МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
2
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
1. Медициналық интроскопияға түсінік;
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Компьютерлік
томография;
2. Магнитті - резонансты томография;
3. Флюорография;
4. Ультрадыбысты зерттеу әдісі;
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
3
КІРІСПЕ
1.
Медициналық интроскопияға түсінік
Медициналық интроскопия (медициналық көрініске келтіру) — медициналық
диагностиканың бір тарауы.Адам ағзасын инвазивті емес
зерттеумен
айналысады.Физикалық әдістердің көмегімен ішкі құрылымдардың бейнесін алу. Атап
айтқанда,мыналар пайдаланылады: дыбыс толқындары (ең маңыздысы,ультрадыбыс), әр
түрлі толқын ұзындығындағы электромагниттік сәуле шығарулар, тұрақты және
айнымалы электромагниттік өріс, радиобелсенді изотоптар шығаратын
(радиофармпрепараттар шығаратын) элементар бөлшектер.
Медициналық интроскопияның барлық әдістерін мынадай негізгі топтарға
бөлуге
болады:
1. Рентгенологиялық;
2. Магнитно-резонанстық;
3. Оптикалық;
4. Радионуклидтік;
5. Ультрдыбыстық.
Көрініске келтірудің рентгенологиялық әдістері.
Рентгендік сәуле шығару — электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін
сәуле шығарумен гамма сәуле шығырулардың арасында орналасқан, толқын ұзындығы
10−14, 10−8 м. сәйкес келетін электромагниттік толқын. Рентгендік сәулелер мен гамма-
сәулелер энергетикалық үлкен аймақпен бірін бірі жауып отырады. Рентген сәулесі мен
гамма сәулелері де электромагниттік сәуле шығаруға жатады.
Рентгендік сәулелер қатты үдетілген зарядталған бөлшектердің тежелуінен пайда
болады.Сонымен бірге молекулалар мен атомдардағы электрондық
қабаттар арасында
жоғары энергетикалық өтулер нәтижесінде пайда болуы мүмкін.Екі эффект те рентген
түтікшелерінде пайдаланылады.Рентгендік түтікшедегі катодтан шығарылған
электрондар анод пен катод арасындағы жоғары кернеулі потенциалдар айырмасы
әсерінен үлкен жылдамдыққа дейін үдетіледі де анодпен
соқтығысып,тежеледі.Нәтижесінде анодта рентген сәулелері шығарылады.Бір мезгілде
атомның ішкі электрондық қабаттарынан электрондар жұлып шығарылады.Электрондық
қабаттардағы бос орындарға атомның басқа электрондары орналасады.Бұл кезде
сипаттамалық рентгендік сәулелер шығарылады.Бұл сәулелердің ерекшелігі, анод
жасалған материалға және спектрдің энергиясына байланысты.
Ангиография. Қан тамырларын контрастылық рентгенологиялық зерттеу
әдісі.Ангиография қан тамырларының функциональдық күйін,окольдық қан ағысын
және патологиялық процестің ұзақтығын қарастырады. Зерттеу тамыр пункциясы (тесу)
жолымен және одан әрі қарай катетеризациямен жүргізіледі.(тамырға
арнайы катетер