Реферат тақырыбы: мемлекеттің Қызметтері орындаған: Бекболат Әли Тексерген: Рустемова А. К



бет2/5
Дата17.03.2023
өлшемі23,56 Kb.
#75097
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
рефрат (копия)

Мемлекет функцияларының түсінігі. Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мем-лекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары – ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.

  • Мемлекет функцияларының түрлері. Мемлекет функция-ларын түрлерге бөлуді әртүрлі негіздер бойынша жүзеге асыруға болады:

    а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуы-ның барлық кезеңдерінде жүзеге асырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
    ә) маңыздылығына қарай – негізгі және қосымша функциялар;
    б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына бай-ланысты – ішкі және сыртқы функциялар.
    Мемлекеттің ішкі функциялары – оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функ-цияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бос-тандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функция-сы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция. Мемлекеттің сыртқы функциялары – оның алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешуге байланысты қызметінің негізгі бағыт-тары. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: мемлекетті қорғау функциясы, бейбіт тәртіпті сақтау функциясы, басқа мемлекеттер-мен одақтасу функциясы және т.б.
    3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
    а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
    ә) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қыз-мет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
    б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет.
    Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
    а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. байланысты Амемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы; ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеп-пен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
    б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабыл-данған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т.б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет