Реферат Тақырыбы: Мидың құрылысы мен қызметі Орындаған: Қайржанова Айдана Логопедия 1 курс Тексерген



бет4/12
Дата31.12.2021
өлшемі43,9 Kb.
#23127
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тапсырма Невропотология (1)

Маңдай бөлігі ми жарты шарының алдыңғы бетін алып жатады және қыртыстың төбе бөлігінен (артында) роланд саласымен және самай бөлігінен (астында) сильвий саласымен шектелген.

Маңдай бөлігі салалар мен қатпарлармен жабылған, олардың ішінде роланд саласына параллельді жүретін прецентральды сала ажыратылады. Олардың арасында алдыңғы орталық қатпар орналасқан. Маңдай аймағының алдыңғы бөлімінде жоғарғы және төменгі маңдай салалары бөлінеді, олардың арасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі маңдай қатпарлары орналасқан. Құрылысы мен қызметіне қарай төменгі маңдай қатпары бірыңғай емес және үш бөлікке бөлінеді: жоғарғы (оперкулярлық), ортаңғы (триангулярлық) және төменгі (орбитальдық). Ми қыртысының бұл аймағы ең үлкен маңызға адамдарда ие болды, өйткені ол сөйлеу қызметімен тығыз байланысты. Маңдайлық конус ең жас аймақ болып табылады.

Маңдай бөлігінің қыртысы ең қалың (2,5-4,5 мм). Оның микроскопиялық құрылысы бірыңғай емес, бұл әртүрлі қызмет атқаратын қыртыс аймақтарын бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Біріншілік моторлық алаңнан (4-ші алаң) пирамидалық жол басталады, ол алдыңғы орталық қатпарда орналасқан. Бұл алаңның алдында 6-шы алаң орналасқан (екіншілік моторлық алаң), ол бір қалыптан екінші қалыпқа ауысуды қамтамасыз етеді. Осы екі алаң тығыз байланыста жұмыс істейді. 4-ші және 6-шы алаңдардың төменгі бөліктері бет, артикуляция, жұтқыншақ бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Ортаңғы бөліктері қолдың қозғалысын, әсіресе саусақтардың майда моторикасын қамтамасыз етеді. Жоғарғы бөлігі аяқтарды жүйкелендіреді. 4-ші алаң, әсіресе оның төменгі бөлігінде, роланд саласына ығысқандығы, ал сыртқы бетінде ол сөйлеу қызметіне қатысы бар төменгі маңдай қатпары аймағын алып жатады (44-ші және 45-ші алаңдар). Артикуляциялық бұлшық еттерді жүйкелендіретін бөліктердің жанында қолдың жалпы және майда моторикасын қамтамасыз ететін қыртыс аймағы орналасқан. Сөйлеу және еңбек – адам қызметінің негізі, өзара тығыз байланысты. Алдыңғы орталық қатпардың аяқтарға импульс жіберетін жоғарғы бөліктері қыртыстың екі жарты шарлар арасындағы ішкі бетіне өтеді. Ортаңғы маңдай қатпарында (4-ші және 6-шы алаңның бет бұлшық еттерін нервтендіретін аймағына сәйкес) 8-ші алаң орналасады, ол бір жаққа қарай бұрылу кезінде бас пен көздің бірлескен қозғалысын қамтамасыз етеді.

Маңдай конусы (қыртыстың префронтальды аймағы) ең жас құрылым болып табылады, ол тек қана адамдарда болады және қыртыстың, қыртыс астының және ми бағанасының барлық бөлімдерімен тығыз байланысты болады. Маңдай конусы жоғарғы психикалық және эмоциялық-ерік қызметінің барлық түрлері үшін жөнелту механизмі болып табылады. Сөйлеу аймағымен тығыз қатынаста болуына негізделіп, маңдай конусы (10-шы алаң) адамның ерікті қызметін, барлық жоғарғы психикалық функцияларын қалыптастырады.



Төбе бөлігі жарты шарының жоғарғы-бүйір бетін алып жатады. Оның шекаралары: алдында роланд саласы, төменгі жағында сильвий саласы, артқы жағында тұрақсыз алдыңғы желке саласы. Төбе аймағының қыртысы маңдай бөлігімен салыстырғанда жұқарақ болады – 1,5-2,5 мм. Роланд саласына параллель артқы орталық қатпар орналасады, ол төбе бөлігінің біріншілік алаңдары болып табылатын 3-ші, 2-ші, 1-ші алаңдарға бөлінеді; бұл алаңдарда беткей және терең сезгіштіктің жолдары аяқталады. Төбе бөлігінің төменгі шетінде 40-шы үлкен алаң (екіншілік алаң) орналасады, онда беткей және терең сезгіштіктің (кинестезия) қабылдау негізінде үйреншікті қимылдар бекітіледі – праксис. Артикуляциялық бұлшық еттер үшін бұл 40-шы алаңның төменгі бөліктері – оральды праксис. Төбе аймағының үшіншілік алаңы (39-шы алаң) төбе, желке және самай аймақтарының түйіскен жерінде орналасады және көру-кеңістік синтезді қалыптастыру (конструктивті праксис) – кеңістікте және дене жобасында бағдарлану сияқты күрделі қызметті орындайды. Төбе аймағының осы бөлігінің қалыптасуы әлдеқайда кеш және мидың көру, есту бөліктерімен тығыз байланыста өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет