Реферат Тақырыбы: Мұғалім мектептегі басты тұлға Орындаған: Амирбек Ақниет Тобы: ҚТӘ-201


Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері



бет2/4
Дата19.02.2023
өлшемі40,68 Kb.
#69276
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Амирбек Ақниет Әдістеме СӨЖ

Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері.
Дүние жүзінде Аристотельден кейінгі «Екінші мұғалім» атанған кемеңгер, шығыс ойшылы, ғалым-энциклопедист әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) орта ғасырда тәлім-тәрбие беру бойынша 200-ге жуық еңбек жазып, баға жетпес мұра қалдырды, ол педагогиканы жеке ғылым деп қарастырмаса да, өз трактаттарында оқу, тәрбие, білім беру және т.б. ұғымдарга анықтама беріп, педагогикалық мамандықтың мағынасын жан-жақты ашты.
Еуропада ең бірінші болып балаларға және мұғалімдерге арналған оқу құралдарын жазған неміс педагогы В.Ратке (1571-1635 жж.) болды. Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.) – көрнекті ағартушы-педагог, орыс алфавитіне негіздеп, қазақ алфавитін шығарушы. Ол мектеп жұмысын сабақ уақытымен ғана шектеп қойған жоқ, сабақтан тыс сағатты енгізді.
Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол киелі мамандық. Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні үйретумен, әлеуметтік-мәдениеттік жағдайлардың нақты талаптарына дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін өмірге дайындап, қоғамдық талаптарға үйретеді. Ал ізгіліктік мақсаты – жеке тұлғаны дамытып, жеке дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі:
1) жаңашылдылыққа деген құлшыныс, инновациялық технологияны меңгеруі – шығармашылық білігі;
2) инновациялық тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау білігі ізденушілік;
3) кәсіби іс-әрекетке талдау жасай алуы, сындарлы ойлауы педагогикалық рефлексияға қабілеттілігі.
Сонымен, педагогикалық мамандықтың мазмұнын педагогикалық әрекет құрайды. Егер бұрын мұғалім білімнің қайнар көзі мен білім беруші ғана болса, бүгінгі күні мұғалім – субъект-субъекттік қарым-қатынас орнатушы басты тұлға.
Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол киелі мамандық. Мұғалім мамандығының маңызды ерекшелігі – ол «Адам-Адам» жүйесінде жұмыс жасауы. Бірақ, ол осы жүйеде жұмыс жасайтын басқа мамандықтармен салыстырғанда оның еңбегінің нәтижесіне тек бір өзі ғана ықпал етпеуімен ерекшеленеді. Яғни, жеке тұлғаның қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан мұғалім мамандығы ұжымдық бастау алады.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет