Реферат Тақырыбы: Мұғалім мектептегі басты тұлға Орындаған: Амирбек Ақниет Тобы: ҚТӘ-201



бет3/4
Дата19.02.2023
өлшемі40,68 Kb.
#69276
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Амирбек Ақниет Әдістеме СӨЖ

Мұғалім иммиджі.
«Мұғалім - мектептің шамшырағы» дейтін қағидаға сай ұстаздың телегей білімі болуы, адамгершілік білігі, оқыту әдіс-тәсілдеріне жетіктігі әрі белгілі бір жүйелілікті сақтауы, мысқалдап үйретуі, «қойға шапқан қасқырдай өте қызу кірісуі», «парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуі», бос уақыттарында шәкірттерге өте пайдалы, түсінікті, қызықты әңгімелер шертіп, логикалық ойлауын (ұшқырлық, тапқырлық, сыншылдық, дербестік қасиеттерін) жетілдіруі шарт. Сондай-ақ, «балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі», әшекейлі сөздерді, орынсыз терминдерді қолданбау, мемлекет, жер, тіл тағдырын терең ұғынуы, сыртқы түр мәдениеті, дауыс мәнері, лебіз үндестігі (бұлар жүрек пен санаға қатысты), әдеби тіл нормаларын сақтауы қажет.
Ы.Алтынсарин дәстүрін сабақтастырған Спандияр Көбеев: «Ұстаз ұстаз болу үшін ол өзінің алдын көрген шәкірттеріне өмір бойы өнеге көрсетіп өтуі абзал. Шәкіртін тек қана мектепте көрмей, үйінде де, көшеде де қыран көзбен көре білуі керек. Қысқасы, мұғалім оны көзден таса етпеуі дұрыс. Бала - гүл, мұғалім - бағбан. Гүл мезгіл-мезгіл суарып тұрмаса солып қалады, күн көзі түспесе өспейді, оқушы бала да сол секілді. Оны өз кеудеңнің бұлағымен суарып, өз жанарыңның жарығымен өсіруің керек», - дегенінде ұстаздық ұлы қызметтің мәні айрықша айшықты айтылған. [2]
Имидж – ұстазды тәрбиеленушілердің, ұжым мүшелерінің іс-әрекетіне, адамгершілік қасиетіне қарай бағалауы. «Педагогикалық имиджелогия - өз шеңберінде гуманизмнің психология, педагогика, риторика сияқты ғылым салаларымен, оның ережелерімен сабақтасатын, адамға әсер етудің технологиясын зерттейтін ғылым» екенін көреміз. Педагогтің имиджін құру үшін ең алдымен имиджелогия құралдарын қолдану аспектілерін қарастыру керек. Имиджелогияның ең басты ережесі болып келесі постулат: ешқандай имиджелогия шынайылықты ауыстыра алмайды. Ол тек жағымды тұстарын еселеуге көмек беріп, жағымсыз тұстарын бәсеңдетеді. Педагогикалық имидждің басты бөлігі болып келесі:
1.Имиджді жасау ол тек толықтырушы, педагогикалық іс әрекетті ауыстыра алмайды.
2. Педагогикалық имиджді жасау үшін педагогикалық іс әрекеттен бұрын ұзақ көңіл аудару қажет.
3.Коммуникация негізінде қарапайым тіл қажет, қарастыратын мәселенің әрбіреуінің мәні болуы тиіс.
4.Міндетті түрде басқа жақтан эксперттер қажет.

Берілген имиджелогия құралдарын қолдану арқылы, ең алдымен оның стратегиялық бағыттылығы өте қажетті. Имиджелогияның басты міндеті әсер ету тиімділігін жоғарлату, сондықтанда негізгі мәселе мақсатты аудиторияға кілтті тасмалдау кезінде іріктеу тұрады. Имиджелогия бұл жүйелі және мақсатты бағытталған процесс болғандықтан, кездейсоқтық болуға тиіс емес, аудиторияның идентификациясы есепке алынуы тиіс. Имиджелогияда коммуникацияның тереңдетілген деңгейі бар, ол тыңдаушылардың қызығушылығын дамыту тиімділігімен байланысты. Келесі имиджелогияның бөлігі тиімді әсер ету визуалды символдар болып табылады. Визуалды тасмалдау көптеген бірынғай тізбектелген қабылдауларды жасаушы, функционалдық қызметі мидың жарты шарына бағытталған. Мидың оң жақ шарындағы ой - бұл бейне, гештальт. Мұндай ой интуицияға, жорамалдануға негіз бола алады. Социологтар сауалнамасы бойынша визуалды тасмалдау кезінде ең алғашқы кездесу әсерінің мазмұны 9 %, дауыс арқылы 37 %, сыртқы келбеті 54 % қалыптасады. Сондықтанда адамға әсер етудің ең күшті құралы бұл визуалды тасмалдау болады.


Педагогтің имиджелогиясының өзіндік сипаттамасына сәйкес құрамды бөліктері немесе компонентеріне бар, олар кәсіби имиджді қалыптастырушы.
Соның ішіндегі маңыздылары - педагогтің кәсіби құзіреттілігі және эрудициясы, педагогикалық рефлексия, педагогикалық мақсаттылық, педагогикалық ойлау және импровизация, педагогикалық қарым -қатынас болып табылады.[3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет