман талабына сай қайта қалпына келтіру жөнінде шаралар әзірлеу, олардың мемлекет тарихындағы, елді біріктіруші құндылықтар ретінде алатын орнын айшықтайтын жүйелі іс-шаралар жүргізу; еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде насихаттау; шетелдік ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып ұлттық мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеу, олардың ғылыми айналымға түсуін қамтамасыз ету. Тұжырымдаманың басым бағыттары: 1) ұлттық рәміздерді қалыптастыру; 2) мәдени туризмді дамыту; 3) ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; 4) өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу; 5) жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; 6) саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру.
«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» арнайы жобасы аясында елімізде республикалық деңгейдегі Бозоқ, Ботай және Сарайшық — үш музей-қорығы ашылды.
Бұл үлкен жетістік. Оның ішінде, алғашқысы – Сарайшық, екіншісі – жылқы малы алғаш қолға үйретілген жер екенін бүкіл әлем мойындаған Солтүстік Қазақстандағы Ботай. Үшіншісі – Бозоқ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 наурыздағы № 150 қаулысымен «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Ұйымда танымал ғалымдар, археологтар мен музей қызметкерлері істейді. Ғалымдар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында сипатталған ата-бабаларымыздың жетістіктерін бейнелейтін «Бозоқ» музей-қорығының сәулет көрінісін құру тұжырымдамасын қалыптастырды.
«Бозоқ» музей-қорығы жобасының негізгі мақсаты - Бозоқ ортағасырлық қалашығын қалпына келтіру және Ботай, Сақ, Хұн, Түркі және Қазақ хандығының 5 хронологиялық тарихи кезеңдері бейнелейтін қоныстарын археологиялық саябақ кешенінде көрсету. Бұл ежелгі дәуірдің сол кезеңдегі ортасына енуге мүмкіндік беретін жанды музей болады. Әлемдік тәжірибеде соңғы жарты ғасырда осындай музейлердің өркендеуі байқалады. Қазақстанда 240-тан астам музейдің ішінде тек 12 қорық-музей бар, ол музейлердің жалпы санының 5%-ын құрайды. Елімізде республикалық мәртебесі бар археологиялық және этнографиялық профильді музейі жоқ. Бозоқ музей-қорығының жобасын жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу қызметімен қатар ойын-сауық пен демалыс, спорт пен денсаулық функциялары маңызды болатын сапалы жаңа форматты жанды музейін құру.
Бозоқ музей-қорығында археологиялық парк, музей-ғимараты, отбасылық демалыс орталықтары, балаларға арналған жасөспірімдер лагері, амфитеатр, биопарк, левадалар, саябақ аймақтары, шығыс базарлары, қолөнер шеберханалары, тақырыптық дәмханалар, шәйхана, алма бақшалары болады. Толық кешен 300 гектар аумақта орналасады.
Осылайша, Бозоқ ексерткіші ашылғаннан кейін 20 жыл өткен соң, еліміздің ежелгі және ортағасырлық тарихының жарқын беттерінің бірі болатын, ғылыми және шығармашылық жобаларды іске асыру үшін платформа негізінде саналатын Археологиялық саябағы салынатын болады. Инновациялық жоба ретінде, Бозок елдің туристік картасында тартымды мәдени инфрақұрылымға айналады.
Бұл 1990-шы жылдардың соңында Кемаль Ақышұлының бастаған шағын археологтар тобының зерттеуі толығымен бағаланып, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, ұрпақтар арасындағы рухани байланыстың қалыптасуына, сондай-ақ ата-бабаларымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын Бозоқ музей-қорығында таныстыру үшін, жалғастыру керек.