құпиялылық белгісі - беру көзінің өзінде және (немесе) оған ілеспе құжаттамада көрсетілетін, беру көздерінде қамтылған мәліметтердің құпиялылық дәрежесін куәландыратын деректемелер;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат ету - өкілетті лауазымды адамның рұқсатымен нақты адамды мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен таныстыру;
мемлекеттік құпияларға рұқсат ету - азаматтарға мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етілу, ал ұйымдарға - осындай мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізу құқығын ресімдеу рәсімі;
мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру- мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер таратуды және олардың көздеріне рұқсат етуді шектеу жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер көздері - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәлімет нышандар, үлгілер, белгілер, техникалық шешімдер және процестер түрінде өз көрінісін табатын материалдық объектілер, оның ішінде физикалық өрістер;
мәліметтерді құпиясыздандыру - мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мүдделерін көздеп, мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді таратуға және олардың көздеріне рұқсат етуге белгіленген шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесі - мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының, олардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді және солардың көздерін қорғауда пайдаланатын құралдары мен әдістерінің, сондай-ақ осы мақсатта жүргізілетін шаралардың жиынтығы;
мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдары - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, олар іске асырылған құралдар, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғаудың тиімділігіне бақылау жасау құралдары;
мемлекеттік құпияларды жария ету - мемлекеттік құпияларды олармен танысуға құқық берілмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, табыс ету, жіберу, жариялау немесе кез-келген басқа әдістермен жеткізу;