Реферат тақырыбы Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері


Мемлекет функцияларының бөлінуі және түрлері (



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі26,66 Kb.
#119663
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
ӘҚБ реферат-Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері

2. Мемлекет функцияларының бөлінуі және түрлері (классификациясы)

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен үдерістерді оқу барысында классификация тәсілі кең көлемде қолданылады, себебі, бұл тәсілсіз мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен үдерістердің барлық алуан түрлілігін ретке келтіру және салыстыру мүмкін емес. Классификация тәсілі мемлекет функцияларын оқуда да тиімді қолданылады. Мемлекет функциялары әртүрлі критерийлер бойынша классификациялана алады.
Әрекет ету ұзақтығына қарай олар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функцияларды мемлекет өзінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырса, ал уақытша функциялар қоғамның дамуында төтенше сипаттағы жағдайларының қандай да бір міндетін шешумен өз әрекетін жояды.
Кейбір ғалымдар мемлекет функцияларын негізгі және қосымша деп бөледі. Әлбетте, функцияларды бұлай бөлу тым шектеулі, себебі, мұндай демаркациялардың критерийлері нақты анықталмаған. Шын мәнінде, мемлекеттің әрбір функциясы ол үшін қажет. Мемлекеттің барлық қызметі бірдей маңызды, бірақ, бұл әр түрлі кезеңдердегі басым бағыттарды анықтауды жоққа шығармайды, өйткені, оларға бірінші кезекте назар аудару керектігінен. Сондықтан, ол бағыттар мемлекет үшін негізгі бағытқа айналады.
Мемлекеттің функцияларының ішкі және сыртқы деп бөлінуі кең таралған. Мемлекеттің ішкі функциялары өз кезегінде мемлекет қызметінің салалары бойынша классификацияланады, осыған сәйкес бұл функциялар экономикалық, әлеуметтік, қаржылық бақылау, құқықтық тәртіпті қорғау және экологиялық болып бөлінеді.
Экономикалық функцияны мемлекеттің ел экономикасын дамытудағы стратегиялық бағыттарын неғұрлым оңтайлы режимде әзірлеуі мен үйлестіруінде көруге болады. Мемлекет осы мақсатта бюджетті дайындайды және оның жұмсалуын бақылайды, мемлекет деңгейіндегі экономикалық даму бағдарламаларын жасайды, өнеркәсіптік және ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландырады, өндірісті ынталандырудағы материалдық игіліктерді өндірушілерге субсидиялар береді. Мемлекеттің экономикалық функциясы, сонымен қатар, экономиканың мемлекеттік секторын тікелей басшысы болып басқаруда да көрінеді. Бұл тұрғыда, мемлекеттің өзі өндіріс құралдарының иесі, материалдық тауарлар мен қызметтерді өндіруші ретінде әрекет етеді. Сонымен, мемлекеттің экономикалық функциясы – ұлттық экономиканың тиімділігін сақтау және топтар арасындағы антагонистік қайшылықтарды болдырмайтын қоғамдық құрылымның қалыптасуына ықпал ету міндеті .
Мемлекеттің әлеуметтік функциясының материалдық тауарлар өндірісіне тікелей қатысуына қарамастан, қоғамның барлық мүшелерінің қалыпты өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған. Адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудағы, тұрғындардың қалауына сай өмір сүру деңгейін қамтудағы, қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі, оған ақы төлеудегі және т.б. шараларын жүзеге асыру мемлекеттің әлеуметтік функциясына кіреді. Құқықтық мемлекеттегі әлеуметтік саясат еңбек үлесіне қарамастан, әртүрлі объективті себептермен толыққанды жұмыс істей алмайтындардың (науқастар, мүгедектер, қарттар, студенттер, балалар) өмір сүру деңгейін лайықты қамтамасыз етуде әлеуметтік игіліктерді бөлуді көздейді. Мемлекет денсаулық сақтауға, мәдени демалысқа, білім алуға, тұрғын үй салуға, көлік пен байланыстың жұмысына қажетті қаражат бөледі.
Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы – мемлекеттің бұл қызметі, оның заңнамалық талаптарының қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларымен орындалуына бағытталған. Қоғамдық және мемлекеттік өмірі әділетті заңдар негізінде қаланған құқықтық мемлекетте қоғамның, мемлекеттің, жеке адамның мүдделері кез келген заңсыз қол сұғушылықтан қорғалады. Тұрақты құқықтық тәртіп жағдайында экономика тиімді жұмыс істейді, адамның еркін дамуына нақты кепілдік береді, сондықтан мемлекет құқықтық тәртіпті арнайы органдардың (сот, прокуратура, ішкі істер органдары және т.б.) көмегімен қамтамасыз етеді.
Табиғатты қорғау (экологиялық) функция – кез-келген заманауи мемлекеттің өмірлік маңызы бар қызметі. Дәл, осы қоршаған ортаны қорғау арқылы мемлекет функцияларының эволюциясы анықталатыны сөзсіз. Мемлекетке дейінгі қоғамның өзінде-ақ тіршілік ету ортасының ластануына байланысты кландар мен қарабайыр топтардың үздіксіз қоныс аударуы болды. Қазіргі кезеңдегі радиоактивті қалдықтар, су және ауа ресурстарының өнеркәсіптікпен ластануы, ормандардың азаюы және басқа да қолайсыз зардаптар – осылардың барлығы қазіргі адами күнкөрістің ащы шындықтары болып табылады. Осыған байланысты көптеген елдерде қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұлттық бағдарламалары бар, олар қоршаған орта тұтастығын бұзушыларға белсенді шараларды қолдануды, тіпті ластану көздерінің немесе өндірістің зиянды қалдықтарының толық жойылуын көздейді.
Сыртқы функциялармемлекеттің халықаралық қатынастардағы міндеттерін жүзеге асыруы болып табылады. Жеке мемлекет бостандықты, қауіпсіздікті және меншікті қамтамасыз ету функциясын жүзеге асыра отырып, ел ішіндегі тәртіпті (ішкі функция) белгілейді және қорғайды, және де (сыртқы функция) елдің қорғанысын жүзеге асырады, шетелдегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін дипломатиялық жолмен қорғайды. Жалпы алғанда, мемлекеттің сыртқы бағыттарының қатарына әскери қызметін жатқызуға болады, ол мемлекеттің қорғаныс немесе агрессия функциясы сияқты сипатына байланысты. Және де сыртқы саяси, экономикалық, және мәдени байланыстар функциялары мен қоршаған табиғи ортаны сақтаудағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін экологиялық функция. Алайда, кейбір ғалымдардың, құқық пен мемлекеттіліктің қазіргі парадигмасы тұрғысынан, агрессивті сыртқы саясатты, агрессивті соғыстарды, империалистік қызметті мемлекеттің функцияларына жатқызуға болмайды деп санайтыны әділ. Бұл – халықаралық құқыққа қайшы келетін қызмет, құқыққа қайшы әрекет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет