Мұғалімнің аты-жөні:
|
Бейсмолдаева Анаргүл Тураровна
|
Пән/Сынып:
|
Математика, 4-сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
|
4-апта 19-сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Есеп шығару
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Пропорционал бөлуге берілген есептер/ Табиғи жағдайлар және олардың мамандықтар үшін маңызы.
|
Оқу мақсаты:
|
4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке, пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару
|
Бағалау критерийі:
|
белгісізді екі айырым бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Сәлеметсің бе? Пропорционал бөлуге берілген есептер/ Табиғи жағдайлар және олардың мамандықтар үшін маңызы.
|
Не меңгеретінін білу үшін
|
|
Презентация №1
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
1 тапсырма Есепті шығар (оқулықтың 91-бетіндегі)
Сағатына бірдей мөлшерде жанармай жұмсай отырып, автокөлік 4 сағат ішінде 36 л жанармай жұмсады. Дәл осындай мөлшерде жанармай жұмсайтын болса, 7 сағат жүрген кезде автокөлікке қанша литр жанармай қажет?
4 сағ-36л
7сағ-?л Шешуі: 36:4*7=63л
Жауабы: 7 сағат жүрген кезде автокөлікке 63литр жанармай қажет.
Есіңде сақта!
Пропорционал бөлуге арналған есептерді (немесе оларды бірлікке келтіру деп те атайды) шығару үшін, екі амалды орындау қажет. Олардың біріншісі – бөлу. Алдымен есептің шартында бірлік ретінде не алынғанын табу қажет. Содан соң табылған бірліктің көмегімен есептің шартында берілген сұрақтың жауабы анықталады.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
шамаларды және олардың бірліктерін атай алады;
шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіре алады;
есептерді талдап, шығара алады.
|
|
Презентация № 2
|
8 минут
|
Тәжірибе
|
2-тапсырма. Есепті шығар (оқулықтың 91-бетіндегі)
Трактор жүргізушісі кішігірім трактормен 4 сағат ішінде 5 000 м2 жерді жыртты. Дәл осындай еңбек өнімділігіменол 8 сағаттық жұмыс күнінде қанша квадрат метр жерді жыртады?
4 сағ-5 000 м2
8 сағ-? м2
Шешуі: 5 000:4*8=1 250*8=10 000 м2
Жауабы: 8 сағаттық жұмыс күнінде 10 000 м2 жерді жыртады.
|