Реферат Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың заманауи әдістерін талдау»



бет5/6
Дата07.04.2023
өлшемі281,06 Kb.
#80282
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат сөж Саясаттану Ұзақбай Аяулым

Қорытынды
Мемлекетімізде егемендікті алғанан соң оны жүзеге асыруға байланысты жүргізілген соңғы жылдардағы қызу саяси процесстер мемлекеттік билік жүйесін көптеген өзгерістерге ұшырату нәтижесіндс бақылау қызметінің жүйсін қиындатып және көптеп төмендетіп жіберді.
Осыған байланысты біздің республикамызда саяси және экономикалық демократия жағдайында тиімді қызмет атқара алатын жаңа бақылау жүйесін құру мәселесі аса қажет болды.
Біздің қоғамымыздың тез арада жылдам дамуына байланысты және жаңа қоғадық қатынастардың пайда болуына байланысты заңдылықта сонымен бірге өзгерістеге ұшырап отырады.
Алдымен біртұтастық билік болу үшін қатаң заңдылық қажет екені белгілі. Біздің ұлттық – ата заңымыздан бастап, қазіргі күнгі ең соңғы нормативтік құқықтық актілерге дейін, бағынып, бағалап, олардың әр бірін білуге және сыйлауға Қазақстан Республикамыздың әр бір азаматы міндеттенеді.
Бүгінгі кездегі көптеген саладағы биліксіздік және басқарусыз қалушылық заңдылық қағидаларын орындамағанның және құқықтық нигилизмнің салдары. Құқықтық тәртіппен және заңдылықты сақтаудың негізі болып , заңды бұзғаны үшін әрбір лауазымды адам мен азаматтардың жеке жауапкершілігі жатады. Бұл жерде сөз бостандығының маңызы зор, егерде ол Конституциялық және басқа да заңдарға сәйкес қолданылса, онда заңдылықта басқа да демократизмге сай болар еді.
Жалпы мемлекеттік басқару деп - мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің, кәсіпорындарының қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі және бұл қызмет түрлері заңдылық тәртіптік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруы тиіс және байланысты болады.
Халықты жалпы құқықтық деңгейде басқару оның барлығы атқару органдарына байланысты. Ал, атқару органдырының қызметін заңды және өз өкілеттік шеңберлерінде жүзеге асыру ол әрине, билік етуші органдардан, жоғары лауазымдық тұлғалардан және үкімет басшылығының байланысы өте тығыз болып келеді .
Олардың мемлекеттік заңдылықты қамтамасыз етудегі қызметі халыққа заң түсіндіруден бастап, азаматтардың құқықтар мен бастандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып саналады.
Яғни, мемлекеттің басқарудағы өзіндік мақсатттары мен міндеттері болады. Басқару ол тек қана демократты түрде билік ету емес ол жалпы белгілі бір мақсатқа жету үшін және белгілі бір мақсаттрады орындауды жүзеге асыратын адамдардың ұйымдасқан қызметі .
Мемлкеттік заңдылықты қамтамасыз етудегі басқарудың мақсаттары жүйені реттеу, жұмысын қамтамасыз ету.
Басқаруда басқару субъектісі және басқару объектісі болады және олардың арасында тура және кері байланыс болады.
Заңдылықты қамтамсыз ету және оның қандай да әдіс – тәсілдері болса да, заңдылықтың дамуы немесе жақсы орнатылуы ол көз алдымыздан өткен жай ғана бейне сияқты. Бірнеше жылдар бұрын Қазақстанның заңдылық жағдайы қандай болса, қазіргі жағдайы ол әр бірімізге мәлім. Басқа мемлекеттерге қарағанда қазіргі еліміздің заңдылықты қамтамасыз ету жағдайы әлде қайда алда және қолайлы. Дегенменде, барлығы жақсы деп баға бергенмен оның ішіндеде айтарлықтай кемшіліктер болып отырады.
Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қажетті түрде қамтамасыз ету және оны жүзеге асыру үлкен саясат болып табылады. Қазіргі шығып жатқан кейбір заңнамаларда бір - біріне қарама қайшылықтар да кездесіп жатады.
Аталып отырған тақырыпты қорытындылай келе мемлекеттік заңдылық - ол жалпы Қазақстан Республикасының болашақта дамуына үлкен өзінің үлесін қосатын, дамыған мемлекеттер қатарына енуге жол беретін, толықтай құқықтық және демократиялық, зайырлы мемлекттер қатарына жатуға жол беретін мемлекеттік саясаттың бір құбылысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет