Реферат тақырыбы Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері



бет1/3
Дата19.10.2023
өлшемі26,66 Kb.
#119663
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
ӘҚБ реферат-Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері




РЕФЕРАТ
Тақырыбы
Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері.
Орындаған заң факультетінің 2курс В049-4201-22-01 тобының студенті: Алтынбай Н.А.
Тексерген маман: Мугауова А.И.



Астана 2023

Жоспар


I. Мемлекеттік басқару функциясының белгілері, түрлері


1. Мемлекет функциялары туралы түсінік
2. Мемлекет футкцияларының түрлері(классификациясы)


1. Мемлекет функциялары туралы түсінік.

Мемлекет функциясы – оның қызметінің негізгі бағыты, ол мемлекеттің қоғамдағы мәні мен миссиясын көрсетеді. Мемлекеттің қоғамдық табиғатын, ең алдымен оның функцияларынан көреміз, өйткені, кез келген феномен оның әрекеті барысында айтарлықтай айқын көрінеді. Мемлекеттің көп ұзамай пайда болғаны бекер емес. Өйткені, рулық құрылымдар ыдырағаннан кейін, қоғамның табиғатынан туындайтын істерді өзінің ұйымдастыруымен шешуді қамтамасыз ете алған тек мемлекет еді. Оның тарихи миссиясының қандай қызмет салаларында дамитынын оның функцияларынан көре аламыз.


Мемлекет функциялары ұйымдастыру-басқару еңбегін стардартты емес ерекше бөлу үдерісінде қалыптастырылады. Бөлу үдерісі барысында міндеттердің қай бөліктері мемлекет мойнына өтетіні және осы міндеттердің жартысын өзін-өзі басқару формасында шешетін қоғамға қай бөлігі қалатыны белгілі болады. Бұл бөліну, әдетте, күреспен жүргізіледі, өйткені, ол адамдардың бостандығының көлемі мен мемлекеттің өз азаматтарының жеке және қоғамдық өміріне араласуының шегін анықтаумен байланысты.
Батыс ғылымында мемлекет функциялары туралы мәселелер көп қарастырылмайды, әдетте, мемлекет мақсаттары мен міндеттері туралы сөз қозғалады. Отандық құқық ғылымында функция – қандай да бір саяси-құқықтық институт қызметінің бағытын, мәнін, оның мазмұнын, оны қамтамасыз етуді білдіреді. Мемлекеттің, министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың функциялары дәл осы мағынада айтылады. Демек, мемлекет функциясы – мемлекет қызметінің кешенді қарастыралатын мәні мен мазмұны және оны қамтамасыз етудегі құралдары мен әдістері.
Мемлекет функцияларын мемлекеттік биліктің, мемлекеттік органның, билік тармақтарының функцияларынан ажырата білу керек. Мемлекеттің функциялары – мемлекеттің саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымдастыруымен алғанда біртұтас қызметі. Мемлекет функцияларының бұл тұтастығы белгілі бір қызметке арналған көптеген мемлекеттік органдардың (қаржы, білім беру, прокуратура) функцияларынан ерекшеленеді.
Мемлекет функциялары сан қырлы болып келеді, олар мемлекеттің тек таптық сипаттамаларына ғана байланысты емес. Мемлекеттің функцияларына қоғамның қазіргі заманғы тыныс-тіршілік жағдайлары мен проблемалары, өркениеттің (экология, ядролық қару, демографиялық, шикізаттық және өзге де жаһандық проблемалар) бар болуы негізгі әсер етуші болып табылады. Осы тұрғыда, мемлекет функцияларының эволюциясы туралы айтуға болады. Мемлекеттің дамуымен, өзгеруімен, мемлекеттің басқа типтеріне өтуімен кей функциялар маңыздылығын жоғалтса, ал кейбіреулері, керісінше, өрши келе, жаңа мазмұнмен толтырылады және негізгісіне айналады. Осылайша, ежелгі қоғамдарда мемлекеттің негізгі функциялары – басқа елдің аумақтарын басып алу, қоғамның әлеуметтік стратификациясын сақтау, әртүрлі таптардың, қоғамдық топтардың, кландардың үстемдігін қамтамасыз ету еді. Орта ғасырлар кезеңінде феодалдық қатынастарды қорғау мен сақтау, шаруаларды экономикадан тыс мәжбүрлеу, феодалдық меншікті шоғырландыру, сюзерендер мен вассалдар арасындағы әртүрлі қатынастарды сақтау мемлекеттің негізгі функциялары болып табылды.
Мемлекет функцияларының айтарлықтай өзгеруі жаңа және қазіргі уақытта орын алады. Мысалы, экономикалық салада – мемлекеттің экономикаға аз араласуына, ал, саяси салада – таптық қарсыластарына қысым көрсетуден адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көшу жүріп жатыр. Мұның барлығы, мемлекеттің эволюциясымен қатар, мемлекеттің белсенді жағы да өзгеретінін, мемлекет қызметінің жаңа бағыттары пайда болатынын, және бұл қызмет жаңа мазмұнмен толтырылатынын, мемлекет функцияларын қамтамасыз етуде басқа әдістер мен құралдар пайда болатынын айтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, функционалды жол әр түрлі типтегі, түрлер мен формалардағы мемлекеттердің пайда болуы, дамуы, ауысуы, жойылуының ұзақ тарихи процесін, яғни мемлекеттіліктің қалыптасуы мен эволюциясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет