Мемлекеттік басқарудың әдістері Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (ғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға - бағынышты органдар, ааматтар және т.б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.
Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән:
1) мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды;
2) ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады;
3) мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады;
4) мемлекеттік - биліктік өктем өкілеттіліктер берілген;
5) құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады;
6) жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Басқару міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруда қандайда бір әдістерді дұрыс қолдануға байланысты болады, сондықтан осы әдістерді жетілдіру басқарудың жақсаруын білдіреді. Мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Осыған байланысты олар көбінесе бсқару қызметінің құқықтық нысандарында көрсетіледі.
Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері:
1) универсалды әдістері немесе негізгі: сендіру мен мәжбүрлеу;
2) құқықтық әдістер - практикада қолданғанда заңды салдарға әкеледі, оларға мыналар жатады: тікелей бөлу, ұсыныс, шешу, келісу;
3) құқықтық емес (ұйымдық) - практикада қолданғанда заңды салдарлардың туындауына әкелмейді, оларға мыналар жатады: қаулы, бұйрықтар, түсіндірме, шешімді дайындау; көрмелер, жарнама, шешімнің орындалуын тексеру.
4) басқару ықпалының мазмұны бойынша:
а) моралдық - саяси әдістер - бұл тәрбиелеу, моралдық қолдау, үгіттеу, насихаттау;
б) ұйымдық әдістер - үйлестіру, келістіру, бақылау, субъектінің өз жұмысын ұйымдастыру (нұсқау беру, сілтеу), қадағалау, тексеру;
в) әлеуметтік әдістер - бақылау, эксперимент жасау, байқау, анкета жүргізу, интервью алу;
г) психологиялық әдістер - психологиялық аяу, дәлелдеу, кәсіби іріктеу мен оқыту, бедел;
д) әкімшілік әдістер - әкімшілік юрисдикция, жарлық, бұйрықтар
е) экономикалық әдіс - баға, несие, материалдық қолдау көрсету, сыйақы, жәрдемақы;
Осы әдістердің барлығы бірін-бірі жоймайды, тек бір - бірін толықтырады және әрбір басқару әдісі қандайда болмасын басқару функцияларын ерекше тәсілмен жүзеге асырылуымен сипатталады.
Мемлекеттік басқаруда әкімшілік және экономикалық әдістер маңызды орын алады.
Әкімшілік - құқықтық әдістер - бағынушылардың басқаратындардың еркіне бағынуымен сипатталады, яғни «билік-бағыныштылық» оларда басқару қызметінің биліктік табиғатын өте айқын көрсетеді. Әкімшілік - құқықтық әдістерді пайдалану басқару субъектісінің басқарылатындарға тура ықпал етеді. Бірақта басқарылатындарға әкімшілік әдісті пайдаланып ықпал еткенде басқарылатындардың (бағынатындардың) мүдделерін есепке алмау дегенді білдірмейді, керісіше ғылым олардың мүдделерін ескере отырып пайдалануды ұсынады. Әкімшілік-құқықтық әдістер мемлекеттік қауіпсіздікті, ішкі істерді басқаруда ерекше орын алады.
Әкімшілік - құқықтық әдістердің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
1) көрсетілу нысаны бойынша:
а) әкімшілік -құқықтық - құқықтық нысандарда көрініс табатын;
б) әкімшілік - ұйымдық - басқару субъектісінің ұйымдастырушылық әрекетінде көрініс табады;
2) заңдық қасиеті бойынша:
а) нормативті - нұсқаулар, бұйрықтар, бағынушылардың қызметін реттейтін басқада актілер;
б) жеке - нақты орындаушыға берілетін өкімдер;
3) басқару субъектілерінің мінез-құлықтарына ықпал ету тәсілдері бойынша:
а) нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер;
б) нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер;
в) әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын;
г) қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер;
4) бұйрықтың нысаны бойынша:
а) императивті;
б) тапсырушы;
г) ұсыныстар.
Әкімшілік әдістердің мазмұны:
1) мемлекеттік басқару сферасында міндетті мінез-құлық ережелерін белгілеу;
2) нақты тапсырмаларды бекіту;
3) лауазымға тағайындау;
4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару;
5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу;
6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру;
7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мүдделерін қанағаттандыру;
8) материалдық санкция қолдану;
9) стандарттаржы белгілеу;
10) тіркеу;
11) бақылау мен қадағалау;
12) материалдық және моралдық мадақтау;
13) басқару қатынастарына қатысушылардың дауларын шешу;
14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау;
15) әкімшілік - мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Әкімшілік - құқықтық әдістерден айырмашылығы экономикалық әдістер басқару объектілеріне тура емес, жанама ықпал етеді, өйткені олардың басқару ықпалы материалды стимулдар беру арқылы, қажетті мінез-құлыққа деге ұмтылысын тудыратын экономикалық жағдайларды туғызу арқылы ықпал етеді. Экономикалық әдістердің ішінде баға, табыс, кіріс, несие, шаруашылық есеп маңызды рөл атқарады.
Әкімшілік және экономикалық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Басқарушы субъектілердің қызметін ұйымдастыру процесі - бұл құрылымды бөлімдерді құру және олардың орындауына функцияларын беру, оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, атқарушы билік органдары алдына қойған міндеттеріне байланысты және сәйкес нәтижелерге жету үшін өзінің аппаратын ұйымдастырады.
Басқару процесінде нақты сұрақтар жеке (министрлер, комитет төрағасы), алқалы (алқада, ғылыми-әдістемелік кеңесте) немесе ортақ бірілесіп (2 немесе одан да көп министрліктердің, комитеттердің қатысуымен) шешіледі.