Қорытынды Сонымен, басқару стилі — бұл басқарушылық бағынушыларға деген
үйреншікті үлгілі тәртібі, яғни ұйымның өз мақсатына жетуі үшін әсер етуі мен оларды
оятуы. Басқарушы өзінің биліктілігін жүргізетін дәрежеге дейінгі өзіне де
қолданылған биліктің типтері және бұлардың бәрінен бұрын оның адамгершілік қарым
қатынас жасауға немесе міндетті орындауына ъқамқорлылығы. Осының бәрі басқару стилін көрсетіп, аталған лидерді сипаттайды. Педагогикалық іс-әрекеттің жеке стилінің қалыптасуына мұғалімнің басқа тұлғаның дамуына көңіл бөлуі, оның қалыптасуына көмектесуге ұмтылуы ықпал етеді. Осы саладағы оңтайлы шешімдерді табуға ұмтылыс адамның жүйке жүйесі мен темперамент типінің күшті жақтарына сүйене отырып және әлсіз жақтарын бейтараптай отырып, өзін-өзі танумен тығыз байланысты педагогикалық шеберлікті жетілдіру үдерісін жеделдетеді, басымды кәсіби-педагогикалық тұрғыдан нақтылайды. маңызды мінез-құлық қасиеті және даралықтың жетекші факторын ашу. Мұғалім оқушыларға өз әрекетін ақтамайды. Осының салдарынан студенттердің белсенділігі төмендейді немесе оны мұғалімнің жетекші рөлімен ғана жүзеге асырады, оларда өзін-өзі бағалаудың төмендігі, агрессивтілік байқалады. Авторитарлық стильде студенттердің күштері білімді игеруге және өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұғалім мамандығына қанағаттанбаушылығымен және кәсіби тұрақсыздығымен сипатталады. Осындай жетекшілік стиліндегі мұғалімдер әдістемелік мәдениетке басты назар аударады, олар көбінесе педагогикалық ұжымда жетекшілік етеді.
Мұғалімнің міндеті – кез келген ұсақ-түйек мәселелерді шешу, оқушының мінез-құлқы мен іс-әрекетін әр жағдайда бақылау. Мұндай мұғалім білім беру барысына әлсіз әсер етуімен және нәтиже үшін елеусіз жауапкершілігімен ерекшеленеді, яғни ол барлық болып жатқан оқиғаларды сырттай бақылаушы сияқты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сатиева Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс). Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2012. – 232 бет.
2. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 286 бет.
3. Ишанов П.З., Бейсенбекова Г.Б. Психологиялық-педагогикалық диагностика негіздері. Оқу құралы. – Қарағанды, ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 206 бет.
4. Даму психологиясы: Оқулық / М.К. Бапаева. – Алматы: 2014. – 440б.
5. Сәбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтмалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 106 бет.
6. Мұқанов Ы.Б. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1991. – 237 бет.
7. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1999. – 160 бет.
8. Бейсенбекова Г.Б., Молдабаева Р.А., Нұрғалиева С.М., Жас ерекшелік психологиясы. Оқу құралы. – Қарағанды. ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012. – 186 бет.