Реферат Тақырыбы: «Мемлекеттік купиялар туралы»


мемлекеттік құпияларды жоғалту



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі17,46 Kb.
#116899
түріРеферат
1   2   3
мемлекеттік құпияларды жоғалту - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің жоғалтылуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығып қалуы, соның ішінде уақытша да шығып қалуы.


2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары мен олардың көздеріне меншік құқығы
Мемлекеттік құпиялар мен мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтердің көздері Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
1. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары;
мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері жатады.
2. Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.
3. Мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызметінің бір түрі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет