Реферат тақырыбы: мемлекеттің Қызметтері орындаған: Бекболат Әли Тексерген: Рустемова А. К



бет5/5
Дата17.03.2023
өлшемі23,56 Kb.
#75097
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
рефрат (копия)

6. Мемлекеттің сыртқы функциясы


Мемлекеттің сыртқы қызметі-оның қызметінің халықаралық ортадығы негізгі бағыты .Олар мемлекеттің мынадай сыртқы мақсаттарын шешуге тиісті:барлық басқа жер бетіндегі мемлекеттік қауымдастықтармен пайдалы ынтымақтастық жасау және отанды сыртқы жаудың шабуылынан қорғау.
Басқа мемлекеттермен екі жаққа да пайдалы ынтымақтастық мемлекеттің тең құқықты экономикалық,саяст,мәдени және басқа қатынастарды белгілеуге және дамытуға бағытталған әртүрлі қызметі. Мұнда бұл мемлекеттің белгілі мүддесі,барлық мемлекеттердің мүдделерімен қабысуы қажет.Қоғамның қазіргі кездегі дамуы обьективті түрде барлық өркениетті ме,млекеттердің шаруашылқ,саяси және мәдени өмірді біріктіріп дүниежүзілік қауымдастықты түгелімен қамти отырып әр мемлекеттің ішкі проблемаларын тиімді шешуді қажет етеді. Мұндай ынтымақтастық кең болжам және екі жаққа да пайдалы интеграциялық мәселелерге тіреледі,бірігудің нәтижесінде табылған бір ғана мемлекеттің мүддесіне жауап беріп қоймай барлық ынтымақтастықтағы елдердің мүдделеріне жауап беретін рационалды шешім.
Саяси жағынан- мемлекеттердың ынтымақтастығы ең алдымен, бейбітшілік және соғыс мәселелеріне байланысты белгілі болады. Қазіргі дүниежүзілік мемлекеттік қауымдастықтың дамуындағы деңгей өте үлкен жанжалды болдырмауға мүмкіндіге бар. Мемлекеттер арасындағы саяси ынтымақтастық мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде жүзеге асырылады:парламентаралық,үкіметаралық,жергілікті өзін-өзі билейтін деңгейде.
Еуропалық ынтымақтастықта мемлекетаралық заң шығаратын,атқарушы және сот органдары бар,олардың қызметтері біріккен мемлекеттердің өзара мүдделеріне байланысты белгіленеді.Ондай мемлекетаралық құрылымдар конферативтік және кейде федеративтік белгілермен ерекшеленеді, Себебі жалпы заң шығаратын және басқару органдары бар.

7.Мемлекеттің Отан қорғау функциясы және оның басқа функциялармен қарым –қатынасы


Отанды сыртқы жаудан қорғау мемлекеттің ең маңызды функциясы екендігі белгілі.Мемлекеттік –ұйымдасқан қоғамның тарихи даму кезеңдерінде әр уақытта отанды сыртқы шабуылдан қорғау,оның еркіндігін және тәуелсіздігін сақтау обьективті қажеттілк болды.
Қорғаныс функциясының түсінігі үлкен және көпжақты.Ол өзіне,бардық мемлекет жүйесінің отан қорғауға арналған,бейбіт кездегі және соғыс кезіндегі қарулы күштердің соғысқа дайындығын арттыратын шараларын қосып алады. Мемлекеттің қорғаныс қызметі оның соғыс доктринасына негізделеді және бес негізгі бағыттарға бөлінеді:
1.Елдің қорғаныс күшін бекіту.Мемлекеттің жоғарғы отан қорғауды қамтамасыз етуге , дамыған және тиімді жаңа ғылыми-техникалық прогреске сүйенген экономика қажет,себебі ол қоғамның материалдық қажеттігін өтеп қана қоймай ,елдің отан қорғайтын қабілеттілігінің бекуіне қажетті нәрсені өндіреді.
2.Қарулы күшті жетілдіру, олардың әскери қабілеттілігін және дайындығын арттыру.Әрбір мемлекет өзінің қарулы күштерінің мықты,жинақы болуын,қазіргі қорғану әдістері бар,барлық соғыс техникасын профессионалды пайдаланатын , жоғарғы әскери қабілеттілігі және дайындығы бар,заңды режимде қимылдайтын,халықаралық құқыққа сай болуын көздейді.
3.Мемлекеттік шекараны қорғау.Бұл функция мемлекеттің заңдарымен белгіленген шекаралық әскермен не болмаса басқа арнайы бөліктерімен іске асырылады және шекаралық режимді қамтамасыз етуге бағытталған.
4.Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.Мемлекет бейбіт кезде әртүрлі сыртқы жауға қарсы тұруға және соғыс кезіңде елдің экономикалық функциясының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған әртүрлі шаралар қолданады.Ол қызмет соғыс кезінде,тұрғындарды өз жерінен басқа қауіпсіз жерге көшіруді алдын ала белгілейді.Ол арнайы қорғаныс құрылыстарын салуға,құтқару және бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарына байланысты.
5.Қарулы күштердің кезектегі адамдардың әскери қызметке оқыту. Көптеген мемлекеттердегідей ,Қазақстанда да әскери есепте тұрған адамдарды дайындау жұмыстары ұйымдастырылып тұрады.Себебі,мемлекетаралық жанжал шығып соғыс қаупі төнсе,сол адамдар әскер қатарына шақырылып оның санын көбейтеді.Мемлекет әскери дайындықта ортан және жоғары оқу орындарында да әскери кафедралар арқылы жүргізеді.
Мемлекеттің отан қорғау функциясы оның басқа функцияларымен тығыз байланысты.
Отан қорғау функциясымен экономикалық функцияның әрекеттестігін,оның эффективті экономикалық функциясы арқылы қарулы күштерді қазіргі жетілген әскери техникамен және қарулармен қамтамасыз етуінен,әскери обьектілердің құрылыс жұмысын жүргізуден,қорғаныс өндірісін дамытудан және әскериғылыми зерртеу жұмыстарынұйымдастырудан анық көруге болады.

Пайдаланған әдебиет


  1. Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ

«Интерлигал», 2005. ISBN 9965-537-99-2

  1. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық құралы – Алматы. Сапарғалиев Ғайрат, Ибраева Алуа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет