Реферат Тақырыбы: Мұғалім мектептегі басты тұлға Орындаған: Амирбек Ақниет Тобы: ҚТӘ-201



бет4/4
Дата19.02.2023
өлшемі40,68 Kb.
#69276
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Амирбек Ақниет Әдістеме СӨЖ

Қазақ ұстазы.
Қазақтың халық болып тарамданып, ұлт болып ұйысқанындағы мақсаты
біреу. Ол қазақ қариясының аузынан шығатын «Молда бол, балам» деген бата-тілегі. Осы сөздің түп-төркіні «оқы, қатарыңнан қалма». Ал «молда бол» дегені «мұғалім бол» дегені. Мұны қазақтың маңдайына алғаш боп біткен қос ұстаздың сөзімен түйіндесек те жеткілікті.
Біріншісі - «Қазақ хрестоматиясы» кітабымен кіріп, бүкіл казақ жұртын баураған Ы. Алтынсарин. Мұндайда Ы. Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесіндегі тәлім еске түседі. Бақша аралаған әке мен баланың ортасындағы әңгімеге арқау болған жайт, ағаштың өсуіндегі түзулік пен қисықтық. «Анау ағаш неге түп-түзу, тіп-тік, мынау ағаш неге қисық өскен» деген бала сұрағына әкесі мынадай төрелік айтпаушы ма еді: - Анау ағаш бағу-қағумен өскен де, мынау ағаш еш қараусыз өскен. Сен де осы сияқтысың. Сен де менің қарауымда болсаң, сол түзу ағаш сияқты түзу
өсерсің?». Бұл – халықтық дәстүр, ата дәстүрі, баба дәстүрі. Бұл баланың
мектепке дейінгі тәрбиесі. Бұл – қазіргі айтылып жүрген мектепке дейінгі
мекемеде тәрбиеленетін сәбилерге арналған тәрбие. Демек, ата мен әже
бауыры – мектепке дейінгі бала-бақша десе де болады.
Екіншісі – Алаштың бас ұстазы А.Байтұрсынұлы. Ы. Алтынсарин
кітабынан соң, арада қырық жылдан аса уақыт өтеді. Бұл – басқа уақыт. Білім
алмасаң, ғылым термесең, жаһандануға жұтылатын заман. Осыдан да болса керек, А. Байтұрсынұлы бұлдіршіннің бапталуында кемшін тұстың болмауын
қадағалайды. «Баяншы» деп аталған еңбегінде: «Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.
Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын көңілденіп, оқытуға жаһады зорайып шабыттанады.
Оқу басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сияқты
малтығып, жылжи алмай киналады. Үйретуші сүйреп шығара алмай киналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды» - дейді. Ақиқаты сол, мектепте бала мұғалімге қарайды. Жоғарыдағы атасының айтқаны бар, сол арқылы көкейіне түйгені бар жас бала енді тек мұғалімнен үміт күтеді. Бұл – мектеп үсті тәрбие, мектептің ішінде берілетін тәрбие. Демек, бала отбасынан ұшып, басқа ортаға түсті. Оның ендігі көзқарасы, танымы сол ортаға байланысты қалыптасады. Неге қазіргі орта буын мен аға буынның, тіпті одан да бұрынғы буынның алғашқы ұстазына деген махаббаты шексіз. Себебі әліпбиді таяқ қып ұстатқандығы ғана емес, оның көз алдында алғашқы ұстаз бейнесінің әбден жатталғандығы.
Тәуелсіздік алғанға дейінгі он жылдық пен Тәуелсіздікті
иеленген алғашқы он жылдықта қазақ мұғалімі абыройымен де, ақыл-ойымен
де, мінез-құлқымен де өзгені баурап алатын, өзін үнемі қамшылау үстінде ұстайтын. Мұның өзіндік себебі болса керек. Оларды өткен ғасырдың алғашқы отыз жыл ішіндегі ұстаздар тұлғасы жетелейтін (Жоғарыдағы Ахмет, Әбікейді айтып отырмыз). Ұлы ұстаздардың аманаты алыстан мен мұндалайтын. Өздері өзге дүниеге өгей біреудің өктем үкімімен кеткендігін там-тұмдап тарих деген таутұлға құлаққа еміс-еміс естіртетін. Ішінен тынған арда апа-ағаларымыз бәрін ұстазға телитін.[4]


Қорытынды.
Н.Ә. Назарбаев: ғасырлар мақсаты -қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру деген тұжырым жасады. Болашақтың иесі – жас ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Мектептегі тәрбие білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар, саналы да тәрбиелі, саяси-экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.Д.Бузаубакова, Педагогикалық мамандыққа кіріспе: Оқулық – Тараз, 2020. 7-10 б.

  2. С.Негимов, Ұстаз тұлғасы. Мақала, Егемен Қазақстан газеті.

  3. Алдашева Г.Х.  Педагогикалық имиджелогияның қалыптасу жолдары

  4. Сағындықұлы Б., Қазақ ұстазы:ұстаным мен ұлықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет